III.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта айтқанда, таным процесіндегі субъект – объект, объект – субъект
қатынастары, адамның ой санасы мен сыртқы пактикалық қызмет арқылы
байланысқан. Таным болмыстың жай ғана бейнесі емес, ол адамның
практикалық қызметі барысында іске асады. Таным теориясы адамзаттық
философия тарихын, мәдениет пен ғылым тарихын, техника мен практика
жетістіктерін философиялық жағынан қорытуының нәтижесі. Сонымен бірге ол
қазіргі ғылыми – техникалық революция және жаңаша ойлау жетістіктеріне
сәйкес одан әрі тез қарқынмен дамуда. Қазіргі жағдайда біз таным теориясы
ретіндегі диалектиканың практикалық және теориялық рөлі арта түскенің көріп –
біліп отырмыз. Ақыл парасат, сана – сезім иесі ретінде адамның ең басты
қасиеттерінің бірі — өзін қоршаған ортаны танып – білуге деген ерекше
ұмтылыс. Адам айналасындағы әлеуметтік дүниені, табиғи әлемді танып білу
барысында олардың ішкі құпиясына үнілнді, қасиеттерін анықтайды, даму
заңдылықтарын біледі, өзінің орнын, басқа адамдармен қарым – қатынасын
белгілейді.
Басқаша айтқанда, таным барысында адам өзін қоршаған ортаны игереді, ол
туралы білім кеңейіп, тереңдей түседі; адамның заттар мен құбылыстар туралы
жалпы мәлімет ңшкі мәнге қарай ұмтылып, жүйелі, шынайы білімге айналады.
Ендеше, танымды адамның жаңа әрі тың білімді игеріп, рухани баюы деп
есептеуге болады.
IV.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.
https://malimetter.kz/tanym-gylymi-tanym/
2.
Ғабитов Т.Х., Әбдіғалиева Г.Қ., Байтенова Н.Ж., Исмағамбетова З.Н.,
Алимжанова А.Ш., Мұхамбеталиев Қ.М. «Философия негіздері:
оқулық». – Алматы: ТОО «Лантар Трейд», 2019. – 337 б.
Достарыңызбен бөлісу: |