Ерекше білім алу қажеттілігі ерекше білім беру қажеттілігін анықтау. Ерекше



бет1/7
Дата28.04.2023
өлшемі44,63 Kb.
#87974
  1   2   3   4   5   6   7

ЕРЕКШЕ БІЛІМ АЛУ ҚАЖЕТТІЛІГІ
ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІГІН АНЫҚТАУ. ЕРЕКШЕ
БІЛІМ АЛУДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАР ТОБЫ

Қазақстан Республикасында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға "Денсаулықтарына байланысты арнайы жалпы білім берудің оқу бағдарламалары мен қосымша білім беру бағдарламаларын қажет ететін білім алуда тұрақты немесе уақытша қиындықтарды бар тұлғалар" жатады.


Eрекше білім беру қажеттілігі (ЕБҚ) – бұл көптеген дамыған елдерде кеңінен таралған түсінік.Себебі инклюзивті білім берудің принципіне қарар болсақ, әр оқушы жемісті білім алуы үшін барлық жағдайларды жасауға мектептің назары аударылады.
"Экономикалық ынтымақтастық және жаму ұйымы" елдерінде «ерекше білімді қажет ету» термині психикалық және дене дамуындағы ерекшелік, мінез - құлық пен қабылдауындағы ауытқушылық, үйде және емханада ұзақ мерзімде ем алатын, эмоционалдық проблемалары бар, толық отбасы емес, жетім, зорлық - зомбылық көрген, әскери конфликт аумағында болған балаларға қолданылады. Бұл термин сондай-ақ дарынды балаларға қарасты, яғни бала бойындағы дарындылығын дамыту мен жеке қасиеттерін ашу үшін де кеңінен қолданылады.
Инклюзивті білім беруді дамытудың қазіргі кезеңінде ерекше білім беру қажеттілігінің келесі анықтамасы қолданылады - бұл оқушылардың сапалы білім алуы барысындағы психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік және басқа да көмекке мұқтаждығы. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың төмендегідей топтары көрсетіледі:
1-топ - психикалық және дене дамуында түрлі бұзылымдары бар балалар, олар: көру, есту, сөйлеу бұзылымдары, зияты, тірек - қозғалыс аппараты, психикалық дамуы тежелген және эмоционалды ерік-жігер аясы зақымдалған балалар.
2-топ - оқытудағы ерекше қиындықтары бар, яғни мінез-құлық және эмоциялық проблемалары бар балалар.
Зияты қалыпты балалардың қиындықтары жеке оқу дағдыларын меңгеруде байқалады, олар: оқу, жазу және санау (дисграфия, дислексия, дискалькулия және т.б.). Осы қиындықтар уақытша сипатқа ие және оны балаларға мамандардың тиісті көмегімен жоюға болады. Мінез-құлық және эмоционалдық проблемалар ерекше психологиялық факторлардан . яғни отбасында тәрбиенің бұзылуы, ата-ана мен баланың және отбасы ішілік қатынастың бұзылуы, сонымен қатар дамуындағы ерекше проблемалардың болуынан: гипербелсенділік және толыққанды көңіл бөлмеуден, аутистикалық бұзылыстар спекторы және т.б. құрдастарымен және мұғалімдерімен қарым-қатынас жасаудағы әртүрлі қиындықтардан , олар: енжарлық, тұйықтық немесе жанжалдық, тіл алмаушылық, агрессивтіліктен пайда болуы мүмкін.
3-топ. Әлеуметтік-психологиялық, экономикалық, тілдік, мәдени ерекшеліктерінен туындайтын ерекше білім беруге қажеттілігі туындайтын балалар. Бұл топқа микроәлеуметтік және педагогикалық қараусыз қалған нашар отбасынан шыққан немесе бала тәрибесіне көңіл аудармайтын отбасылардан, әлеуметтік қатерлі топтағы отбасы балалары, ішімдікке, нашақорлыққа жақын ата-аналар, сонымен бірге жергілікті әлеуметке бейімделуде қиындықтары бар босқындар, мигранттар, оралмандар немесе оқу тілін түсінбейтін және бұл тілде сөйлемейтін балалар кіргізіледі.
Eрекше білім беру қажеттілігі бар балаларды мұндай топтарға бөлу мектепте білім алуында қиындығы бар оқушының назардан тыс қалуына жол бермейді. ҚР инклюзивті білім беру принциптерін енгізіп отырған жалпы білім беру педагогтары үшін ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушы - психикалық және дене дамуы бұзылған мүмкіндігі шектеулі бала ғана емес, сонымен қатар оқытуда қиындықтарға тап болған кез келген бала екенін түсінулері маңызды. Психикалық және дене даму бұзылыстары жоқ екінші және үшінші топтағы балалар көбінесе психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңеске жүгінбейді және ол арқылы анықталмайды. сәйкесінше, жалпы білім беретін мектеп балалардың бұл топтарын да өз назарынан қалдырмай және оны уақытында анықтап, оларға көмек көрсетуі тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет