ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН БЕЙІМДЕУ МЖМБС-да белгіленген көлемде және оның сыныпта оқу қарқынына сәйкес оқушы оқу пәнінің мазмұнын меңгеруде қиындықтарға тап болған жағдайда оқу бағдарламаларын қысқартуды (бейімдеу) талап етіледі.
Оқу пәні бойынша қысқартылған / жеке бағдарлама оқу тоқсанына құрылады, оның нәтижелері бойынша келесі тоқсанға арналған бағдарлама жасалады. Оқушының оқу материалын қандай қарқынмен игере алатынын алдын ала болжау қиын, бұл жоспарланғанның ішінде ең үлкен қиындықтарды тудырады. Сондықтан, білім беру үдерісі барысында бағдарламаны түзету қажеттілігі туындауы мүмкін. Бағдарламаны уақытылы түзету үшін үнемі оқушының жетістіктерін бақылау қажет. Ол үшін мұғалім мен қолдау көрсету мамандары қол жеткізген жетістіктерді критериалды бағалауды іске асырады.
ЖҰМЫСТАРЫҢЫЗҒА СӘТТІЛІК
ТІЛЕЙМІН!