Ерекше оқыту қажеттіліктеріне қарай қЫСҚа мерзімдік, орташа мерзімдік және ұЗАҚ мезімдік негізде



Pdf көрінісі
бет30/100
Дата05.12.2023
өлшемі1,39 Mb.
#134441
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   100
 
 
 
 
 
49 


Жалпы білім беру мектебінің педагог-психологына лауазымдық 
нұсқаулық 
1. 
Жалпы ережелер 
1.1. 
Осы лауазымдық нұсқаулық ҚР «Білім туралы» заңына, ҚР Еңбек 
кодексіне сәйкес мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту, жалпы орта және 
қосымша білім беру жүйесінің педагог қызметкерлерінің лауазымдарының 
үлгілік біліктілік сипаттамаларына (ҚР БҒМ 2009 жылғы шілдедегі 
қосымшалармен және өзгерістермен №338 бұйрығы), Даму мүмкіндіктері 
шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру 
бойынша әдістемелік ұсынымдарға (ҚР БҒМ 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 
524 
бұйрығы), Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызмет 
ережелеріне (ҚР БҒМ 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 528 бұйрығы)сәйкес 
әзірленген. 
1.2. 
Педагог-психолог қызметке білім беру ұйымның басшысының 
бұйрығымен тағайындалатын және босатылатын мамандар санатына жатады.
1.3. 
Педагог-психолог Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің
аясында (ары қарай ППҚ) тікелей инклюзивтік білім беруді үйлестірушіге 
немесе Қолдау қызметінің басшысына бағынады. 
1.4.
Педагог-психолог Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің
басқа қызметкерлерімен пәнаралық негізде өзара әрекеттестікте жұмыс 
істейді.
1.5. 
Педагог-психолог өз қызметінде мына құжаттарды басшылыққа 
алады:
-
Баланың құқығы туралы концепция; 

ҚР «Баланың құқығы туралы» заңы; 

ҚР «Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға психологиялық-
педагогикалық қолдау туралы» заңы;
-
ҚР «Білім туралы заңы»;

ҚР «Неке және отбасы», ҚР білім беру мәселелері бойынша заңнамасы; 

БҰ-ның жарғысы;

БҰ-ның жергілікті нормативтік актілері; 

БҰ-ныңі шкі еңбек тәртібінің ережелері; БҰ-ның басшылығының 
бұйрықтары мен үкімдері; 

еңбекті қорғау, қауіпсіздік ережелері және өрттен сақтану ережелері мен 
нормалары; 

осы лауазымдық нұқсаулық; 

еңбек шарты. 
1.6.
Педагог-психолог төмендегі мәселелерді білуі керек:

ҚР Конституциясын; 

БҰҰ балалар құқығы туралы конвенциясын; 

«Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы туралы» заңын; 

ҚР «Білім туралы» заңы; ҚР білім беру мәселері бойынша заңнамасы; 
50 


-
БҰ білім беру үдерісін ұйымдастыруды реттейтін жарғы мен 
жергілікті актілерді; 

кәсіптік және практикалық әрекеттер мәселелері бойынша нормативтік 
және әдістемелік құжаттар; 

жас ерекшелігі педагогикасы мен психологиясын; 

білім беру үдерісінің барлық қатысушыларына (оқушылар және 
олардың жанұясы, педагогтар)көрсетілетін психологиялық қолдаудың әр түрлі
түрлері бойынша заманауи әдіс-тәсілдерді; 
-
білім берудің практикалық психологиясының жаңа жетістіктері. 
1.7.
Педагог-психологтың 36 сағаттық жұмыс аптасындағы жұмыс 
уақытының түзімі төменде берілгендерді есепке ала отырып, білім беру 
ұйымның ішкі еңбек тәртібінің ережелерімен реттеледі:білім беру үдерісінің 
қатысушыларымен оның жұмыс уақытының апталық ұзақтығының 
жартысынан аз болмайтын көлемде жеке және топтық сабағаттық жұмысын 
орындайды. Қалған жүктеме жеке және топтық сабағаттық жұмысқа 
дайындық, алынған нәтижелерді өңдеу, талдау және жинақтау, есептік 
құжаттарды толтыру, сондай-ақ өзінің біліктілігін тікелей білім беру ұйымында 
да, сондай-ақ одан тыс жерлерде де арттыру түрінде болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет