1
ЖОБА
«Ересектерге арналған қосымша білім беру»
кәсіптік стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Ересектерге арналған қосымша білім беру» кәсіптік стандарты
біліктілігін арттыру жүйесінде білім беру бағдарламаларын құруға, оның
ішінде
біліктілікті
арттыру
жүйесі
персоналдарын
оқыту
мен
сертификаттауға арналған.
2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер, анықтамалар мен
қысқартулар қолданылады:
2.1 Ересектерге арналған қосымша білім беру – білім стандарттарының
үздіксіз жетілдіруіне байланысты жұмысшылардың, қызметкерлердің,
мамандардың біліктілігін үздіксіз жетілдіру мақсатында тұлғаның
қажеттіліктерін неғұрлым толық қамтамасыз ету.
2.2 Біліктілікті арттыру институты – үздіксіз білім беру жүйесінде
мамандардың кәсіптік біліктілігін көтеруі және қайта даярлаудың оқыту
бағдарламаларын жүзеге асыратын, әдістемелік жұмыстың тиімділігін
арттыратын білім берудегі инновациялық үрдістерге қолдау көрсететін білім
беру ұйымы.
2.3 Біліктілік деңгейі – күрделілігі, еңбек қызметінің стандарттан басқа
болуы, жауапкершілігі және дербестігі бойынша сараланатын қызметкерлер
құзыреттілігіне қатысты талаптар жиынтығы.
2.4 Біліктілік – қызметкердің белгілі бір қызмет түрі шеңберінде еңбек
міндеттерін сапалы орындауға дайын болуы.
2.5 Ұлттық біліктілік шеңбері (ҰБШ) – еңбек нарығында құпталатын
біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаты.
2.6 Ұлттық біліктілік жүйесі (ҰБЖ) – еңбек нарығы тарапынан
мамандардың біліктілігіне сұраныс пен ұсыныстарды құқықтық және
институционалды реттеу тетіктерінің жиынтығы.
2.7 Салалық біліктілік шеңбері (СБШ) – салада құпталатын біліктілік
деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы.
2.8 Сала – бір типті өнім құруда, өндіріс технологиясы, жұмыс
істейтіндердің негізгі қорлары мен кәсіптік дағдыларында ортақ мақсаты бар
кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығы.
2.9 Педагогикалық қызметкер – білім беру ұйымында/мекемесінде
мұғалім, оқытушы, тәрбиеші, кәсіптік оқыту шебері т.б. есебінде
педагогикалық қызметті жүзеге асыратын тұлға.
2.10 Кәсіби топ – ортақ интеграциялық негізі (ұқсас немесе жақын
міндеттер, объектілер, технологиялар, оның ішінде еңбек құралдары) бар
және еңбек функциялары мен оларды орындау үшін құзыреттіліктердің ұқсас
жиынтығын көздейтін кәсіптік кіші топтардың жиынтығы.
2
2.11 Кәсіптік кіші топ – еңбек функцияларының тұтас жиынтығынан
және оларды орындауға қажетті құзыреттерден қалыптасқан кәсіптің құрамы.
2.12 Кәсіби стандарт (КС) – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік
деңгейіне және құзыреттілікке, еңбек мазмұнына, сапасына және
жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт.
2.13 Кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде
пайда болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін
білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі.
2.14 Еңбек функциясы – еңбек үдерісінің бір немесе бірнеше
міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты іс-қимылдар жиынтығы.
3. Осы кәсіби стандартта келесі қысқартулар қолданылады:
3.1 ҚР – Қазақстан Республикасы.
3.2 БҰЖ – Біліктіліктің ұлттық жүйесі.
3.3 БҰШ – Біліктіліктің ұлттық шеңбері.
3.4 БСШ – Біліктіліктің салалық шеңбері.