Ерғалиева А. Х., Айсабаева Р. М. Бейорганикалық химия зертханалық сабақтарға арналған



бет62/74
Дата06.01.2022
өлшемі1,29 Mb.
#11520
түріСабақ
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   74
5.3 Бақылау тапсырмалары:

1. Қандай химиялық процесс гидролиз деп аталады ? Гидролиздiң мәнi неде ?

2. Судың иондық көбейтіндісі дегеніміз не ? Ол қандай факторға тәуелді ? Стандартты жағдайдағы мәні қандай?

а) 10-1 б) 10-7 в) 10-10 г) 10-12 д) 10-14

3. Ерiтiндiнiң рН–ы деген не ? Оны қалай есептейдi ? Мысал келтiрiңдер.

4. Қандай тұздар гидролизге ұшырайды? Қандай тұздар гидролизденбейді ? Неліктен ? Мысал келтіріп түсіндіріңдер.

5. Мына тұздардың KCN, K3PO4, CrCl3, NaBr, KNO3, Al2(SO4)3 қайсысы гидролизденедi? Гидролиздену теңдеулерiн жазыңдар. Ортаның реакциясын анықтаңдар.

6. Гидролиздену константасы дегеніміз не ? Ол нені сипаттайды ? Қандай факторларға тәуелді ?

7. Гидролиздену дәрежесi деген не ? Ол қандай факторларға тәуелді ?

8. Al2(SO4)3 ерiтiндiсi мен Na2S ерiтiндiсiн қосқанда Al(OH)3 түзiледi. Реакция теңдеуiн жазып, себебiн түсiндiрiңдер.

9. Мына тұздардың қайсыларының гидролизi нәтижесiнде негiздiк тұздар түзiледi ?

а)ZnCl2 б)K2S в)Fe2(SO4)3 г)AlCl3

Реакция теңдеулерiн жазып дәлелдеңдер.

10. Мына тұздардың қайсыларының гидролизiнiң нәтижесiнде қышқылдық тұздары түзiледi? Реакция теңдеулерiн жазып дәлелдеңдер:

а) NaCI б) K2CO3 в) Na3PO4 г) CuSO4

11. Ерiтiндiдегi ОН- иондарының концентрациясы 10-2 моль/л. Ерiтiндiнiң рН анықтаңыз.

12. Ерiтiндiнiң рН = 5. Ерiтiндiдегi гидроксил иондарының концентрациясын

есептеңiз.

13. Мыс сульфатының ерiтiндiсiне қышқыл қосылса, тұздың гидролизi күшейе ме, әлде әлсiрей ме?

14. Натрий сульфидiнiң ерiтiндiсiне сiлтi қосылса, тұздың гидролизi күшейе ме, әлде әлсiрей ме?

15. Тұздың гидролизі қайтымсыз болады, егер гидролиз нәтижесінде түзілсе:

А) әлсіз қышқыл мен күшті негіз

В) күшті қышқыл мен әлсіз негіз

С) әлсіз қышқыл мен әлсіз негіз

D) нашар еритін негіз және ұшқыш, тұрақсыз әлсіз қышқыл

Е) көп қышқылды нашар еритін негіз

16.Тұз ерітіндісі сұйытылған сайын тұздың гидролизі:

А) артады

В) өзгермейді

С) кемиді

D) басында артады, соңында кемиді

Е) басында кемиді, соңында артады

17. Температура жоғарлағанда қай тұздың гидролиздену дәрежесі артады, ал қай тұздың гидролизіне температура әсер етпейді ?
A) Al2(CO3)3 B) Cr2S3 C) CH3COONa D) Na2CO3 E) ZnCO3



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет