20 96 г 20% Н2SО4
0 96 – 20 = 76 г су
б) 20 г 96% Н2SО4–нің көлемін анықтаймыз, ол үшін ерітінді массасын тығыздығына бөлеміз: V 96 % Н2SО4 = 20 :1,84 ≈ 11 мл.
в) Судың тығыздығы 1 г/см3, сондықтан судың көлемі 76 мл-ге тең болады.
г) Сонымен төртбұрыш ережесі арқылы 96% Н2SО4–ның 11 миллилитріне 76 мл су қосса 87 мл 20% Н2SО4 дайындалатындығы есептелді.
д) Енді 500 мл ерітінді дайындау үшін су мен 96% Н2SО4 –нің қандай көлемдерін араластыру керек екенін есептейік. Ол үшін, 500-ді 87 –ге бөлеміз, сонда компоненттерді неше есе артық алу керек екендігі анықталады: 500 : 87 = 5,75 есе артық алу керек:
V96%Н2SО4 = 11 · 5,75 = 63 мл 500 мл 20% Н2SО4
VН2О = 76 · 5,75 = 437 мл.
3.2 Тәжірибелік бөлім
Орындалатын зертханалық жұмыс бiрнеше сатыдан тұрады:
1. Ерiтiндi дайындау үшiн қажеттi есептеулер жүргiзу;
2. Ерiтiндiні дайындау;
3. Дайындалған ерiтiндiнiң тығыздығын (ρэксп) ареометрмен өлшеу;
4. Дайындалған ерітінідінің ареометрмен өлшенген тығыздығына (ρэксп) сәйкес концентрацияны (ωэксп) интерполяция әдісімен есептеу;
5. Зертханалық жұмыстың абсолют және салыстырмалық қателерiн есептеу.
Берiлген проценттiк концентрация (ωтеор) бойынша белгiлi көлемде ерiтiндi дайындау үшiн алдымен есептеулер жұргiзiп ерiтiндiнiң, ерiген заттың, ерiткiштiң массаларын есептеу арқылы анықтап 1-шi кестені толтыру керек. Берiлген проценттiк концентрацияға сәйкес тығыздық (ρтеор) анықтамалық бөлімнен алынады (Қосымша В).
Достарыңызбен бөлісу: |