Әрине, ұстаз жемісі аяулы шәкірттерінің түрлі деңгейлік байқауларда жүлделі орындарға ие болуларымен өлшенеді



Дата18.05.2023
өлшемі14,43 Kb.
#94354
Байланысты:
Менің ұстаздық бақытым


Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі — Ұстаз. «Ұстаз» ұғымы ұлтымыз үшін қашан да қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «Ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады. Ұстаз — әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Қазіргі білім саласында ұстазға артылар сенім мен жауапкершілік өте салмақты. Осы салмақты саланың салмағын біле тұра, жүрек қалауыммен «Ұстаз» деген атқа ие болып, жас ұрпаққа білім үйрету мақсатында педагог мамандығын таңдадым. Қазір өз таңдауыма ризамын, шәкірт көзіндегі ұшқынды көргенде, таңдаудан қателеспегеніме іштей қуанамын. Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі, ұстаздық өнер — тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. Жаңа ғасырға білімді, ұлттық сана-сезімі оянған мәдениетті азаматтар тәрбиелеуде аянбай еңбектене білетін ізденімпаз болу – басты міндетіміз. Уақытта сай болу үшін үнемі оқып, ізденіп, шығармашылықпен жұмыстанамын. Оқушы үшін бойымдағы барымды беріп, барлық білімді жібермей, шәкірттерімді өздігінен білім алуға жетелеуге ықпал етемін. Осы жеткен жетістіктерім менің шығармашылығымды үнемі шыңдап, маған қанат бітіріп отырады.  Әрине, ұстаз жемісі аяулы шәкірттерінің түрлі деңгейлік байқауларда жүлделі орындарға ие болуларымен өлшенеді. Шәкірттерімнің алғысына бөленіп, бар білімімді меңгерте білсем бұл менің ұстаздық сенімімнің ақталғандығы деп білемін. Менің ұстаздық бақытым деп осыны айтуға болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет