5 .Ерігіштік. Ерігіштік – заттың суда немесе басқа еріткіштерде еру қасиеті. Фармацевтикалық тәжірибеде ерігіштік еріген зат мөлшерінің одан дайындалатын қаныққан ерітіндінің мөлшеріне қатынасы ретінде белгіленеді. Фармацевтикалық тәжірибеде ерігіштік кестелері заттың бір массалық бөлігінің еріткіштің қажетті мөлшеріне қатынасы түрінде қолданылады.
Қаныққан ерітінді деп дәрілік заттың еру жылдамдығы мен бөлшектердің тұну жылдамдығы тең болатын ерітіндіні айтады.
Ерігіштікке әсер ететін факторлар:
Дәрілік заттың және еріткіштің табиғаты
Еріген заттың молекулалары немесе иондары арасындағы байланыс күші