Ерітіндіге есептер



бет6/6
Дата05.04.2023
өлшемі27,88 Kb.
#79466
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Ерітіндіге есептер

Электролиз
1.Натрий хлориді балқымасын электролиздегенде 400 г натрий түзілсе,онда анодта бөлінген газдың көлемі(194,8 л)
2.Кальций хлориді ерітіндісін электролиздегенде 5,6 г сутек бөлінсе,онда анодта бөлінген газдың массасы (198,8 г Cl2)
3.Күкірт қышқылының сулы ерітіндісін электролиздегенде анодта 2,5 л газ бөлінсе,онда анодта бөлінген газдың көлемі (5 л H2)
4.12,5 г мыс купорасынан алынған алынған мыс (II) сульфатының сулы ерітіндісін электролиздегенде бөлінген газдың көлемі(0,56 л)
5.Кальций хлоридінің сулы ерітіндісін электролиздегенде анодта 0,448 л газ жиналса,онда көлемі 500 мл ерітіндідегі гидроксид ионының молярлық концентрациясы(0,04М)
6.16,6%-дық 89,76 г калий хлориді ерітіндісін электролиздегенде түзілетін сілтінің массасы мен бөлінген газдардың жалпы көлемі(11,2 г-4,48 л)
7.Көлемі 2 л (р=1,05 г/мл) мыс (II) нитраты ерітіндісін электролиздегенде 6,72 л газ бөлінсе,онда бастапқы ерітіндегі еріген заттың массалық үлесі мен ерітіндінің молярлық концентрациясы(5,37% 0,3М)
8.Құрамында 20,7% натрий хлориді мен 4,3% магний хлориді бар 1м3 (р=1,23 г/мл) ерітіндіні электролиздегенде бөлінетін хлордың көлемі(61,2 м3)
9.188,3 г натрий мен калий хлоридінің қоспасын суда ерітіп,алынған ерітіндіні электролиздеген катодта 33,6 л сутек бөлінсе,онда бастапқы қоспадағы тұздардың массалық үлестері(68,35% NaCl,31,65% KCl)
10.25%-дық 324 г мыс (II) хлориді ерітіндісін электролиздегенде бөлінген газбен массасы 18,4 г темір мен магний қоспасын әрекеттестірсе,онда бастапқы қоспадағы темірдің массалық үлесі(61%)
11.16,6%-дық 89,76 г калий хлориді ерітіндісінің электролизінен алынған ерітіндіге 19,6%-дық 50 г фосфор қышқылын қосқанда түзілген тұздын массасы(17,4 г)
12.Натрийді суда ерітіп,алынған ерітіндіні электролиздегенде анодта 16,8 л газ бөлінсе,онда катодта бөлінген газдың көлемі(33,6 л)
13.8%-дық 400 г мыс (II) сульфаты ерітіндісін электролиздегенде катодта бөлінген өнімді сұйытылған азот қышқылымен өндегенде бөлінген газдың көлемі(3 л)
14.Белгісіз бір валенті металл нитраты ерітіндісін электролиздегенде 1,08 г металл мен 56 мл оттек бөлінсе,онда тұздың құрамындағы металл(Ag)

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет