Еріткіш қатысында «Қарсы ағЫС» Әдісімен стационарлы катализаторда өсімдік майларын төмен температурада гидрлеу


-сурет. Реометрді градуирлеу қондырғысы



бет2/15
Дата27.10.2022
өлшемі0,91 Mb.
#45638
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
1-сурет. Реометрді градуирлеу қондырғысы

Диаметрі әртүрлі капиллярмен (11) резина түтікше арқылы жалғанған манометр (4) газ ағысының 0,1-ден 250 см3/мин жылдамдығын өлшейді.


Қондырғының толық саңылаусыздығына жетіскеннен кейін, градуирлеу үш өлшемді кран (3 ) арқылы жүргізіледі. Ол үшін аспираторды (7) төменгі краны арқылы сумен үш өлшемді кранды (3) атмосферамен жалғаумен толтырады. Аспиратор дайын болған соң реометрді қондырғыға жалғайды. Қысым реттегіште (5 ) белгіленген нүктелерді реометрге ауыстыру үшін насоспен (9) ауа үрлейді. Ауа көпіршіктері бірқалыпты жылдамдықта жіберілуі үш өлшемді түтікшедегі (8 ) қысқышпен реттеледі.Үрленген ауа ағысында қысым пайда болуына байланысты реометрдің манометрлік аяқшасында сұйықтың деңгейінің айырымы анықталып орнықтырылады. Бұл операцияларды жүргізгенде аспиратордағы үш өлшемді кран атмосферамен байланыста болады. Градуирлеуді бастағанда аспиратордағы үш өлшемді кранды 1800С –қа айналдырып аспиратормен жүйені байланыстырады. Сол кезде реометрдегі деңгейлер айырымы өздігінен нольдік деңгейге келгенше тосады. Содан кейін қайтадан аспиратордың төменгі кранынан суды ағызу арқылы берілген нүктеге реометрдің деңгейін келтіріп, тұрақтандырғаннан кейін өлшегіш циллиндрге бір минутта суды жинайды. Жылдамдықты үш рет өлшейді де, орташа шамасын алады. Су жинау барысында аспиратордағы сынап құйылған манометрдегі (1) көрсеткіш бірқалыпты деңгейде болу керек. Аспиратордан алынған судың көлемі бойынша қондырғы арқылы өткен ауа ағысының жылдамдығын есептейді. Реометрдағы деңгейдің айырымын аспиратор көмегімен өзгертіп, ауа ағысының жылдамдығына сәйкес келетін бірнеше нүктелерді алады. Жылдамдықтың аралық мәндерін анықтау үшін абцисса осіне реометрдің манометрлік түтікшесіндегі деңгейдің айырымының мәнін сызғышпен өлшеп, ал ордината осіне ауаның көлемдік жылдамдығының мәндерінің арасында график салады. График түзу сызықты тәуелділікте болады. Осы график арқылы ауа жылдамдығының барлық аралық мәндерін анықтайды. Графиктен алынған мәндермен реометрдегі сандық шамалар нақтыланады.

әл-Фараби атындағы Қазак Ұлттық Университеті






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет