Ержанова Ұ. Р



Pdf көрінісі
Дата21.01.2017
өлшемі161,72 Kb.
#2356

 

МАХАМБЕТ  БАБА ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ ТІЛДІК ҚҰРАЛДАР 

     

                                                                               Ержанова Ұ.Р. 

Орал қ.  

                 

Халқымыз  қанша суырыпсалма, сөзге шешен дегенімізбен, көне мұраларды, мысалы, ХҮ-ХҮІІІ 

ғасырлардағы  жыраулар  мектебінің  өзіндік  жаттау,  елге  жаю,  тарату  дәстүрі  болғаны  күмәнсіз. 

Өйткені,  бұл  мұралар  ауызша  дәл    біз  танығандай,  көне  дүниелерді  бойына  сақтай  отырып,  бүгінге 

жетпес  еді.  Ал  ол  көне  дүниені  есте  сақтаудың,  таратудың,  кейінгі  ұрпаққа  жеткізудің  өзіндік  тілдік 

құралдары мен амалдары болғаны сөзсіз. Мысалы, Махамбет баба өлеңдеріндегі «Қоғалы көлдер, қом 



сулар», (бірде  құм сулар)  «Балдағы  алтын  құрыш  болат»,  «Еңсесі  биік  боз  орда»  т.б.  жолдар,  тіпті 

тұтас орамдар мен шумақтар одан бұрын өмір сүрген Доспамбет, Шәлгез, Қазтуған  жырауларда да сол  

күйінде қайталанады. Махамбеттің де өз қайталаулары да бар екенін ұстаған жөн:   

«Мен құстан туған құмаймын, 

Бір тұлпарға жұбаймын. 

Мен ақсұңқардан туған құмаймын, 

Бір сұңқарға жұбаймын». Немесе,   

«Шамдансам, шалқамнан түсер асаумын.   

Шамырқансам, шатынап сынар болатпын.   

Шамдансам, шығар асаумын,  

Шамырқансам, сынар болатпын».  т.с.с. 

Махамбет баба - жорық жыршысы. Сол себептен, оның поэзиясының тілі, сөздігі, лұғаты сонау 

Ноғайлы  заманының  жауынгер  жырауларының  жырларымен  ұқсас,  сарындас.  Әрине,  Доспамбет, 

Шалкиіз,  Қазтуған  және  т.б.  жыраулар  тек  жаугершілікті,  елін  -  жерін  қорғауды,  жорықты  ғана 

жырлады десек, дұрыс болмас еді. Бірақ олардың басқа  туындылары ұмытылып, тек халық үшін ғана 

өзекті болған - азаттық, ел қорғау, жұрт болуды қозғаған өлеңдері ғана сақталған.   

Махамбет баба хат таныған, көне жазба дәстүрден мол хабары бар адам болған. Оған Махамбет 

ақынның жинақтарында беріліп жүрген өз қолымен жазған хаты мен арызы дәлел болады. Оның үстіне, 

соңғы деректер қазақ арасындағы жазба дәстүрдің тым әрі де жатқандығын көрсетеді.   

Бүгінгі  күнге  дейін  зерттеушілер  көрсетіп  келген  көркемдік  құрал  ретінде  қарастырылып  келе 

жатқан буын, ұйқас,өлең өлшемі, мәтіндегі тыныс пен интонация мәселелері басты-басты мәтін түзуші 

тілдік  белгілерге  ерекше  назар  салып  қараған  орынды.  Сондай  тілдік  белгілердің  біріне  өлең 

жолдарында көптеп кездесетін - риторикалық сұраулы сөйлемдермен келген өлең түзілімдері жатады. 

Барша  жұртқа  белгілі  

                                            «Ереулі атқа ер салмай, 

                                            Егеулі найза қолға алмай, 

                                            Еңку – еңку жер  шалмай, 

                                            Ерлердің  ісі  бітер  ме?...  сияқты  болып  келетін  тілдік  түзілімдер    өте 

көп.  Риторикалық  сұраулы  сөйлемдердің  жауабы  күтілмей,  сол  сөйлемнің  өзі  өз      сұрағына  жауап 

болып келетін эмоциональды-экспрессивті хабарларды жеткізеді.   

Махамбет  баба  өлеңдерін  тарихи-көркем  хроника  деп  атауға  болады.  Олай  деп    атауымыздың 

басты себебі - жақ түрінің немесе жіктік жалғауларының қолданысына байланысты. Өлең жолдарында 

айтсаң \айтсақ, өлтіріп\ өлтіртіп, сияқты әр түрлі ауытқулар кездеседі. Мысалы, Исатайды өлтіріп\ 

Исатайды  өлтіртіп  т.б.  Осы  жолдардың  бірде  өткен  шақ  көсемше  тұлғасында,  бірде  өткен  шақ 

ырықсыз  етіс  тұлғасында айтылуы  мәтінде  мағыналық  айырмашылықтардың  туындауына  әсер  еткен. 

Өткен шақ ырықсыз етіс формасы – Махамбет өлеңдері мәтінінің басты түзуші белгілерінің бірі.   

Махамбет  ақын  өзіне  дейінгі  заманның  ықпалы  мен  әсерінен,  сол  заманның  эстетикалық 

нормасы  мен  талап-талғамынан алысқа  кетпеген,  сондықтан  да  дәстүр  жалғастығы,  жыраулар  тілінің 

ерекшеліктері  сақталуы  да  мәтінтүзушілік  белгілердің  қатарынан  табылады.  Мысалы,  ақынның 

дидактикалық  сарындағы  шешендік-толғау  өлеңдерінің  есімшенің  -ар  -  формасы  бірде  анықтауыш 

болып келуі (Баптап мінер күн қайда?), енді бірде баяндауыш етістік болып, тармақтық ұйқас жасауын 



(Қарындас қалса, жай табар) айтауға болады. Сондай-ақ, мен сөзі бастан-аяқ қатысатын ерекше тілдік 

көрініс.  Ол  -  еді  көмекші  етістігімен    тіркесіп  келуі  арқылы  мәтін  түзуге  үнемі  қатынасатын    тілдік 

бірліктер.  Бұл  Махамбет  баба  өлеңдеріндегі  ең  басты  тілдік  ерекшеліктер  болып      табылады.  Өлең 

мәтіндерінде жақсыз сөйлемдер жоқ. Негізінен  І жақтан  сөйленеді: 

                  

  

Жазға бір ай қалғанда,   



Аласапыран болғанда,   

Бөліне көшкен елдерді   

Бөріккен қойдай қылармын. 

Жарыла  көшкен елдерді   

Жаралы қойдай елдерді   

Жаралы қойдай қылармын.   

Махамбет өлеңдеріндегі Ы,І дыбыстарының ауытқуларын Қ.Жұбанов көрсеткен. Кірме  сөздерге 

байланысты  тілдік  ауытқуларды  Р.Сыздықова  ХІХ  ғасырдың  ІІ  жартысы  алдыңғы  кездегі  Махамбет 

дәуіріндегі кезеңдерді ауызша тілді синтездеу дәуірі  деп атады. «Бұрынғы жыраулар мектебі  әлсірей 

түсіп, қазақ әдеби тілінде жаңа элементтер пайда болды» деп  көрсетеді.   

Соңғы  зерттеуші  ғалымдар  Ғ.Әнестің  көрсеткен  тілдік    ерекшеліктері  -  тарихи  фон    мәселесі 

болды. Махамбет баба өлеңдеріндегі жер-су атаулары, тарихи есімдермен қатар, сол кездегі әлеуметтік 

жағдайды танытатын тұрмыстық, материалдық, лексика элементтері тарихи фон тудырып тұрғандығын 

көруге болады:   

Ақсүйек, сұлтан, Байеке,   

Әкім болған сен едің,   

Алдыңа келіп арыз айтар,  

Қас қарашың мен едім.  

Сондай-ақ,  Махамбет  баба  өлеңдеріндегі  Еділ,  Жайық,  Нарын,  Исатай,  Жәңгір  хан,  қараша, 



сұлтан,  әкім  т.б.,  атаулар  тарихи  фон  тудырған    онимдер.  Уақыт  өте  келе  сөздің    лексикалық 

мағынасында тарылу, кеңею, ауысу  сияқты түрлі морфологиялық, фонетикалық   ерекшеліктер  пайда 

болатыны белгілі.    

Еділді  көріп  емсеген,    

Жайықты  көріп   жемсеген   

жолдарындағы  емсеген,  жемсеген  -  сол  кездегі  сөйлеу  тілінің  ерекшелігін,  әрі  тілдік   

қолданысты көрсету арқылы тарихи фонды анығырақ көрсетеді. Кермиығым,керіскендей  шандозым, 

кескекті ердің сойымын, жедінің оны құралай, құлағың сенің серек деп, шаба  алмайды бөжектеп, 

күшіген  жүнді  оқ,  адырнасын  ала    өгіздей  мөңірету,  қутолағай    бастану  -  т.б.  тыңдаушы  үшін 

түсініксіз сөздер. Бұл сөздер  нақты заттық-оқиғалық фонда  пайда болған жекелеген тұлғалар, жер-су 

аттары, ұғым атаулары уақыт өте келе көмескі  тарта береді. Осыдан келіп жаңа буын өкілдеріне бұны  

түсіндіру, ұғындыру проблемалары  келіп  туады.   

Сөз болып отырған Махамбет баба өлеңдеріндегі тілдік белгілердің көпшілігі, әсіресе,          ХІХ 

ғасырдағы әскери терминология, тұрмыс-салт, бұйым атаулары сол кездегі актив қордан пассив қорға 

өткен.  Ақын  өмір  сүрген  кездің    өзінде  көнеленген,  пассивтенген  лексикалық  тұлғалар  мен 

грамматикалық элементтердің, бір сөзбен айтқанда, ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдеби тілінің ерекш 

үлгісі – жыраулар тілі поэзиясына ақпарат беретін  тілдік құралдар болып  табылады. 

 

Әдебиеттер 



 

1.Р.Сыздықова.  «Сөздер  сөйлейді!» Алматы,  Ғылым,  1993 ж,  165 б. 

2.Ғ.Әнесов.  Махамбет  өлеңдерінің текстологиясы.  2005 ж.   

3.Қ.Жұбанов. «Қазақ тілі  жөніндегі зерттеулер. 2006  ж.    

 

 



 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет