115
№859 жаттығу.
Банк салымшыларға қысқа мерзімді салым бойынша 3,5%
жылдық сыйақы төлейді (салым жыл сайын 3,5% ға өсіп отырады). Бір жылдан
соң салымшы 207000 тг алса, ол банкке алғашқыда қанша теңге салған?
Есептің шартын түсіндіруде оқушыларға мұғалім
проблема тудыруды 21-
кестеде көрсетілгендей арнайы сұрақтар қою арқылы арқылы түсіндіреді.
Шешуі.
Банктың бастапқы пайызын 100 пайыз деп есептейміз.Ол жылдық
3,5 пайызға өссе 103,5% болады.
100+3,5=103,5%.
207000/1,035=200000 тг.
Жауабы:
Бірінші салым 200000тг.
Кесте 21 - Есепті сұрақтар қою арқылы түсіндіру
Мұғалімнің әрекеті
Оқушылардың әрекеті
Сұрақ: Жаттығу тапсырмасын оқып, онда
айтылған
мәлімет не туралы екенін
анықтаңыз.
Жауап: Салымшылардың ақшасын сақтау
және қарыз алушыларға несие беру туралы.
Сұрақ: Бұл
ақпараттар қандай мекеме
қызметімен байланысты және ол мекеменің
қызмет ерекшеліктері қандай?
Депозит ұғымын қалай түсінеміз?
Жауап: Банк. Ол несие беру,
ақшаны
сақтайтын мекеме.
Депозит бұл банкке салынған ақшадан
үстеме пайда алу.
Сұрақ:
Қарастырылып
отырған
есеп
шартында банк салымшыға қанша пайызбен
жылдық сыйақы төлейді?
Жауап: Қысқа мерзімді салым бойынша 3,5
пайыз жылдық сыйақы төлейді.
Сұрақ:
Банктің қаржылық қызметті
атқарудағы түпкі мақсаты қандай екенін
түсіндіріңіз.
Жауап: Банк ақшаны жай ғана сақтамайды,
оны пайда табу мақсатында пайдаланады.
6-сынып математика курсында «Қатынастар және пропорциялар»
тарауы
бойынша «Мәтінді есептерді пропорцияның көмегімен шығару» тақырыбы
оқытуда оқушыларды мәтінді есептерді шығаруға үйрету карастырылады.
Бірінші ереже бойынша берілген санның процентін табу үшін:
процентті
өрнекпен өрнектеу керек, берілген санды осы бөлшекке көбейту керек, яғни
100
P
b
a
=
Мұндағы,
а
- берілген 100%-ке сәйкес сан,
Р
- пайыздар,
b
-берілген сандық
пайызға сәйкес мәні.
Екінші ереже бойынша берілген пайыз бойынша санды табу үшін:
1) пайызды бөлшекпен өрнектеу керек;
2) берілген мәнді осы бөлшекке
бөлу керек яғни
100
P
a
b
=
Мұндағы,
а
- пайыз бойынша табылатын 100 %-ке сәйкес сан,
b
- пайызы
берілген сан,
Р
- пайыздар. Бұлар пайыздың негізгі формуласы. Осы
формулаларды пайдаланып төмендегі мысалдарды шығарамыз.