Ермеков Саят Рақымбайұлы Баймуратова Жайна Абилхасимовна Практиканың барлық түрін орындауға арналған



бет11/18
Дата04.05.2023
өлшемі137,17 Kb.
#89890
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18
Байланысты:
Әдістемелік нұсқаулық практика каз (1)

5. Дипломалды ПРАКТИКА
5.1 Практиканың мақсаты мен міндеті

Дипломалды практика дипломдық жұмыс (жоба) бойынша қажетті материалдар мен құжаттарды таңдап жинақтау, нақтылы технико-экономикалық және өндірістік материалдарды талдау, жеке тапсырманың есептерін орындау үшін, химия мамандығына байланысты ғылыми-зерттеу элементтерді меңгеру мақсатында оқыту жүзеге асырылады. Диплом алдындағы практика білім алушылардың университтегі ең соңғы кезеңдері. Ол білімнің нығаюына мүмкіншілік береді, сонымен бірге мемлекеттік емтихан тапсыруға мүмкіншілік береді. Дипломдық жұмысқа көп септігін тигізеді.


Дипломалды практика ең соңғы семестрде өндірісте жүргізіледі. Ғылыми - зерттеу институттарында, жобалау институттарында, оқу орнының ғылыми зертханаларында өтеді.
Бұл практиканың негізгі мақсаты практика өткен өндіріс орындарына да байланысты:

  1. Технологиялық процесті оқу, оның қондырғысын бақылау, тіршілік қауіпсіздігіндегі сұрақтарды қамту, өндірістің экономикалық жетістіктері;

  2. Өндірістің белгілі бір жеріндегі бір жұмысты бақылау;

  3. Жобалау-құрылыстық немесе зерттеу жұмыстарын ойлап табу;

  4. Дипломдық жұмысты (жобаны) жүргізуге керекті материалдар жинақтау;

  5. Практика уақыты 15 апта.



5.2 Практиканың мазмұны
Білім алушыларды оқытып үйрету келесі формаларда өткізіледі:
-жоспарлы-экономикалық бөлімінің өндірістің перспективті даму жоспарын құруға қатысу;
- білім алушылардың дипломдық жұмысының тақырыбына қатысты технологиялық, химиялық агрегаттарының, конструкцияларының, еңбекті қорғау мен тіршілік қауіпсіздігінің, қоршаған ортаны қорғаудың сұрақтарын оқып үйрену;
-өндірістік жүйе мен объектілерді жобалауды, бизнес жоспарлауды, өндірістік кәсіпорынды жобалауды іске асыру жағдайында негізгі шешімдерді рәсімдеуге білім алушыларды практика жүзінде дағдыландыру.
Білім алушылар кәсіпорындармен басқарудағы жоба құрылымын, технологиялық және жөндеуге арнайы жабдықтармен қамтамасыз ету барысындағы қызмет көрсететін тұлғаның жауапкершілігін шектеу жүйесін жасауда және сапалық менеджмент жүйесінде, өндірісті басқару және ұйымдастыруда, негізгі технологиялық процестермен қалыптастыруы қажет. Шикізатты жеткізу мен өнімнің өтімділігін ұйымдастыру бойынша ұсыныстар енгізу.
Білім алушылардың ұйымның бас жобалаушысымен, құрылыс капиталы мен перспективті даму бөлімінің басшысымен қосарлана артқарған жұмыс жоспары. Кәсіпорын бастығының ұсынысы бойынша жүзеге асырылатын жаңа технологиялық процестер мен жабдықтардың әртүрлі вариантының жалпы міндеттерімен танысу. Есеп беруде мазмұн үлгісі көрсетілуі қажет.
Технологиялық есеп түрінде ұйым мен өндірістерді диверсификациялау үшін қажетті материалдық және энергетикалық ресурстар, өнім номенкулатураларын кеңейту, ұйымның технологиялық және өнімділік жаңа стандарттарын енгізу. Интеллектуальды қызметтің нәтижесінен өндірістің меншіктілігінің заңдылығын бекіту бойынша патенттік қызметі. Ұсынылған кәсіпорынның қызмет түріне бизнес жоспар.
Зауыт (кәсіпорын), оның тарихы.
Құрылымы, жалпы сипаттамасы. Кәсіпорынның негізгі технологиялық процестері.
Зауыт қабылдайтын шикізаттардың, отындардың және энерготасымалдаушылардың көздері.
Негізгі цехтар мен өзара байланыс. Қосымша цехтар. Кәсіпорын мен басқару ұйымы. Кәсіпорынның негізгі көрсеткіштері. Кәсіпорын жұмысының тиімділігі (рентабельность).
Қойылған мақсатқа орай дипломалды іс-тәжірибеде мынадай сұрақтарды білу керек:
Өндіріс туралы жалпы түсінік
1. Орналасу орны, географиялық жағдайы.
2. Цехтар арасындағы технологиялық және шаруашылық байланысы.
3. Шикізат және материал көзі.
4. Өнім алушылар.
5. Энергоресурстар көзі: су, шаруашылық ішуге, қайтарымды, бу, ластанған ауа, оттегі, отын ресурстары, электр энергия.
6. Жол өнімі, материал, зауыттың ішкі өнімі.
7. Өндірістің зертханалық рөлі, өнімді шығарудағы техникалық бөлінуді бақылау.
8. Тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыздандырудағы ұйымдык жұмыс.
9. Өндірістің даму деңгейі.


Өндіріспен танысу

  1. Цехтың өндірістік қуаты, технологиялық жігінің саны, өнімнің өнімділігі.

  2. Қолданылатын шикізат пен жанама материалдар, энергоресурс пен мөлшеріне мінездеме.

  3. Процестің технологиялық тәртібі.

  4. Аналитикалық және автоматикалық бақылау параметрлерін реттеу, КИП спецификасы, бақылау жүйесі мен автоматтандыру.

  5. Жұмыстың құрылыстық принципі, негізгі аппаратгық және жанама қондырғының, олардың техникалық мінездемесі (құрылыстың материал өнімділігі, мүжілуден сақтану, өлшемдері, т.б.), құрылыстық және механикалық есептеу әдісі, цехтың электр қондырғысына сипаттама.

  6. Шикізаттың шығын коэффициенті, материал, энергоресурс, шикізатты қолдау деңгейі, оның көтерілу жолы.

  7. Бағдарламаға сай тіршілік қауіпсіздігін орындау.

  8. Өндірістік қалдықтарға сипаттама (іркінді су, газ, қатты калдықтар), оларды залалсыздандыру, қайта қолдану, тастанды заттарды азайту жолы.

  9. Өндірістік бөлмелердің, цехтардың қабырғасы, ауданы, жарықтандырылуы, баспалдақтарына көңіл аудару.

  10. Өндірістің проблемалары, оларды шектеу жолдары.

  11. Экономиканы оқу, өндірісті ұйымдастыру және жоспарлау.

  12. Дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбына сәйкес аналитикалық шолу жасау.

  13. Инженердің немесе мастердің жұмысымен танысу.



Ғылыми зерттеу және жобалау ұйымдарындағы практика. Ұйымға жалпы сипаттама

  1. Берілген аймақтағы немесе Республикадағы химиялық өнеркәсіптің алдына қойылатын тапсырмаларды орындаудың мәні мен орны.

  2. Басқару жүйесінің құрылысы.

  3. Өндіріспен байланысы.

  4. Патенттік және жаңалық қызметінің жұмысы.

  5. Зерттеу зертханасының жұмысы. Негізгі ғылыми - зерттеу бағыты, жобалауға арналған берілген өнім, зертханалардағы қауіпсіздік жұмыстарын қамтамасыз ету.

  6. Жобалау бөліміндегі жұмыс: есептеу, олардың байланысы, зерттеу зертханасымен байланысы, жобалауға арналған тапсырма мазмұны, жобалау бөлімінің негізі.

  7. Білім алушылардың өзіндік жұмысы ретінде әдебиеттік шолу мен патенттік лицензиялық ізденіс есептеледі.



Дипломалды практика бойынша экономикалық ұйымдық сұрақтар
Білім алушылар практиканы өту кезінде техникалық сұрақтармен қатар экономикалық және ұйымдық бөлім бойынша сұрақтар жинайды.
Практика уақытында білім алушы мынандай сұрақтармен танысып, оқып және есеп беруі тиіс.

  1. Өндірісті басқару жүйесімен бөлек және жалпылама түрде танысу.

  2. Цехтың жұмыс істеу тәртібі: үзілісті, үзіліссіз, жұмыс күнінің ұзақтығы, жұмыс істеу кезегі, кезек саны, жанама цехтарды ұйымдастыру және жоспарлау. Шаруашылық жөндеуі.

  3. Цехтың техникалық кәсіптік қаржылық жоспарын құру.

  4. Жылдық өнімнің қажеттілігін орындау.

  5. Шыққан өнімге баға беру.

  6. Дивидент және акция.

  7. Өндірістегі маркетинг қызметі.

  8. Цехтағы еңбек сұрақтары мен еңбек ақысы. Кезекшілік кестесі, жұмыс уақыты, еңбек ақысын төлеу жүйесі, т.с.с.

  9. Цехтағы аймақ мәдениеті, ауданы, қондырғылар спецификасы, әр қондырғыға бөлек сипаттама және бағасы. Жол транспорты мен темір жол транспортының бағасы.

  10. Өнімнің өзіндік құнын жоспарлау. Өнімнің шығынына ерекше көңіл бөлу, жанама материалдар мен отынның энергетикалық шығынын анықтау.

  11. Пайда және тиімділігі. Пайданы бөлу жүйесі.

  12. Экономикалық тиімділік.

  13. Цехтағы есеп.

  14. Танысу, оқыту, есеп беру, іс-қағаздарына тапсырыс.



Тіршілік қауіпсіздігі бойынша дипломалды практика

Диплом алдында болатын практика кезінде білім алушы дипломдық жұмысқа сәйкес тіршілік қауіпсіздігі бөліміне қажетті материал жинау керек.


Осы мақсатта білім алушы өндіріспен танысып, оның өндірістік тазалыққа сай немесе сай емес, яғни ережелерді бұзатын жағдайға көңіл бөлуі керек. Цехтағы жұмыс, жұмыс беріктілігініің көтерілуіне, қауіпсіздік ережеге, өрттің алдын алу іс-шараларына да көңіл бөлу керек.
Болашақ маманның ең негізгі шарты еңбек жұмысына қауіпсіз жағдай туғызып, кауіпсіздік ереже талабына сай жұмыс істеу керек. Тіршілік қауіпсіздік бөлімін орындаған кезде, диплом алдындағы практикадан жинаған нақты материалдарды қолданғаны жөн. Диплом алдындағы практика өтетін білім алушы жұмыс жасап жатқан қондырғының нақты зияндылықтарын білуі тиіс. Қондырғы мен технологиялық процеспен жақсылап танысып, мемлекеттік стандартқа сай, ереже мен нормаға сәйкес келетінін көру керек.
Білім алушы желдеткішпен, жарықтандырумен, өндірістік орнымен, дауыс, у-шу болмауын, жол көліктерімен, жүйемен, қысым астындағы ионды сәулелендіруден қорғану, электр тогынан қорғану мәселесін де қарастыруы қажет. Зиянды, улы өндірісте әсіресе желдеткіш мәселесіне көп көңіл бөлінгені дұрыс. Қалдық су мен қалған газ қалдыктарына да, тазалық сақтауға да қарау керек. Жарылғыш және өрт өндірістерінде берілген категорияға, класқа осы өндіріс сай ма, сай емес пе оған да көңіл бөлу керек. Сонымен қатар жарылғыштан қорғануға қолданылатын электр қондырғысын, технологиялық жарылғыштан қорғануды, механикалық қондырғы, тарпа жүйелерін қарастырған жөн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет