5.3 Жеке тапсырма
Әрбір білім алушыға жетекшінің шешуі бойынша кәсіпорынның инновациялық дамуына, кәсіпорынның материалдық және энергетикалық ресурстарын пайдалануға, қосымша материалдар мен негізгі және қосымша жабдықтардың конструкцияларына қатысты тапсырмалар беріледі.
Жеке жұмысты орындау барысында білім алушы кәсіпорынның ғылыми- зерттеу бағдарламаларына қатысуы қажет. Жұмыстардың көлемі мен толықтылығы оқу процесіндегі практикаға байланысты. Жеке тапсырманы беру барысында білім алушының қабілеттілігі, теориялық дайындығы ескеріледі.
Есеп беру құрылымының үлгісі
Практика кезінде өткен тақырыбы бойынша есептің көлемі 20-30 беттік текстен тұрады.
Есеп келесідей сұрақтарды қамтиды:
зауыттың құрылымы және тарихы;
белгілі технологияларды, материалды, шикізатты және энергетикалық базаны диверсификациялау деңгейін, өндірістің инновациялық дамуын қамтамасыз етілуін сипаттап жазу;
күрделі жөндеу құрылысы мен перспективті даму бойынша қазіргі кездегі жүргізілген ғылыми техникалық талқылауды сипаттау;
қазіргі кездегі зауыттық және объектті төтенше жағдайларға жалпы перспективті және жетілдірілген бақылау жоспары, оларды жою жоспары, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау саясатындағы сапалы менеджмент жүйесін сипаттап жазу;
кәсіпорын объектісіндегі экологиялық бақылау мен ішкі мониторинг жоспарын өңдеу сатысында табылатын жоспарлар, қоршаған ортаны қорғау іс-шаралары бойынша жоспар, эмиссиялы бақылау графигі жоспары, жер қыртысының, ағынды сулардың ластануы, кәсіпорындағы шығарылып тастау көзінің паспортизациясы, ластанған заттардың эмиссиялық жоспары, кәсіпорында экологиялық есеп беруді жүргізу.
Есеп беру соңында міндетті түрде пайдаланылған әдебиеттердің тізімі келтіріледі.
6. Практика нәтижелеріне сипаттама
Практика есеп берумен (отчет) аяқталады. Есептің мазмұны мен көлемі практикалық жұмыс жоспарының бағдарламасына сәйкес бекітіледі. Қорғауға есептен басқа өндірістен бекітілген жетекшінің қолы қойылған, мөрмен расталған жетекшінің мінездемесі бар күнделік, жеке тапсырма бойынша рефераттар, конспекттер, конструкторлы-технологиялық құжаттар болуы қажет.
Практика бойынша күнделік пен есеп (отчет) білім алушының практикасының бағдарламасы бойынша орындауына есеп берудің бірден бір негізгі құжаттары болып табылады. Білім алушы практика кезінде күнделікті, бағдарламаны, жеке тапсырмасы бойынша орындалуын қысқа және ұқыпты жазуы тиіс. Күнделікте қойылған қол таңба мөрмен бекітіліп, барлық бөлімі толтырылуы қажет. Күнделікте практикаға келген және кеткен күндерінің нақты мезгілі туралы белгілері кәсіпорынның мөрімен бекітілген болуы қажет.
Білім алушыға есепті құжаттарды рәсімдеп аяқтауға практиканың соңғы күндері 2-3 күн беріледі. Білім алушыға қорғау нәтижесі бойынша сараланған баға «өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық» және «қанағаттанарлықсыз» деген төрт баллды жүйе бойынша қойылады. Практика бағдарламасын орындамаған, жұмысы туралы теріс пікір алған немесе қорғауда «қанағаттанарлықсыз» баға алған білім алушы практикаға студенттік демалыс кезінде (оқудан тыс уақытта) қайтадан жіберіледі.
Білім алушының елеулі кемшіліктері байқалса (себепсіз келмей қалуы, еңбек және пән тәртібін бұзуы, теріс мінез-құлық көрсетуі, т.б.), онда оның жоғарғы оқу орнында оқуды әрі қарай жалғастыруы туралы мәселелері қарастырылады.
Практика бойынша күнделіктер мен есептер кафедрада 3 жыл аралығында сақталуға тапсырылады. Жеке тапсырмалар бойынша жинақталған материалдар курстық және дипломдық жұмыстар (жобалар) үшін, ғылыми техникалық конференцияларға баяндамаларды дайындау үшін қолданылады.
Білім алушының өздігінен өндірістік тапсырманы орындауы мен машықтануына кәсіпорында орындалған жұмысы бойынша жұмысшы мамандықтың разрядына ие болуына емтихан тапсыру ұйымдастырылады.
Практика кезінде орындалған курстық және дипломдық жұмыстармен (жобалармен) жалғасатын жұмыстың өзектілігі мен практикалық бағыттары жас мамандарды жұмыспен қамтамасыз етуде және оларды жауапты жұмысқа, магистратураға ұсыну барысында есепке алынады.
Практика бойынша есептерді қорғау комиссиямен қабылданады.
Практика нәтижелері баллды-рейтинг жүйесімен бағаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |