Ермеков Саят Рақымбайұлы Баймуратова Жайна Абилхасимовна Практиканың барлық түрін орындауға арналған



бет5/18
Дата04.05.2023
өлшемі137,17 Kb.
#89890
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
2.2 Практиканың мазмұны

Білім алушыларды оқыту келесі формаларда жүзеге асырылады:


- кафедра зертханаларындағы сабақтар;
- компьютерлік сабақтар;
- кеңестер,талқылаулар және т.б.
Білім алушылар компьютерлік бағдарламалармен текстік, сызба құжаттарды және қолданбалы есептерді құруды үйренуі қажет.
Мұнан басқа қосымша кәсіпорындарға экскурсия ұйымдастыруы мүмкін. Экскурсия кәсіпорынның негізгі бөлімдері бойынша құрылымдарымен, бөлімдердің функциялары және бекітулерімен, негізгі қондырғыларды, құрал жабдықтарды қолданылуымен және жүктердің тасымалдануымен таныстыруды қарастырады. Есеп беруде мысал ретінде экскурсияның мазмұны төмендегідей келтіріледі.
Өндіріс. Жалпы сипаттамасы мен перспективасының дамуы.
Қазақстандағы химия, химиялық технологиялар мен өндірістік аймақтар үшін өндірістердің мәні.
Фармацевтикалық ұйымның мақсатын, міндеттерін және миссиясын анықтау, ұйымдық құрылымымен, басқару үрдісімен ұйымдастырылу құқықтық формасының ерекшіліктеріне сәйкес танысу жұмысы.
Өндірістердегі қолданылатын шикізаттар, отындар және энергия тасымалдау көздері.
Негізгі бөлімдер, құрылымы және өзара байланысы. Қосымша бөлімдер. Кәсіпорындармен басқаруды ұйымдастыру. Кәсіпорындардың негізгі көрсеткіштері.
Практика кезінде білім алушылар фосфор қосылыстары, реактивтік тұздар, синтетикалық жуғыш заттар өндірістерін аралап, криминалистикалық техника, дактилоскопиялық зерттеу, соттық сараптама, соттық фотосуретте қолданылатын техникалық және технологиялық құрылғы мен жабдықтардың техникалық, технологиялық мінездемесімен, олардың технологиялық негіздерімен және жалпы қоғамдық-саяси жұмыстарымен танысуы.
Фармацевтикалық кәсіпорындарда дәрілік нысандарды дайындаудың технологиялық процестерімен танысуы; өндіріс жағдайында дәрілік заттарды өндіруде қолданылатын өндіріс технологиясын, процестер мен аппараттарды зерттеуі.
Практика кезінде білім алушылар криминалистикалық техника пәні бойынша алған білімдерін іс-тәжірибемен ұштастыра отырып негізгі қағидалары мен негіздерін үйренуі.
Практика кезеңінде тәжірибеден өту базаларының цехтары мен зертханаларына, бөлімдеріне топсеруен жасау арқылы зерттеу жұмыстары мен пәнаралық сабақтарын практикамен ұштастыра отырып білім беру бағдарламасына деген көз қарастарын кеңейту және біліктіліктерін арттыруға үйрену.
Білім алушылардың практика барысында кафедраның ғылыми жұмыс жоспары мен бағдарламасының тақырыптық бағыты бойынша жұмыс жүргізуге, ғылыми жаңалықтар мен жаңа экспериментальді нәтижелер алуға үйренеді. Білім алушылардың тікелей кәсіпорындарда болуы өндірістердің спецификалық сұрақтарын оқып үйрену және дұрыс түсінуіне көмектеседі. Сонымен қатар білім алушылар жеке тапсырмаларды, бөлімдердің құрылымы мен жұмысын ұйымдастыруды орындайды және өндірістердің басқа өнімдер шығаратын бөлімдерінде болып танысады.
Білім алушы практика барысында:
-кәсіпорындағы технологиялық процестерімен танысады;
-тікелей өндірістік бөлімдерде жүзеге асырылатын технологиялық процестермен танысады;
-текстік және графикалық құжаттарды заманауи құралдармен жинақтауды меңгереді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет