Ермеков Саят Рақымбайұлы Баймуратова Жайна Абилхасимовна Практиканың барлық түрін орындауға арналған



бет8/18
Дата04.05.2023
өлшемі137,17 Kb.
#89890
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
Байланысты:
Әдістемелік нұсқаулық практика каз (1)

3.3 Жеке тапсырма

Жетекшісі әрбір білім алушыға практика өтетін кәсіпорындағы процестердің технологиясы туралы сұрақтарды, яғни жеке тапсырма береді.


Білім алушы жеке тапсырманы орындаған кезде тапсырмаға қойылған сұрақтарын зерттейді, зерттеп жатқан объектінің кемшіліктерін қарастырады, оны жақсарту үшін ұсыныстар ұсынады. Жеке тапсырманы өткізу кезінде білім алушылардың теориялық дайындық деңгейін, қабілетін есепке алады.
Маман деңгейінде техникалық мәселелерді өз бетінше шешу дағдыларын алу үшін студентке бірінші апта ішінде университеттің практика жетекшісі кәсіпорын басшысымен келісілген жеке тапсырма бөледі. Тапсырма жобалау немесе зерттеу сипатында болуы керек. Егер жеке тапсырма көп жұмысты қажет етсе, онда оны орындауға бірнеше студенттер тартылуы мүмкін.

Жеке тапсырма мыналарды қамтиды:


1) зерттеуге тапсырма қою;
2) бастапқы деректер;
3) қойылған міндет бойынша техникалық әдебиеттерге шолу;
4) қойылған міндетті шешудің ұсынылатын жолдары;
5) қажетті графикалық материал.


3.4 Есеп беру құрылым үлгісі

Практика кезінде өткен тақырыбы бойынша есептің көлемі 20-30 беттік текстен тұрады.


Есеп келесідей сұрақтарды қамтиды:

  • өнеркәсіптің құрылымы және тарихы;

  • шығарылатын өнімдердің ассортименті;

  • кәсіпорындағы цехтың негізгі жабдықтарын суреттеу: қолданылатын

жабдықтың конструкциясының сызбасы, оның құрылысы, белгілері және қолданылуы;

  • жүргізілетін физика-химиялық әдістер сипаттамалары;

  • сот сараптамасы бойынша жүргізілетін талдау әдістері;

  • газды тазалау және шаңды ұстап қалу жабдықтары, кәсіпорында

қоршаған ортаны қорғау ұйымы.
Есептің соңында міндетті түрде қолданылған әдебиеттің тізімі көрсетіледі.
Практика нақты өндіріс орнында өндірістің жұмыс құжатында көрсетілген технологиялық процестермен танысудан, жұмыс орнында нұсқау алудан басталады. Сонан соң 3-5 күн аралығында барлық технологиялық тізбекті шикізат қоймасынан өнім коймасына дейін өтіп шығу қажет. Бір кезде өндіріс туралы жалпы мәлімет алынады, өндіріс жабдықтарының орналасуымен, олардың арасындағы байланыстармен танысады, материалдық және жылулық ағымдар анықталады.
Өндіріс орнының технологиясымен қоса білім алушы оның басқару құрылысымен, еңбек басқару жұмысымен, жұмыскерлердің санымен, өнімнің өзіндік құнының құрылымымен танысады, өндіріс орнындағы мәліметтермен маслихаттарға қатысады. Өндіріс орнында кем дегенде 1-2 бөлімдерінің технологиялық тәртіптеріне, негізгі және қосалқы жабдықгарын білумен қоса белгілі бір жұмыс орнын меңгеруді үйреніп дағдылануы қажет.
Барлық жұмыс орнында немесе белгілі бір жұмыс орнында білім алушылар меңгеретін мәселелер:
1. Пайдаланатын жабдыктармен ыңғайлы жұмыс істеу. Экономды және энергосыйымдылығын азайту мақсатында орналастыру тәртібі, жабдықпен қамтамасыз ететін ұйым туралы мәліметтер, жабдықтардың құрылымы, маркасы, өлшемдері, құрылымдық материалдар туралы мәліметтер;
2. Қосымша жабдықтардың маркасы, түрі, қосу үлгілері, оларды жүргізу және тоқтату тәртібі;
3. Технологиялық белгіленген тәртіптің қалыпты жағдайдан ауытқу себептері, процесті тұрақтандыру үшін жасалатын шаралар;
4. Өнеркәсіп қызметкерлерінің технологиялық тәртіпті, процесті жетілдіру бағытындағы ұсыныстары;
5. Технологиялық процесті бақылау, шикізат пен өнімнің стандартқа сәйкестігін тексеру үшін қолданылатын химиялық анализдер әдістері;
6. Процесті автоматты түрде бақылау және реттеу үшін қолданылатын жабдықтар туралы мәліметтер;
7. Өндірістегі еңбекті қорғау жұмысын ұйымдастыру, оның өрт-қауіпсіздігіне, зияндылығына байланысты тұжырымдылығы, процестерді қауіпсіз жүргізу әдістері, өнеркәсіпте қолданылатын жеке дара қорғану бұйымдары;
8. Аппаратчиктің негізгі міндеттері, жұмыс дәптерін толтыру үлгісі, смена ауыстыру және қабылдау.
Білім беру бағдарламасы бойынша курстық жұмыс жасау үшін кажетті мәліметтер.

  1. Өндірістің өнім шығару мөлшері, қарастырылып отырған жылдың бірінші жартысындағы өнім көлемі;

  2. Технологиялық процестерде қолданылатын косалқы заттар құрамы;

  3. Материалдық және жылулық ағындар;

  4. Шикізаттар, қосымша заттар, бу, табиғи газ жұмсау шамасы;

  5. Негізгі және қосымша жабдықтардың толық сипаттамалары (өнімділігі, өлшемдері, құрылымдық заттар);

  6. Негізгі және қосымша жабдықтарды, насостарды, желдеткішті (вентилятор), бактарды, құбырларды және т.б. есептеу;

  7. Технологиялық үлгінің сызбасы, берілген аппараттың сызбасы;

  8. Белгілі бір деңгейде жабдықтарды орналастыру жоспарын жасау, қабат киындылар көрсету. Мүмкіндігінше осы сызбаларда негізгі жабдықтар түсу керек.

  9. Газ күйіндегі тастандылар, ағынды сулар, қатты күйдегі өндіріс қалдықтары,оларды пайдалану, бейтараптандыру,залалсыздандыру, көмбелеу әдістері.

Барлық осы мәліметтерді білім алушы өзінің жеке бақылау нәтижесінде және өндірістегі бар құжаттармен танысу арқылы жинақтайды.
Семестрде білім алушылар «Ғылыми зерттеу жұмыстарын жоспарлау және қою», «СҒЗЖ» деген пәннен курстық жұмыстар жасайды. Оған қажетті мәліметтерді жеке тапсырмаға байланысты жинақтайды.
Семестр соңында білім алушы оқу зерттеу ғылыми жұмыстары нәтижесінде курстық жұмыс орындайды. Осыған қажетті мәліметтерді әдеби-патентті ізденіс нәтижесінде практика кезінде жинақтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет