· жартылай төсек тартып жату режимі (безгектің толық кезеңі барысында).
· диета: №13 үстел, бөліп жылу ішу (сүтті-өсімдік диетасы).
· науқастың гигиенасы – ауыз қуысының, көздің шырышты қабықшасының күтімі, мұрынды тазалау. Мұрынға 0,9% NACL ерітіндісін 1-3 тамшы тамызу; мұрыннан бөлінетінді білтенің көмегімен тазалау немесе грушамен сорып тастау қажет.
Дәрі-дәрмекпен емдеу [1-4,6,8,11-17]:
Дәрі-дәрмекпен емдеу [1-4,6,8,11-17]:
· 38,50С жоғары асқын қызыну синдромын тоқтату үшін:
- парацетамол 10- 15 мг/кг кем дегенде 4 сағат интервалмен, үш күннен артық емес ауыз арқылы немесе per rectum немесе ибупрофен 5-10 мг/кг дозасында тәулігіне 3 реттен артық емес ауыз арқылы.
· Бактериялық асқынулар дамыған жағдайда бактерияға қарсы препараттар болжамды және/немесе бөлінген қоздырушыға қарай тағайындалады.
· Жеңіл тамақтың ісініп ауыруы кезінде (1 дәрежелі жұтқыншақ стенозы):
– будесонид ингаляциялық небулайзер арқылы 2 мл физиологиялық ерітіндімен: 1 айдан жоғары балалар – 0,25-0,5 мг, бір жастан кейін – 1,0 мг бір реттік доза түрінде; 30 минуттан кейін ингаляцияны қайталау; доза жай-күй жақсарғанға дейін әрбір 12 сағат сайын қайталана алады.
· Обструктивті синдром барысында:
– дозаланған аэрозолды ингалятордан спейсер арқылы сальбутамолмен ингаляция.
NB! Ингалятордың себуші басын спейсерге бағыттау және 2 рет (200 мкг) басу. Сосын спейсердің тегісін баланың ауызына жақындату және ол 3-5 қалыпты дем алу жасағанға дейін күту.
NB! Ингалятордың себуші басын спейсерге бағыттау және 2 рет (200 мкг) басу. Сосын спейсердің тегісін баланың ауызына жақындату және ол 3-5 қалыпты дем алу жасағанға дейін күту.