Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
СӨЖ тапсырмасы
Тақырыбы:Ерте жастағы балалардың психофизикалық даму мониторингі
Логопедия 2 топ
Орындаған:Темирова Ақнурис
Тексерген:Даурамбекова А.А
Ерте жастағы балалардың психофизикалық даму мониторингі Даму мониторингі. Бұл – бала жалпы және нақты даму салаларында,яғни, ірі және ұсақ моторика(қимыл-қозғалыс), танымдық, тілдік, әлеуметтік-эмоциялық дағдылар, сонымен қатар, өз-өзіне көмектесу және өз-өзін реттеу дағдылары тұрғысынан ілгері қалай жүріп жатқанын бақылаудан тұратын,үздіксіз, үйге барып қараған сайын жүзеге асырылатын әрекет. Тізім түрінде көрсетілген даму кезеңдері патронаж қызметкеріне баланың даму үдерісі балалардың көпшілігінің даму жолынан ауытқығанын анықтауға көмектесетін құрал береді. Бала дамуына мониторинг жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың (GMCD) көмегімен мониторинг жүргізу. Бала тәрбиелеушілерге ашық сұрақтар қою арқылы сұхбат жүргізуге арналған осы құрал балалардың дамуына мониторинг жүргізу және қолдау көрсету үшін, сонымен қатар, дамудағы ауытқушылықтарды ерте анықтау және түзеу үшін жасалды. Ол экспрессивті (бейнелі) және рецептивті (түсіну) тілмен, ірі және ұсақ моторика дағдыларымен, әлеуметтік дағдылармен, ойын және өз-өзіне көмектесу дағдыларымен байланысты салаларды өлшейді. Бірқатар елдерде осы жаңа құралдары пайдалануға үйретілген мамандар бар. Баланың дамуына мониторинг жүргізу және «алдын алу ұсыныс-кеңестері», яғни, ата-аналарға баланың даму барысында әрі қарай не болатынын және әрі қарайғы даму қадамдарына септесуде ата-аналар қандай рөл ойнайтынын түсінуге көмектесу – үйге барып қарау кезінде жасайтын жұмысыңыз. Осының барлығын бала мен ата-ана үшін таныс ортада жасаған дұрыс.
Кіші жастағы балалар өмірінің алғашқы жылдары ең жылдам дамиды, бірақ бізге балалар түрлі жылдамдықпен дамитыны көбірек мәлім. Бір жастағы баланың белгілі бір сөздік қоры болады, ал екіншісі тек ым-ишараның көмегімен ғана тілдесіп, бірақ, екі жасында кенеттен толық сөйлемдермен сөйлесе бастайды. Бір балалар 10-11 айлығында жүре бастаса, олардың көптеген құрдастары әлі еңбектеп жүреді.Кейде шектеулі мүмкіндіктер немесе даму ауытқушылықтары көзге айқын көрінеді. Мұндай жағдайда патронаж қызметкері ретіндегі жұмысыңыздың маңызды бөлігі болып кіші жастағы балалардың ресми бағалаудан өтуіне және мейлінше тезірек араласу шаралары түрінде көмек ала бастауына қол жеткізу табылады. Бұл – дамуы өзгеше балалардың аман-саулығын және әлеуметтік инклюзиясын кепілдендірудің маңызды шарттарының бірі. Өзге жағдайларда сіз өзіңіз байқағаныңыз немесе ата-аналар сізге айтқаны даму ауытқушылығының бастапқы белгісі екеніне сенімді болмауыңыз мүмкін. Бірақ, сіз отбасына қайта келесіз, сол кезде де сенімділік пайда болмаса, онда келесі кездесуді ертерек мерзімге жоспарлаған жөн болар. Балалар ауруханасына сырқаттану немесе өзге қызметтер алуға (мысалы, өсу мониторингі, екпе салу) барғанда, уақыт тығыз, дәрігерлер асығыс, ал балалар өзіне таныс ортадан тыс болатын жағдайға қарағанда, сіз бала тұратын үйде болғанда, бала мен оған қарайтын адам арасындағы қарым-қатынасты асықпай бақылауға, сонымен қатар, ата-аналардың баласының даму саласындағы жетістіктері туралы және оларды толғандыратын сәттер туралы әңгімесін тыңдауға мүмкіндігіңіз болады. Баланың мінез-құлқындағы немесе әлеуметтік-эмоциялық дамуында қандай да бір ауытқушылықтарды және/немесе бөгелістерді бірінші болып байқайтын сіз бола аласыз.