Ерте жүктіліктің алдын алу Мақсаты : Жас жеткіншектер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу.
Форма: әңгіме, сұхбат
Қатысқандар: 8-9-10-11 сынып қыздары
Күні: 23-25.01.2023ж
Жиналыста дәріс оқығандар:
1. Мектеп медбикесі – Жетібаева Жанар
2. Мектеп психологтары – Жетпісбай Сымбат, Базанова Эльвира
1. Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады? Ерте жүктілік немен қауіпті? Мектеп медбикесі – Жетібаева Жанар сөйледі. Медицицнада 18 жасқа дейін болған жүктілік ерте жүктілік деп саналады. Жүктілік кезінде ағза күшейген тәртіпте жұмыс істейді – жүрек-қан тамыры, эндокриндік жүйе және ішкі органдарға үлкен жүктеме артылады. Бұның қиындығы жасөспірімнің гормондық қайта құрылуы жүктілік қайта құрылуға жүктелгені. Жасаналарда көбінесе плацентарлық тапшылық, анемия, токсикоздар болады. Қыз балалардың ағзасы осындай жүктемелерге әзір емес! Ерте жүктіліктің негізгі проблемасы бұл жыныстық тәрбие туралы білімінің жеткіліксіз болуы, не болмаса тәрбиенің мүлдем жоқтығы.
2. Ерте жүктілік деген не? Мектеп психологтары – Жетпісбай Сымбат, Базанова Эльвира сөйледі. Ерте жүктілік деп 13-19 жаста болатын жүктілікті айтады. Осы уақытта қыз балаларда өтпелі жас кезеңі басталып, гормондық қайта құрылу жүреді. Көптеген отбасыларда бұл тақырыпқа әңгіме қозғалмай, жабық күйде қалады. Бірақ бұл дұрыс емес. Негізінен,жоспарланбаған жүктіліктің 90% отбасындағы тәрбиеге және қарым-қатынасқа байланысты келеді. Яғни ана мен қыз баланың өзара қатынасы бұзылса, қыз бала«әдейі» бәрін кері істейді. Ерте жүктіліктің қандай профилактикасы бар? Проблемамен күресудің ең үздік тәсілі – проблемадан сақтану.
Әңгіме барысында қыздар өздерінің ойларындағы сұрақтарын қойып, сұрақ-жауап, пікір алмасуға ұласты. Қыздармен әңгіме өз деңгейінде өтіп, қыздар өздеріне қажетті мағлұматтар алды. Болашақта қыздармен әңгіме, жеке кеңес, жиналыстар өткізілу жалғастырылсын.