Ерте мектеп жасқа дейінгі балалардың психологиялық ерекшеліктері



бет4/6
Дата16.05.2022
өлшемі58,74 Kb.
#34656
1   2   3   4   5   6
Зерттеудің міндеттері:

  1. Әр түрлі балаларды тәрбиелеу ісінде бір мезгілде болып отыратын процестерді жете түсініп олардың ауытқуларын психо- физиологиялық тұрғыдан толықтыру мүмкіндігін тудырып отыруды ұйымдастыру.

  2. Мектеп жасына дейінгі мүмкіндіктері шектелген балаларға психологиялық көмек көрсету жолдарын қарастыру .

  3. Мектеп жасына дейінгі мүмкіншілігі шектелген балалардың әлеуметтік ортаға тез икемделіп араласып кетуін ұйымдастыру.

Педагогика, физиология, педиатрия ғылымдарымен қатар балалар психологиясы да баланың психикасының дамуын зерттейді. Балалардың жас ерекшеліктері үш кезеңге бөлінеді: Бірінші кезең – ерте балалық шақ - туғаннан бастап үш жасқа дейін; Екінші кезең – балалық шақ – үш жастан бастан он жасқа дейін; Үшінші кезең – ересек шақ. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы балалар психологиясының құрамдас бөлігі болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы олардың туғаннан бастап жеті жасқа дейінгі дамуының психикалық ерекшеліктерін зерттейді. Балаларды психологиясы бір жас ерекшелігінен екінші жас ерекшелігіне өту кезеңіндегі ерекшеліктер қарастырылады. Сонымен қатар, психикалық процестердің жеке өздері ғана емес, олардың пайда болуы мен қалыптасу мәселесі де зерттеледі. Психикалық дамуды психикалық процесс жаңа сапалар мен қызметтердің пайда болуымен қатар, бар психикалық формалардың түрленіп өзгеруі деп түсінеміз. Психикалық даму әрекет, тұлға, таным үшеуінде өзара байланысты болатын сандық және сапалық өзгерістер. Сонымен, психиканың дамуы – өткенді қайталау ғана емес, сонымен қатар, күрделі, бірте-бірте сапасы артып, өзгеріп тұратын процесс. Психикалық даму өсіп қана қоймай, түрлене де алады, бұл жағдайда сандық өзгерістер сапалық өзгерістерге айналады. Жаңадан пайда болған сапалар өз кезегінде сандық өзгерістерге әкеледі. Психология ғылымында психикалық даму қоғамдық-тарихи тәжірибе тұрғысынан қарастырылады. Баланың психикалық дамуы үшін адамзаттың бойына жинақтаған қоғамдық-тарихи тәжірибесі маңызды. Ағзаның құрылымы мен жұмыс істеуі балалардың жеке ерекшеліктеріне байланысты. Психикалық даму толыққанды болу үшін ми қыртысы мен жоғары жүйке жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі маңызды. Миға зақым келуі немесе дұрыс дамымауы өз кезегінде психикалық дамуды тежейді. Сондықтан, баланың іште жатқан кезінен бастап барлық жағдай жасалуы оның қалыпты дамуының кепілі. Баланың психикасының дамуы ортаға да тәуелді. Бала өзінің белсенді әрекеті арқылы әлеуметтік тәжірибені меңгереді. Әлеуметтік тәжірибені меңгеру арқылы бала қабілеттерге ие болады. Балалардың психикалық дамуының негізгі механизмі әлеуметтік, әрекеттің тарихи қалыптасқан түрлері мен формалары болып табылады. Қоғам әлеуметтік-тарихи тәжірибені мектепке дейінгі білім беру мекемелері арқылы жүзеге асырады. Бала туғаннан бастап әлеуметті ортаға тап болады. Қоғам баланы адамның қолымен жасаған затттар арқылы білім, біліктілік, дағдыларды меңгеру 6 процесінен табысты өтуге үйретіп қана қоймай, тұлғаның тәрбиесіне де көңіл бөлінеді. Үйрету, тәрбиелеу, дамыту үнемі өзара тығыз байланысты.[6.55]



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет