Тіктеді ұлтым еңсені.
Қауіптің бәрін еңсерді.
Арқада шаһар салғызды.
Жазуын көне алғызды.
Бәйтерегін тұрғызды.
Қырғауыл сонда құндызың.
Қазаққа мойын бұрғызды.
Осының бәрі Елбасының еңбегі.
Шешімін тапқан істің мың.
рықша атап өткеніміз абзал.
төрт жылдағы бағыты айқындалды.
нышты күндер көп болсын.
№135 (2913)
30 қараша 2016
5
zangazet@mail.ru
1 желтоқсан — тұңғыш президент күні
Себебі, Нұрсұлтан Назарбаев қиын
шақта ел басқарудан жасқанбаған, тәу-
елсіз ел ретінде тыңнан түрен салған-
дай соны істерге бастамашылық жа
саудан қорықпаған жан. Азат ел ретінде
алғашқы қадамын басқан елдің бағда-
рын дәл табу оңай шаруа болмағаны
түсінікті. Сонда да болса Елбасының
заман лебін түсініп, жаһандық дамуға
тез бейімделгенін аңғару қиын емес.
Елбасының жыл сайынғы жолдау
ларынан елге деген жанашырлықты
дәл аңғарасың. Әр жылды қорытын-
дылап, келешекке мықты жоспар құра
білетін салиқалы саясаткердің жол-
дауынан ешбір сала тыс қалған жоқ.
2015 жылғы 30 қарашадағы халыққа
арнаған Жолдауында Қазақстан Пре-
зиденті тәуелсіз мемлекет атанғаны-
мыздың 25 жылдығына аяқ басқалы
тұрғанымызды айта келіп: «Бұл – тәу-
елсіздікті нығайту жолындағы өлшеу
сіз еңбегіміздің ширекғасырлық бе-
лесін қорытындылайтын мерейлі сәт.
Тәуелсіздікті баянды ету оған қол жет-
кізуден де қиын. Мемлекеттігіміздің
тұғырын мызғымастай нығайта түсу
үшін бізге әлі талай өткелі күрделі,
өкпегі көп бұралаң жолдардан өтуге
тура келеді», – деген сөзінен халықтың
болашағына деген алаңдаушылықты
сезінбеу ағаттық болар. Ал, сол алаң-
ды азайтып, Елбасы армандағандай
әлемнің озық отыз елінің қатарына
қосылу үшін біздің әрқайсымыз ортақ
мақсаттың орындалуына үн қатуымыз,
үлес қосуымыз керек. Осы істің алға
ілгерілеуіне судья ретінде біз қалай
көмектесе аламыз?
Жалпы, тәуелсіздік алғалы бері
қазақстандық сот жүйесінің сапа-
лық жақтан өскенін айтып, пікір біл-
діретіндер көп. Былтырдан бері ел
азаматтары арасында жүргізілген сау-
алнама нәтижесі де ел азаматтарының
75 пайызының отандық сот құрылы-
мына сенетінін жеткізді. Бұл үлкен
көрсеткіш. Жақсы нәтиже. Өйткені, 25
жылдың ішінде сот саласында қолға
алынған бастамалардың, ұсынылған
реформалардың барлығының артында
«халық сенімінен қайтсек шығамыз?»
деген сұрақтың тұрғаны анық. Осы
уақытқа дейін атқарылған жұмыстар-
дың барлығы ел игілігіне қызмет етті.
Мемлекет басшысы үшінші биліктің
мәселесін ешқашан күн тәртібінен
түсірген емес. Соның арқасында кеше
жалдамалы ғимараттарда отыратын
сот ұжымдары бүгін еңселі, биік ғи-
мараттарда, заманауи құрылғылармен
толық жабдықталған сот залдарында
ақ пен қараны таразылап, әділ шешім
шығаруға қол жеткізді. Судьялардың
тәуелсіздігіне кепілдік беру мәселесін
де алғаш рет ел талқысына ұсынған
Президент болатын. Шын мәнінде, сот
шешімін шығарарда судьяның тәуелсіз
болуы, сырттан жасалатын ықпалдар-
дан қорғалуы төрелік алаңының таза
ұсталуына, Қазақстанның қауіпсіз,
әділ ел атануына ықпал етті.
Жақында республика судьяла-
рының VІІ съезі өткені белгілі. Бір
атап өтерлігі, осы уақытқа дейін ұй-
ымдастырылған алты басқосуға да
Мемлекет басшысының өзі тікелей
қатысып, сот жұмысына жаңа тапсыр
малар жүктеген болатын. Қазылар
үшін маңызды саналатын бұл құрыл-
тайдың жаңалығы да, маңыздылығы
да осында. Бұл жиынға судьялар қа-
уымы ерекше дайындалады. Съездің
мінберінде айтылар ой мен ұсыныс
көпшіліктің көңілінен шығатындай,
ең бастысы, сот құрылымының ғана
емес, қоғамның да дамуына серпіліс
жасайтындай мәнді болуы шарт. Мұн-
дай талаптың әу бастан ескерілуі сот
саласына қатысты талай заңнаманың
дүниеге келуіне жол ашты. Маман-
дандырылған соттардың тарихы да
осы съезде айтылған ұсыныстардан
бастау алды. «Медиация туралы»,
«Алқабилер туралы» заңдардың өмір-
ге жолдама алуына, судьялардың Әдеп
кодексінің тәжірибеге енгізілуіне де
бастамашылық жасаған осы съезд.
Биылғы басқосуда қазылар үшін
негізгі құжат саналатын Әдеп кодексі
қабылданды. Көпшіліктің талқысынан
өткен бұл кодекстің де Елбасы тапсыр
ғандай білімді де білікті судьялар кор-
пусын қалыптастыруға ықпал етеріне
сеніміміз мол.
Д.Әкетаев,
Медеу аудандық сотының судьясы
АлМАТы ҚАлАСы
Тәуелсіз еліміз ширек ғасырға жуық
уақыт ішінде қаржы дағдарыстары-
ның қиындықтарына қарсы тұра білді,
тұрақты даму жолына түсіп, биік белес
терді бағындырды, толағай жетістік-
терге қол жеткізді, әлемдегі бәсекеге
қабілетті 50 елдің қатарына енді. Мем-
лекет басшысының елді дамытудағы
стратегиялық бағдарламалары мерзімі-
нен бұрын жүзеге асып келеді.
Бүгінгі Қазақстан – барлық жағынан
әлемге танылған, бүкіл Еуропа төрін
ұсынған, даңқы асып, айбыны асқақ
таған мемлекет. Бұл біріншіден, әлемдік
деңгейдегі саясаткер – Мемлекет бас-
шысының сара саясатының жемісі,
екіншіден, еліміздегі 130дан астам
ұлт пен ұлыстың ауызбірлік пен ын-
тымақтастығы, бірлесе еңбек етуінің
арқасында қол жеткізілген табыс. Яғни,
Қазақ елі өлшеусіз табиғат байлығымен
ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттар-
дан құралған халқының ауызбірлігімен
аты шықты. Қазақ халқымен бірге
әртүрлі этностардың да отаны болып
табылатын біздің еліміз бүкіл әлемге
қоғамдағы татулық пен ынтымақта-
стықты сақтаудың, әртүрлі ұлттық
мәдениеттер мен діндердің үйлесімді
дамуына қамқорлық жасаудың жарқын
үлгісін көрсетіп берді.
Байтақ ел бүгінде дамудың даң
ғыл жолына түсті. Қазақстан – өзі
ор наласқан аймақтың ғана емес, бү
кіл әлемдік проблемаларды талқылауда
және шешуде ықпалды рөл атқаратын
ел. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан
Назарбаевтың пікіріне әлем саясаткер-
лері ықылас қоятын болды. 25 жыл
ішінде Қазақ халқының ұлттық санасы
жаңғырып, өзінөзі тану, өзінің ежелден
қалыптасқан бай тарихы мен ұлттық
дәстүрлерін құрметтеу, ұлы тұлғаларын
бүкіл дүниеге таныту, бай рухани қазы-
насын әлемдік өркениетпен ұластыру
бағытында қыруар шаруалар атқарыл-
ды.
а.БекБаУОв,
Оңтүстік Қазақстан облыстық
прокуратурасы 2-ші басқармасының
аға прокуроры
Қазақ елі тәуелсіздігінің көк байрағын тұңғыш көтерген Ел-
басымыз аз жыл ішінде мемлекетімізді әлемдік қауымдастыққа
танытты. Президентіміз ең алдымен елдің шекарасын нықтады.
Дүниежүзінде бірінші болып ядролық қарудан бас тартты. Халық
өзі таңдаған көшбасшысының адастырмайтынына, тура жолға
бастайтынына сенді. Сол сеніміміздің ақталғанына бүгінде барша
ел куә. Өйткені, Қазақстан өз тәуелсіздігі жылдарында әлем мой-
ындаған мемлекеттердің қатарына қосылды.
Президенттің қызметіне кірісу және ант беру салтанаты ежелгі халықтық дәстүр
мен қазіргі өркениет үлгілерінің айшықталған жағдайында өтті. Ақ киіз үстінде
ант берген Мемлекет басшысына ел ағалары Д.Снегин, Қ.Қожамияров, Э.Айрих,
ы.Қожахметов ақ сарай төрінде президенттік айырым белгілерін тапсырды. Жасы
тоқсаннан асқан халық ақыны Шәкір Әбенов бата берсе, көрнекті жазушы, пуб
лицист, Жоғарғы Кеңес депутаты Әбіш Кекілбаев ақ жол тіледі. Инау гурацияда
Мемлекет басшысы «Өмірін халқының бақыты жолына арнаған жанға бұдан зор
құрмет болмайды. Мен үшін ел сенімінен асқан мәртебе жоқ, сол сенімді ақтаудан
артық бақыт жоқ. Сол себепті, мен Қазақстанның жарқын болашағы жолында
елім, халқым үшін қандай тәуекелге де дайынмын» деп, бұл күннің – Қазақ елінің
шежіресіне мәңгі енетінін ерекше атады. Президент айтқандай, шынында да осы
күн тарихымызға мәңгіге жазылып қалды.
Президент жайлы сөз қозғағанда Астананы айтпау мүмкін емес. Өйткені, Аста-
на мен Елбасы есімі ел жадында егіз ұғым болып қалыптасты. Жаңа дәуірдегі Қа-
зақстанның жаңа астанасының салынуы Тұңғыш Президентіміздің мемлекетімізді
әлемге таныту жолындағы дәуірлік ерлігі саналды. Елбасының бастамасымен мем-
лекетіміздің сот саласында да орасан жұмыстар атқарылуда. Сот жүйесінің қазіргі
жоғары көрсеткіштері мемлекетті демократиялық тұрғыдан дамытудың әлеумет-
тікэкономикалық және саяси жаңару мен заң беделінің биік деңгейін айқындайды.
айгүл СаРСеНҒаЛИева,
Ырғыз аудандық сотының кеңсе меңгерушісі
АҚТӨБЕ ОБлыСы
Жақында Қызылордада апаттық
жағдайдағы үйлердің орнына салынған
60 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға
берілді. Қызылорда облысының әкімі
тұрғындарды қоныс тойларымен құт-
тықтай келе:
– Соңғы 3 жылда 7 мыңға жуық
отбасы, яғни, 30 мыңнан аса тұрғын
қоныс тойын тойлады. Соңғы екі жыл
ішінде пәтер кезегінде тұрғандардың
28 пайызы баспаналы болды. Биыл бір
мезетте 80 көпқабатты үйдің құрылысы
жүріп жатыр. 20132016 жылдар ара-
лығында Қызылордада 11 шағын аудан
бой көтерді. Соңғы үш жылда апаттық
жағдайдағы үйлердің тұрғындары 144
жаңа пәтерге қол жеткізді. Ал бүгін біз
тағы 60 пәтердің кілттерін табыстағалы
отырмыз, – дей келе, бұл игілікті істің
тұңғыш Президент күні мерекесіне
тұспатұс келгенін атап өтті.
60 пәтерлі бұл үйдің құрылысы
ағымдағы жылдың шілде айында баста-
лып, қараша айында аяқталды. Бас
мердігер – «АсарҚұрылыс» ЖШС.
Қызылорда облысы әкімінің
баспасөз қызметі
Туған жеріміз – Қазақстан болғандықтан барлығымыз
дың елімізге, жерімізге жанымыз ашып, қызмет етуіміз
қажет. Өз еліңде бақытты, тыныш өмір сүргенге не жетсін!
Алысжақын елдерде соғыс болып жатқанда, біздің ас-
панымыз ашық, өміріміздің бейбіт болғанына қуанамын.
Сол бейбітшіліктің арқасында күліпойнап, ұрпағымыз
еркін білім алып жүрген ерікті елдің біріміз. Барлығымыз
Қазақстан Республикасында өмір сүріп, ауасымен тыныс
алып, суымен шөлімізді қандырып жүргендіктен бола-
шаққа нық сеніммен, үлкен үмітпен қарауымыз керек.
Тәуелсіздіктің алғашқы жетістігі – халқымыз өз таңда-
уымен ел Президентін сайлады. Н.Назарбаев Қазақстанды
әлемге танылған тәуелсіз мемлекетке айналдырды. Ел
сенімі ақталды деген осы. Елбасы «Тарих толқынында»,
«Ғасырлар тоғысында» тағы басқа еңбектерінде халықты
өткеніне үңілтіп, бүгінгісіне шүкіршілік етуге тәрбиелеп
отырды. Президент адам құқығы мен заңға саналы түрде
басым бағыт бере отырып, өз еліндегі тыныштық пен
келісімді көзінің қарашығындай сақтауда. Елдің Консти
туциясы мен рәміздері өмірге келді. Тәуелсіз Отанымыздың
көк аспанымен таласқан көк байрағы астында Біріккен Ұлт-
тар Ұйымына мүше болдық. Ардақты ана тіліміздің мем-
лекеттік мәртебе алғаны, тұңғыш төл теңгеміздің шығуы,
Семей атом полигонының жабылуы – бәрі де Елбасының
тікелей араласуымен болған. Ел ордасы болып Астана бой
көтерді. Бүгінгі таңда сот реформасы жақсарып, халық
үшін сотқа жүгінушілерге барлық жағдай жасалды. Сотқа
жүгінушілер үйлерінен кеңселерінен шықпайақ сотқа жү-
гініп арыз беріп және де өзінің істері туралы толық ақпарат
алуда. Бұл Елбасымыздың ерен еңбегі.
Нұржан ПаҚЫРДІНОв,
алматы қаласы мамандандырылған
ауданаралық әкімшілік сотының судьясы
Бүгінде ата-бабаларымыздың аңсаған арманы шындыққа ай-
налып, еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың
көшбасшылығымен Тәуелсіздікке қол жеткіздік.
арман ақиқатқа
айналды
Сенім ақталды
қызылордалық 60 отБасы
қоныс тойын тойламақ
еңБектің еленгені жақсы
төрелік алаңындағы
тазалықтың кепілі
Тәуелсіз Қазақстан туралы
айтқанда оның басшысы
Нұрсұлтан Назарбаев жай-
лы сөз қозғамау мүмкін емес.
Өйт кені, тәуелсіздік ұғымы-
ның өзі Елбасы сөзімен өзек-
тес, тамырлас. Және жас
мемлекеттің 25 жыл ішінде
өткен жолын, даму белесін
Президент еңбегінен бөліп
қарау да қате болар еді. Мем-
лекет басшысының кісілік
келбеті, тұлғалық еңбегі де
жарнамалауды, жөнсіз мақ-
тауды қажет етпесі белгілі.
Көк байрақты Қазақстан-
ның тәуелсіздік алып, күл-
лі әлемге егемен ел ретінде
танылғанына міне, табандай
25 жыл толып отыр. Осы ши-
рекғасырлық тарихымызда
тәуелсіздігімізбен бірге жаса-
сып, тәй-тәй басқан жас мем-
лекетімізді аяғынан тік тұрғы-
зуда тұңғыш Президентіміз
Нұрсұлтан Назарбаевтың ең-
бегі өлшеусіз.
Қарап отырсақ, 1991 жылы 1
желтоқсанда алғаш рет Қазақ КСР
Президентінің жалпыхалықтық сай-
лауы өтіп, Нұрсұлтан Әбішұлының
жас мемлекеттің тағдарын өз қо-
лына алғаны күні кеше сияқты еді.
Дейтұрғанмен, еліміз санаулы ғана
уақыт ішінде әлемге өзін танытып
қана қоймай, дамудың жаңа үлгісін
көрсетіп үлгерді.
Мемлекет басшысының көрегенді-
гі мен сындарлы саясатының арқасын-
да қазақ елі ғасырлар тоғысындағы
сыннан да еш сүрінбей өткеніне әлем
куә. Бүгінгі таңда, қай саланы алып қа-
расаңыз да, жаңашылдықтың, дамуға
деген талпыныстың, жеңістің ныша-
нын көруге болады. Қазақстанның
ширек ғасырда жеткен жетістіктері
жайлы әлем саясатшылары да жиіжиі
ой толғайтын болған. Назар аудар-
саңыз, онда міндетті түрде Елбасы-
мыздың аты аталады. Оның ел басқа-
руда іскерлігі, даналығы, даралығы
сөз болады. Қазақ топырағындағы
татулық, көп ұлтты халықтың бірлігі
жайлы айтылады. Мәселен, Ұлыбри-
танияның бұрынғы Премьерминистрі
Тони Блэр Елбасы жайлы «Нұрсұлтан
Назарбаев шынымен Қазақстанды
дұрыс жолмен алып келді. Президент
көпэтносты және көпконфессионалды
ел ішінде қоғамдық келісім орната
білді. Қазақстан өңірдің барлық ел-
деріне үлгі...» деп ұлт пен ұлыстың
татулығын сақтап, жас мемлекетті
бірлігі жарасқан елге айналдырған Ел-
басының еңбегіне ерекше баға береді.
ербол БекеНОв,
Қарасай аудандық сотының
судьясы
АлМАТы ОБлыСы
татулықтың
тамыры тереңде
6
№135 (2913)
30 қараша 2016
zangazet@maiI.ru
ТАРАЗЫ
Сұхбат
Пікір
– Сот пен БАҚ арасындағы бай-
ланыстың маңыздылығы сөз бола
қалса, сот жүйесінің ашықтығы,
қолжетімділігі еске түседі. Осы ретте
өзіңіз қызмет етіп жүрген аудандық
соттың ақпарат құралдарымен қа-
рым-қатынасы жайлы айтып бер-
сеңіз.
– Өз заманында алаш ардақтысы
А.Байтұрсынов «Газет халықтың көзі,
құлағы һәм тілі» деп жалпы ақпарат
құралдарының пәрменіне лайықты
бағасын беріп кеткенін білесіздер. Ал,
бүгінгі ғылым мен техниканың қа-
рыштап дамып, өркендеген уақытында
ақпарат құралдарының да тынысы
кеңіп, күнделікті өміріміздің ажырамас
бөлігіне айналды. Сондықтан, халық
«төртінші билік» деп баға берген БАҚ-
пен байланыс орнату сот жүйесі үшін
ғана емес, күллі қоғам үшін де ауадай
қажет.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаев ҚР
Судьяларының VI съезінде: «Бұқара-
лық ақпарат құралдарының күш-жігері
арқылы қоғамда сот билігіне жағымды
және ілтипатты көзқарас қалыптастыру
керек» деп соттарды БАҚ өкілдеріне
барынша ашық болуға шақырды. Сәй-
кесінше, бүгінгі таңда сот жүйесі мен
ақпарат құралдары арасында ауыз тол-
тырып айтарлықтай байланыс орнап,
көңілдегідей әріптестік жағдай қалып-
тасып отыр. Үстіміздегі жылы Жоғарғы
Сот төрағасының өкімімен «Соттардың
бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара
іс-қимыл тұжырымдамасы» қабылдан-
ды. Нәтижесінде, құжат аясында сот
пен БАҚ арасындағы байланыс бір жүй-
еге келтірілді. Үйлестіруші-судьялар
мен баспасөз қызметкерлеріне үлкен
міндет жүктеліп, олардың жұмыс істеуі-
не барынша жағдай жасалуда. Ақпарат
құралдарымен байланыс орнатудың
тетіктері де жетілдірілуде. Бүгінде
Алматы облыстық сотының төрағасы
Мейрамбек Таймерденұлы бұл мін-
детті тікелей өз қадағалауына алып,
нәтижесінде жыл басында бекітілген
жоспарға сай, барлығы рет-ретімен
іске асуда. Атап айтқанда, үстіміздегі
жылдың алғашқы тоғыз айында біздің
сотта он беске тарта дөңгелек үстел, он
үш семинар сабағы, төрт лекция оқыл-
ды. Мұның сыртында сот төрайымы
Гүлмира Болатқызының азаматтарды
қабылдайтын арнайы күні белгіленген.
Сот жүйесіндегі реформалар, жаңадан
қабылданып жатқан заңдардың тәжіри-
бе барысындағы көрінісі, Ұлт жоспары
аясында іске асып жатқан жаңалықтар-
ды халыққа түсіндіру т.б жұмыстарға
да судьяларымыз өз үлестерін қосуда.
Баспасөз қызметіне бағыт-бағдар беріп,
ақылдасып отыратын аудандық сотта
екі бірдей судья-үйлестіруші отыр.
Сондай-ақ, сөз реті келгенде Алматы
облыстық сотының БАҚ-пен байланыс
жөніндегі үйлестіруші-судьялары Нұр-
гүл Жексенқызы, Айнаш Рахимбергено-
ва, Жанар Сергебаева, Аида Садықова
сынды тәжірибелі қазылардың журна-
листер қауымымен арадағы байланысты
жандандырудағы еңбегі зор екенін айта
кеткен орынды.
Атқару ісі соттан бөлінісімен бұл мәселенің
ұзақ жылдар бойына белгілі бір қиындықтар
тудырып келгені рас. Алайда, мұндай тәжірибе
бұған дейін әлемнің көптеген мемлекеттерін-
де оң нәтижесін берген болатын. Сонымен,
еліміздегі жаңадан қабылданған Қазақстан
Республикасының «Атқарушылық ісі және
сот орындаушыларының мәртебесі туралы»
заңы сот шешімдерінің орындалуы төңірегін-
дегі проблемаларды түбегейлі шеше бастады.
Ал, 2010 жылдан бастап жоғарыдағы заңға
енгізілген өзгертулерге сәйкес жеке сот орын-
даушылар институы еліміздегі өз өмірбаянын
бастады.
Қазір бұл істің аяқ алысы жаман емес. Сот
шешімдерін орындау бұрынғы жылдармен
салыстырғанда едәуір жақсарып, жеке сот
орындаушылары институты өзінің өміршеңді-
гін дәлелдеді. Бұл күндері жеке сот орындау-
шыларының қызметіне жүгінетіндердің саны
жылдан-жылға артып келеді.
Ал өткен жылдан бастап «Атқарушылық iс
жүргiзу және сот орындаушыларының мәрте-
бесi туралы» заңына бірқатар толықтырулар
мен өзгертулер енгізілді. Онда мемлекеттік
сот орындаушыларының қызметін кезең-
кезеңі мен қысқартып, жеке сот орындаушы-
ларының өкілеттіктерін одан әрі кеңейтудің
тиімді жолдары қарастырылған. Заңның
138-бабына енгізілген толықтыруларға сәй-
кес, ендігі жерде жеке сот орындаушыла-
рының өндірістеріне мемлекет мүдделерін
көздейтін атқару істерін айтпағанда жеке
және заңды тұлғаларға қатысты атқарушылық
құжаттар да қабылданады.
Заңның 103-1 бабында көрсетілген «істер-
дің әлеуметтік маңызы бар санаттарына»
алименттерді, жалақыны, зейнетақыларды,
жәрдемақыларды өндіріп алу, өмір мен ден-
сау лыққа келтірілген зиянды өтеу туралы
атқарушылық құжаттары жатады. Қарап
отырсаңыз, атқару ісінің көлемімен бірге
сапасы да жақсара түсуде. Сонымен қатар,
осы заңда жеке сот орындаушылары көмек-
шілерінің өкілеттіктері де кеңейтілген.
Бұдан тыс Заңның 30-бабында шақыру
қағазын, хабарды, сот орындаушысының хабар-
ламасын және (немесе) процестік құжаттарды
қабылдаудан бас тарту, сондай-ақ, оларды алға-
ны немесе қол қоюдан бас тартқаны туралы акт
жасала отырып, егер ол дыбыс және (немесе)
бейнетіркеу арқылы тіркелсе, онда хабарланды
деп есептелетіндігі көзделген.
Заман талабына сай енгізілген осындай
өзгертулер мен толықтырулар сот актілерінің
орындалуына ықпалын тигізіп, жеке сот орын-
даушылар интитутының одан әрі дамуына
көмектеседі.
Жанар ӘБДІРАХМАНОВА,
Достарыңызбен бөлісу: