ЕРТЕГІ ТЕРАПИЯСЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
Қазіргі кезеңде ертегі терапиясы тек қана балаларға ғана емес ересектерге де кеңінен қолданылуда. Ертегі терапиясының дамуын В.И.Лубовский, Н.М.Назарова, В.В.Егорычев, В.Г.Петрова, М.Н.Перова, Е.А.Стребелевой, Е.Васина, А.Барыбина, Т.Д.Зинченков, қазақстандық ғалымдар С.М.Жақыпов, Ә.Алдамұратов, Х.Т.Шерьязданова, А.Құдиярова, т.б. ғалымдар өз еңбектерінде қарастырған.
«Ертегі терапиясы» өте ертеден келе жатқан психологиялық және педагогикалық әдіс болып табылады. Ғасырлардан бері дүние мен өмір туралы білімдер ауыздан ауызға беріліп, жазылып, оқылды. Әжелерді еске түсірейікші: әрбір өмірлік жағдаяттарға, әрбір оқиғаларға олардың әзілдері мен мысалдары дайын тұрады. Бүгін біз оны «ертегі терапиясы» деген атаумен атаймыз.
Ертегі терапиясы адам цивилизациясындағы практикалық психологияның ең көнесі және қазіргі ғылыми практикада ең жас әдістердің бірі. Осы уақытта «ертегі терапиясы» терминінің көптеген анықтамалары бар. Ертегі терапиясы - бұл ертегімен емдеу, біз клиентпен бірге жанды өмір сүретін және осы сәтте психотерапевтік болып табылатын білімдерді айтып отырмыз. Ертегі терапиясы - бұл мәнді іздеу, әлемдегі білімдерді және ондағы өзара қатынас жүйесінің шешімін табу процесі. Ертегі терапиясы – бұл ертегі жағдайлары мен шынайы өмірдегі жүріс-тұрыс арасындағы байланыстың құрылу процесі. Бұл ертегі мәндерінің шынайыға ауысу процесі. Ертегі терапиясы – ресурстарды белсендіру, жеке тұлға потенциалы процесі. Ертегі терапиясы – балаларды экологиялық тәрбиелеу процесі. Ертегі терапиясы – проблемалық жағдайларды объективтеу және ішкі табиғат пен қоршаған әлемді жақсарту процесі.
Ертегі терапиясы – бұл кез-келген басқа да психотерапия сияқты, жан-дүниені тану және емдеудің түрі. Ол ертегілерді психикалық процестердің өту және көріну формасы ретінде зерттейді, психикаға игілікті әсер ететін ертегілерді тудырады. Онда психикалық процестердің желілігіне, басқаша айтқанда, адамның жан-дүниесінде болып жатқандарға көңіл аударылады. Әдетте, олар мәдениет пен уақытқа тәуелсіз, адамдар үшін әмбебеп болып келеді. Ертегі терапиясы адамда санасыздықтың дамуы мен нақты кескін бойынша өзін көрсетуіне сүйенеді. Оның нұсқаларының саны едәуір шектеулі және оларды тануға болады. Ертегі терапиясы тереңдегі психотерапияның формасы болып табылады, бірақ, сонымен бір мезгілде, өзінің түсініктілігі мен әмбебаптығының арқасында «үстіңгі» және «ағымдағы» міндеттер үшін де қолданылады.
Ертегі терапиясының мәні – архетиптік талдау болып табылады. Талдаудың мұндай формасы, біріншіден, кез-келген психикалық феноменді (түс, тұрмыстық жағдаяттағы мәселе немесе мінез-құлық) белгілі бір құрылымға ие желі ретінде қарастырады. Екіншіден, бұл желі кездейсоқ емес, түрлі жанрдағы ертегілер сияқты сипаттауға ыңғайлы моделдерге сәйкес туып, іске асатындығы шамаланады. Осылай, архетиптік талдаудағы жұмысты бізді қызықтыратын психикалық процестерді оған барынша ұқсас ертегі немесе миф арқылы түсіндіру деп елестетуге болады [2,54].
Б.Бехтельгеймнің пікірінше бұл баланың өз табиғатында жақсы болғандықтан емес, бұл кейіпкер жағдайы басқаларына қарағанда тартымдырақ болғандықтан болады. Осылайша, Б.Бехтельгеймнің ойынша, ертегі балада мейірімділікті дамытады [3,73].
Ш.Бюллер мектепке дейінгі жасты ертегі жасы деп атаған. Бұл бала жақсы көретін әдеби жанр. Ш.Бюллер баланың дамуындағы ертегінің рөлін арнайы зерттеді. Оның ойынша ертегі кейіпкерлері қарапайым және типті, олар кез келген индивидуалдылықтан айрылған. Жиі олардың есімдері де болмайды. Олардың мінездемесі балаға түсінікті екі-үш сапалармен сипатталады.
Нағыз ертегінің белгісі-жақсы аяқталуы. Бұл балаға психологиялық қауіпсіздікті сезінуіне мүмкіндік береді. Ертегіде қандай жағдай болса да, бәрі жақсы аяқталады. Кейіпкерлердің басына түскен, оларды әлі де күшті, әрі ақылды болуы үшін қажет болған екен. Екінші жағынан бала жаман нәрсе жасаған кейіпкер өзіне лайықты жазасын алатынын көреді. Ал-ол барлық өткен өзінің жақсы сапаларын көрсетеді және бағаланады. Өмірдің заңдылығы осыдан көрінеді: Әлемге қалай қарасаң, ол да саған солай қарайды. Балалар үшін адамдардың жануарлармен қатынасы туралы ертегілер түсінікті және жақын болады. Бұл жаста балалар өздерін жануарлармен теңейді, олардың жүріс-тұрыс мәнерін көшіріп, оларға оңай айналады.
Зерттеушілер ертегіні бірнеше түрге бөліп көрсеткен: психологиялық ертегілер, медитативті және дидактикалық ертегілер, психокоррекциялық және психотерапевтік ертегілер.
Психологиялық ертегілердің дидактикалық ертегілермен ұқсастығы мыналардан көрінеді:
1. Ертегі формасы кейбір жаңа білімдерді ұсыну үшін қажет;
2. Абстрактілі символдарды жандандырудың сол тәсілі қолданылады және олар өмір сүретін ертегі әлемінің бейнесі құрылады;
3. Ертегінің екі түрі де белгілі білімдердің мәні мен маңызын ашады[4,85].
Ертегі терапиясы балалармен психологиялық жұмыс жасаудағы өте құнды әдіс болып табылады. Ол бала мен ересектің қарым-қатынасының табиғи және дәстүрлі формада өтуіне мүмкіндік тудырады. Баламен жұмыс жасауда психолог, әдетте, «психологиялық» тілді сырттай талдауға пайдаланбайды, бірақ балаға не қажет және оған мұны қалай беру керектігін түсіну үшін аналитикалық кеңістікке «шығу» қабілетін сақтайды. Демек, ертегі екі жақты сипатқа – алдымен диагностикалық, ал содан соң – жағдаятқа әсер ететін ықпалға ие. Осымен қатар, ол пайдалануға жеңіл, психологиялық қорғаныстың көптеген формаларын өзіне сіңіріп, олардан асып түседі, баяндалу формасы бойынша жағымды және көп өлшемді болып келеді [4,97].
124
Психологиялық тұрғыда ертегіде – өз ерекшеліктерін түсіну жолымен жеке тұлғалық дамуға, психокоррекцияның ертегіде – баланың психикалық құрылымдарының психолог қалауынша өзгеруі.
Ертегінің әсері нәтижесі баладағы тек қана нақты жүріс-тұрыс көріністерінде емес, болуы мүмкін өзгерістер облысында, психокоррекциялық ертегі жағдайында, мәндер мен құндылықтар өзгерістерінде де болуы мүмкін. Психологиялық ертегілер мен психотерапиялық ертегілердің айырмашылығына қарағанда ұқсастықтары басым. Оны келесі жағдайларды талдаудан көруге болады:
1.Баланың терең «Меніне», оның маңызды мағыналы құрамына көңіл бөлу;
2.Саналы түрде өз-өзіне, әлемге, басқа адамдарға қатынасына көмектесуге, қажет болғанда осы қатынастарды өзгертуге тырысу;
3.Психологиялық көмек көрсету және қандайда бір өмірлік проблемалық жағдаймен және психоэмоционалды жарақатпен байланысты негативті уайымдаулар мен қиындықтардан айыру.
Ертегі терапиясы психотерапиялық жұмыс үшін де тиімді. Ол адамның шығармашылық күш-қуатын тудырып, оның ресурстық жағдайға қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, адамды өз мінез-құлқын белгілі бір желідегі нақты рөл ретінде түсіне отырып, өз өмірін сырттай көруге үйретеді. Ертегімен жұмыс жасаудағы басты игілікті салдардың бірі – ұғыну болып табылады. Ол адамға өзінің жан-дүниесіндегі процестерді терең қабылдауға және оны бақылауға мүмкіндік береді. Ойын мен миф кеңістігіне шығу адамның шығармашылық күш-қуатын өте жақсы ынталандырады. Онда өмірдің және тағдырдың көптеген қиын мәселе туғызатын сәттері өзі ойлап шығарған оқиғаның кейіпкерлеріне аударылады. Ертегі терапиясындағы жұмыстың тамаша және қол жеткен нәтижесі әлемдегі өз орнын табу болып табылады. Осыны ұғыну арқылы адам өзінің мақсаты, сезімдері мен тұлғалық сипатының тұтастығына қол жеткізеді[5,62].
Өмірдің заңдары мен құбылыстары туралы білімді адам ең алдымен ертегілерден, аңыздардан, батырлар жырынан, мифтерден алады. Психологтар ертегілердегі әрбір кейіпкер белгілі бір адамды, нақты айтқанда, адам өзі ойнай алатын немесе тіпті өзінің өмірлік сценарийінің негізіне алатын белгілі бір рөлді суреттей алады деп есептейді. Бірақ, метафораларға салынған хабарлар нақты сипатқа ие емес. Хабарлардың мұндай формасы оқырманның немесе тыңдаушының өз пайымдауын тудырады, бірқатар сұрақтар қалыптастырады. Бұл сұрақтарға жауап іздеу тұлғаның дамуын іске асырады. Осылай, ертегінің көмегімен адамгершілік тәрбиесінің мәселелері туындайды.
Ертегі терапиясы практикалық психологияның бағыты ретінде өзге тұрғылармен салыстырғанда шеңберінің кеңдігімен тартымды. Оның жас шекарасы жоқ: әрбір жас кезеңінде өзінің ертегісі, мифі, аңызы мен мысалы, өлеңі, нақылдары т.б. болады.
Бүгінгі ертегі терапиясы «үш қырлы». Ол диагностикалық «қырға» (адамды зерттеу үшін проективті әдістемелер), ықпал етуші және алдын алу (дамытушы) «қырларына» ие.
Ықпал ертегінің бес түрінің көмегімен іске асады. Олар: көркем ертегілер, дидактикалық ертегілер, психокоррекциялық (психиканы түзету) ертегілері, психотерапевтік ертегілер және медитативтік ертегілер. Әрбір жағдаятқа лайықты ертегілер іріктеледі немесе арнайы ойдан құрастырылады. Түрлі ертегілер келушіге түрлі «дәмдеуіштермен» «ұсынылады»: ертегіні талдау, әңгімелеу, ойдан құрастыру, қуыршақтар дайындау, драматизациялау, сурет салу, медитация жасау және т.б.
Ертегілер арқылы балалардың қайырымдылық және эстетикалық тәлім - тәрбиесінің дамуына ықпал жасалады. Баланы мұратқа, жеңіске, жетістікке жету жолында белсенділікке, әрекетілікке үйретеді. Өмірде кездесетін жайттардың яғни жақсылық пен жамандықтың, мейрімділік пен қатыгездіктің, шындық пен өтіріктің, әділеттілік пен әділетсіздіктің, еңбекқорлық пен жалқаулықтың және т.б ара жігін ажыратып, түсіне білуге, бағалай алуға жол ашады. Ертегі тілінің көркемдігі және оқиғаларының қызғылықты баяндалуы баланы еріксіз өзіне тартып, баурап алады[6, 87].
125
Ертегі терапиясымен әсер ету ертегінің бес түрінің көмегімен жүзеге асады: көркемдік, дидактикалық, психокоррекциялық, психотерапиялық және медитативті. Әрбір жағдайда, әрбір кеңес беру кезіне сәйкес келетін ертегілер таңдалып алынады немесе арнайы құрастырылады. Бұл ертегі терапевтерінің оқыту тақырыбы болады. Әртүрлі образдағы ертегілер клиентке әртүрде ұсынылады: ертегіні талдау, ертегіні айтып беру, шығарма, қуыршақ дайындау, драматизация, сурет салу, ойындар, медитация және т.б.
Ертегі терапиясының әрбір сабақ процесінде біз тапсырманы кең көлемде шеше аламыз. Мысалы: еріксіз зейінді дамыту, өзара көмектесу және қолдау сезімін дамыту, есті дамыту, жеке тұлғаның коррекциясы, мінез-құлықтың эмоционалды реакциясын ұлғайту т.с.с.
И.В.Дубровина атап айтқандай, егер де мәселелердің маңыздылығы ата-аналардың тәрбие арасындағы әдістермен сәйкес келмесе, әкесі баласына жоғарғы талаптарды қойса, онда анасы баласын үнемі қорғап, ара түседі, ал мұндай кезде ертегі сюжеті «сиқырлы корабльдегі топ мүшелері – қатаң капитаннан, капитанның жуас көмекшісі мен жұмыспен айналысып жүрген жасөспірімнен» құралған командалардан тұрып, өзара ауысуы мүмкін. Балаға ертегі қызық болу үшін, онымен әңгімелесу барысында қызығушылықтары мен еліктеулеріне, мәселелердің анықталуына емес, тарихты таңдау мен құру негізіндегі позитивті аспектілерге сүйену керек [6,98].
Ертегі баланы кейіпкермен бірге көңіл-күйімен ортақтасуға мәжбүрлейді, соның нәтижесінде балада адамдар, заттар, қоршаған әлемнің көріністері, жаңа эмоционалдық тәжірибелері жайлы жаңа көріністері пайда болады. Ертегі терапиясын адамның рухани жан дүниесіне үйлесе отырып тәрбиелейді. «Жан тұрмысы өркендеу үшін, яғни ойы, ақылы кеңейіп, құлқы түзеліп, тілі баю үшін жас балаға ертегі тым қымбат нәрсе»,- деп М.Жұмабаев айтып кеткендей, ертегінің бала тәрбиесінде алар орны ерекше. Болашақта логикасы, шығармашылығы дамыған, еліміздің іргесін берік қалайтын жастар тәрбиелегіміз келсе, ертегіге ерекше көңіл бөлейік.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.Л. С. Воображение и творчество в детском возрасте. Психол. очерк.: книга для учителя./- М.: Просвещение, 1991.-72с.
2.Зинкевич -Евстигнеева Т.Д. Практикум по сказкотерапии. /.- СПб., 2000.-54-68с. 3.Зинкевич -Евстигнеева Т.Д. Формы и методы работы со сказками. / -СПб., 2005.-12-75с. 4.Копытин А.- Психодинамический подход и арт-терапия / Исцеляющее искусство. 1997. No 2.
5.Матюшкин А.М. Концепция творческой одаренности / Вопросы психологии. - 1989 No6, - С. 29-73.
6.Короткова Л.Д. Сказкотерапия в школе. Методические рекомендации – М.: ЦГЛ, 2006.
Достарыңызбен бөлісу: |