Жүргізуші: Енді қандай амал қолдансақ екен балалар?
Бауырсақ: Мен білемін, шыршаны жағу үшін Аяз атаның сыйқырлы таяғы керек. Мен орманды аралап келдім, жолды жаттап алдым. Сендерді Аяз атаға алып барамын. Жүріңдер мына тұрған поездға отырып Аяз атаны іздеп қайтайық.
(поездға мініп балалалар бірінші аялдамаға келгенде қоян секіріп шығады. Бауырсақты бас салып ұстайды)
Қоян: Мен сені жеймін.
Жүргізуші: Қоянжан, сен бауырсақты жемеші. Біздің балалар саған өз өнерлерін көрсетеді.
Тақпақтар:
Сулейман
Тамаша,тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
Алейна
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.
Марат
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
Айжан
Жаңа жыл, жаңа жыл.
Жаңа жылда-жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Би билеп барлық бала жүр.
Аделя:
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.
Акбар:
Аяз ата келі тұр,
Бізге сәлем бері тұр.
Сақалының ұзын – ай,
Кесіп алсам шіркін-ай.
Би: «Шырша»
Жүргізуші: Қоян, саған біздің балалардың биі ұнады ма?
Қоян: Иә, өте өнерлі балалар екен.
Жүргізуші: Сен олай болса Жаңа жылды бізбен бірге қарсы ал.
(Балалар поездбен әрі қарай жүреді, екінші аялдамаға келгенде алдыларынан қасқыр ырылдап шығады да бауырсақты бас салады)
Қасқыр: Бауырсақ, мен сені жеймін.
Жүргізуші: Қасеке, сен бауырсақты жемеші. Ашуыңды басып біздің балалардың өнерін тамашала.
Қасқыр: Олай болса сендердің балаларың ойын ойнай ала ма? Балалардың шапшаңдығын тексеріп көрейін.
Ойын: «Көңілді орындық»
(Шарты: Көңілді әуен ойналады, ортаға 5 бала шығады. 5 балаға 4 орындық қойылады, әуен тоқтаға орындықтарға қатысушылар отырып үлгеру керек.)
Қасқыр: Ой, жарайсыңдар балалар қандай шапшаңсыңдар.
Жүргізуші: Олай болса Қасеке сенде бізбен бірге Жаңа жылды қарсы ал. Біздің балалар тек шапшаң емес, әрі өнерлі.Біздің Аяз атаға арнаған тақпақтарымыз бар.
Құндыз
Аяз –ата ақ сақалды,
Ақ таяқты паң ата,
Асып өтіп асқар тауды
Жеттің бізге таң ата
Юсуф
Жылдың әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.
Гулгяз
Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқар тау, қарлы шың.
Озлям
Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жол болсын.
Реджеп:
Жылдың әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.
Мираль:
Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқартау, қарлы шың.
(Балалар поездбен сапарын ары қарай жалғастырады, аялдамада көңіл күйі түсіп түлкі күтіп отырады.)
Жүргізіші: Сәлеметсің бе, түлкі жан?! Неге көңілсізсің?
Түлкі: Мен сыйлық толы қоржынды тауып алдым, бірақ аша алмай отырмын.
Жүргізуші: Бұл Аяз атаның қоржыны емес пе? Бұны тек Аяз ата ғана аша алады. Сенің көңіл күйіңді көтеру үшін біздің балалар саған арнап би билеп берсін.
Би: «Балалар»
Жүргізуші: Түлкі жан, көңілің көтерілді ме? Олай болса Аяз атаны бірге іздейік сонда ғана сыйлықты аша аламыз.
(Сапарлары ары қарай жалғасады. Бұл жолы Ақшақарды кездестіреді.)
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе Ақшақар?!
Ақшақар: Сәлеметсіздер ме! Сіздер Аяз атаны көрген жоқсыздар ма? Қоржынын жоғалтып, соны іздеу үшін орманға кетіп еді.
Жүргізуші: Жоқ біз кездестірмедік, бізде Аяз атаны іздеп жолға шықтық.
Ақшақар: Олай болса мен бір биімді билеп, Аяз ата менің әуенімді естіп өзі келер.
Би: «Ақшақар» биі
(Аяз ата жаңа жылды ертіп кіріп келеді, ата-аналармен көңілді ойын ойнайды, сыйлықтарын таратады)
Жүргізуші:
Жаңа жылды қарсы алып,
Жасаймыз той жылда біз.
Жарқын, жарқын ән салып,
Жалғасады жылға жыл.
Жаңа жылда алдағы,
Көңіл өсіп кеңейсін.
Ортақ ойы арманы,
Жақсы дәстүр көбейсін- деп бүгінгі «Балапан» табының «Қош келдің, Жаңа Жыл!» атты ертеңгілігі осымен аяқталды. Сіздерге көп-көп рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |