Ертеңгілік «Тіл мерекесі». Жүргізуші



Pdf көрінісі
Дата05.02.2017
өлшемі95,29 Kb.
#3461

Ертеңгілік «Тіл мерекесі».

 

Жүргізуші:

 -Қайырлы күн, құрметті Ана тіліміздің меркесіне жиналған қауым. Тіл 

мерекесіне орай өткізгелі отырған «Балбөбек» тобының мерекелік ертеңгілігін бастауға 

рұқсат етіңіздер. Бұл мерекеміз елбасымыз «Н.Ә.Назарбаевтың 22 қыркүйек  Тіл мерекесі 

күні болып атап өтілсін деген бастауын қолдап, мерекеге жиналып отырсыздар. Яғни 1997 

жылы 22 қыркүйек күні қабылданған Қазақстанның тіл туралы Заңында Республика 

халықтарының тілдерін қолдау мен дамыту құқығының негізі бекітілген. 

1-жүргізуші: Балалар құтты болсын тілің бүгін 

Ашатын жан сарайын білімдерінің 

Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан 

Тіліңе зер салыңдар бұрынғының. 



2-жүргізуші: Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып, 

Ана тілін білмеу қандай заңдылық. 

Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда. 

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік. 



1-бала: Қазақ тілім өз тілім, ана тілім 

Абай ,  Мұхтар сөйлеген дана тілім. 

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені 

Болашағым, бақытым дара тілім. 



2-бала: Ана тілің біліп қой, 

Еркіндігің, теңдігің. 

Ана тілің біліп қой, 

Мақтанышы елімнің. 



3-бала: Ана тілің арың бұл 

Ұятың боп тұр бетте 

Өзге тілдің бәрін біл, 

Өз тіліңді құрметте. 



4-бала: Бұл гүлденіп жайнаған 

Гүлстандар Отаны! 

Бірін-бірі сыйлаған 

Туысқандар Отаны! 

Бұл ғажайып мұратты 

Халықтардың Отаны! 

Алтын заман құратын 

Алыптардың Отаны! 

Сол алыптың бірімін- 

Отанымның ұлымын! 

Тілім, дінім, самғаған, шарықтасын 

Самғаудан еш уақыт жалықпасын 



Өз алдында өмірден теңдік алған 

Ана тілім көгімде қалықтасын. 



Жүргізуші:

 Құлақтан кіріп, бойды алар 

Әсем ән мен тәтті күй 

Көңілге сырлы ой салар 

Әнді сүйсең менше сүй-деп Абай атамыз айтқандай келесі кезекті әсем әнге берейік 

Ән топ:

 Ана-тілін сүйеміз 

Жүргізуші: Балалар, бізге қонақ келген сияқты, қане, бәріміз қошеметтеп қарсы алайық. 

/Муз. Әуенімен залга Ару Ана кіреді. 



Ару Ана:

 -Сәлеметсіңдер ме балалар, құрметті қонақтар! Мен Аруанамын! Cендердің 

балабақшаларыңда Тіл мерекесі болып жатқанын естіп, сендерге қонаққа келдім! Бұл 

жерге әр ұлттың өкілдері жиналыпты ғой! Қандай керемет десеңші! Бәрі бір-бірімен тату-

тәтті! 

Жүргізуші:

 Сәлеметсізбе Ару Ана! Біздің мерекеге қош келдіңіз! Жоғары шығыңыз! 

Біздің Тіл мерекемізге әр ұлт өкілдері құр келмей өз өнерлерін ала келіпті. 

Жүргізуші:

 Қазір қазақтың ұлттық биін тамашалайық! 



Би:

 «Қазақ биі» Айгерім Ж, Диана, Таминаш, Мақсат, Абай, Абылай 



1-бала: Сүйесің өз тіліңді 

Боласың білімді 

Өз тілің үйретер 

Өнерді ғылымды 

Ардақта тіліңді 

2-бала: Тілім барда мақтанам 

Тілім менің аппақ ән. 

Бірлігімді бүгінгі 

Ана тілім сақтаған. 

Ақыл-ойын дананың 

Ана тілден аламын. 

Ана тілі ардақты, 

Ақ сүтіндей ананың. 



Ару Ана:

 Өнерлерің үстем болсын балалар! Балалар сендер тілге байланысты мақал-

мәтел білесіңдер ме? Қане кім айтады? 

1-бала: Сөз асылы – мақал. 

2-бала: Өнер алды қызыл тіл. 

3-бала: Шешеннің тілі артық. 

Шебердің қолы артық. 



4-бала. Жақсы сөз – жарым ырыс. 

5-бала. Тіл тас жарады.- 

Тас жармаса бас жарады. 

Жүргізуші:

 Ана тілім- өзгелерден бөлексің, 

Бала жүрек саған арнап жыр төксін. 

Қай асылға теңдесемде жарасар, 

Ана тілім –баға жетпес өнерсің. 

Ән: «Ананың тілі»

 

Ару Ана

:- Талаптарыңа нұр жаусын! 

-Балалар, қане көңілімізді бір сергітіп алайық! Ойын ойнағыларың келе ме? 

Ойынның аты: Арқан тарту.

 

Ойынның шарты: Екі топқа бөлініп күш сынасып көрейік. /6

-6 баладан таңдап алады/ 

Жүргізуші:

 Келесі кезекті балаларымыздың тақпақтарына берейік. 



1-бала:Жанымнан қымбат 

Ана тілім маған 

Ана сөзден тыңдап 

Үлгі өнеге алам. 



2-бала:Ана тілім – анам, 

Аппақ қардай арым 

Мұра еткен бабам 

Жарқыраған жаным. 



3-бала: Ана тілім –елдігім 

Ана тілім-ерлігім. 

Тілді биік құрметтеп 

Тойлап жатыр ел бүгін 



4-бала: Ана тілім-тірегім 

Ана тілім – жүрегім. 

Қасиетті елімнің 

Тек өзің деп білемін. 



Жүргізуші:

 Бізге өзбек халқының ұлт өкілдері өз өнерлерін алып келіпті. Қошеметпен 

ортаға шақырайык! 

Би:

 «Өзбек биі» 



Ару Ана:

 Балалар әрдайым осындай тату дос болып, өз тілдеріңді құрметтеңдер. Осындай 

өнерлеріңе тамсанып қуанып кетіп барамын. Келесі кездескенше сау болыңдар! 

Осымен құрметті қонақтар, балалар бүгінгі тіл мерекесіне арналған ертеңгілігіміз 



аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет! 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет