Ертіс жазба ескерткіші



Дата26.12.2023
өлшемі18,04 Kb.
#144032
Байланысты:
Ертіс жазба ескерткіштері


Ертіс жазба ескерткіші


Көне түркі жазуы, көне түркі әліпбиі, түркі руникалық әліпбиі – Орталық Азия жерін бағзы заманнан мекендеген түркі тілдес тайпалардың тұңғыш әріптік жазуы. Көне түркі Орхон-Енисей әліпбиінде 35 әріп бар, әрбір әріптің түрлі график. нұсқалары қолданылады. Бұдан тыс 4 арнайы жазу таңбасы кейбір дауыссыздардың тіркесін беру үшін пайдаланылады (лт, нт, нч, рт). Жазудың бағыты – оңнан солға қарай. Бұл әліпби қалыптасқан график. жүйе болып табылады және негізінен көне түркі тілінің фонет. жүйесімен үйлеседі. 8 дауысты фонема (а мен ә, ы мен і, о мен у, ө мен ү) төрт қана полифонды әріппен, 16 дауыссыз фонема (фонема нұсқалар) 31 әріппен белгіленеді, 11 дауыссыз фонема (б, ғ-г, д, й, қ-к, л, н, р, с, т, ш) жуан-жіңішке нұсқалары таңбалармен ажыратылады. Кейде олар жіңішке әрі жуан әріптің орнына қолданылады. Бұдан тыс 5 дауыссыз фонема (з, м, н, п, ч) дара таңбамен ғана белгіленеді. К. т. ж-ның шығу тегі әлі шешіле қойған жоқ. 1893 ж. осы жазудың кілтін тапқан Дания ғалымы В.Томсен (1842 – 1927) көне түркі әліпбиі арамей (парсы-арамей және арамей-соғды) жазуының әсерімен шықты деген жорамал ұсынды. Түркітанушылардың дені бұл пікірді қолдады. Томсен мен орыс ғалымы Е.П. Поливанов (1891 – 1938) арамей әліпбиіне жанасымы жоқ бірсыпыра руникалық таңбалар идеограммалардың (логограммалардың) негізінде пайда болды деген болжам жасады. Ал орыс шығыстанушысы Н.А. Аристов түркі руналарын ешбір бөгде әліпбидің ықпалынсыз, түркі руна таңбалары негізігде туған төл жазу деп санайды. К. т. ж. жөнінде басқа да пікірлер бар, бірақ олардың ешқайсысы жазба таңбалардың нақты ұқсастығын аша алмайды. Археол. зерттеу барысында жаңадан табылған этногр. ескерткіштер ертедегі түркі тілдес халықтардың ең көне жазба түрлерін пайдаланғанын дәлелдеді. Б. з. д. 5 – 4 ғ-лардағы қорымдардан табылған руникалық немесе руна тәріздес екі ойма жазу Оңт. Сібір мен Қазақстанның ежелгі көшпелі тайпаларында өзіндік әліпби болғандығын айғақтайды. Мұның бірі – Ертіс бойынан табылған сүйек тұмардағы (қ. Ертіс жазба ескерткіші), екіншісі – Іле бойынан табылған күміс тостағаншадағы ойма жазу (қ. Есік жазба ескерткіші). Көне түркі әліпбиі Оңт. Сібір мен Жетісу жерінде ерте дәуірде, яғни, б.з.д. 1-мыңжылдықтың орта кезінде қалыптасқандығын археол. жаңа деректер мен палеогр. талдаудың нәтижелері дәлелдейді. Бұл көне әліпби Жерорта т. маңындағы алғашқы әліпбилермен генетик. жағынан тікелей байланысты. Демек, ол көне грек әліпбиінің жергілікті түрлерімен, финикия әліпбиінің және оның жалғасы – ертедегі арамей әліпбиімен, сондай-ақ Арабиядағы көне әліпбилермен етене жақын. Көне түркі руна таңбаларының шығу тегі басқа көне әліпбилердің шығу тарихымен тамырлас. Көне түркі әліпбиінің әуел бастағы түпкі негізі б.з.д. 3 – 2-мыңжылдықтағы беймәлім лотогр. немесе әліпбилік жазу болуы ықтимал, ал басқа көне әліпбилермен ішінара ұқсастықтар олардың арғы тегіндегі бастауы бір екендігін көрсетеді. К. т. ж-ның шығу тарихы жалпы әліпбилік жазудың шығу тегімен ұштасады.


Ертіс жазба ескерткіштері қатарын археолог Ф.Х. Арсланованың 1960 жылы Ертіс өзенінің оңтүстік жағасында (Павлодар облысы, Бобровое елді мекені) жүргізген далалық зерттеу жұмыстары кезінде көне қорғаннан табылған сүйек тоғадан бастаймыз. Бұғы бейнелі сүйек тоғаның бетіне алты таңба ойып жазылған. Белгілі рунатанушы профессор Алтай Аманжоловтың пікірінше, ескерткіштің жазылу уақыты – б.з.б. Ү-ІҮ ғасырлар. Сүйек тоғадағы жазудың мағынасы: «Ақ бұғы – құт бұғы». Ескерткіштегі жазу үлгісі Есік жазуына ұқсас. Шығыс Қазақстан облысы, Үржардан табылған қола айнадағы жазуды ғалым: «ер шушук азиз өлүт» – «ер шарап ішкен соң мезгілсіз өлді»,- деп аударады. 1969 жылы Ф.Х.Арсланова Шығыс Қазақстан облысы, Шемонаиха ауданы, Зевакино ауылы маңындағы қорғаннан əйел мүрдесін табады. Оның жанында алтынмен қапталған екі күміс сырға, балықтың қоладан құйылған мүсіні мен қола айна табылады. Ішкі жағында 11 таңбадан, ал шетінде 20 таңбадан тұратын көне түркі жазу бар. А.Аманжолов ішкі жазуды: «Жебеуші – қызыл айдаһар»,- деп, ал айнаның шетіндегі жазуды: «Əйел – үйдің құты»,- деп оқиды. Жарма ауданындағы Қалбатау петроглифтерін зерттеген ғалым Шойтабан мекенінен «абагай – ағатай» деген жазуды табады. Марқакөл ауданындаңы Қызылтас жартасынан «Ай элиг – Ай қаған мекені» деген руна жазулы мəтін табылды. Павлодар облысынан табылған күміс білезікте «Шашуқ айу қоқыс – шашылған байлық қоқыс» деген сөйлем бедерленген. Ал Күршім ауданы, Қаратоғай мекенінен табылған тас мөрде «таңда –тын» деген сөз тіркестері ойып жазылған.
Шығыс Қазақстан облысы, Ертіс өзені бойындағы «Зевакино» ауылына жақын жердегі көне түркі қорғанынан табылған әйел адамның мүрдесі және түрлі зат бұйымдармен қола айнаға қашалып жазылған мәтін ғалымдарымыз үшін таптырмас олжа болғаны анық. Мәтін мынадай: «Жебеуші қызыл күрең айдаһар. Әйел күншілдігін азайтса құты қонады». Ғалымдардың тұжырымы бойын­ша екі сөйлемнен тұратын мәтін ІХ-Х ғасырларға тиісті.
Қола айнадағы жазу туралы ғалым Н.Базылханның ғылыми еңбегінде түсініктеме беріледі: «Қола айнаның жиегі мен ішкі шеңберінде дөңгелене үшкір темір затпен қашалып, екі жол мәтін жазылған. Оны 1969 жылы Ф.Х.Арсланова тапқан. Мәтіндік зерт­теулерін Ф.Х.Арсланова, С.Г.Кляш­торный, А.С.Аманжолов жүргізген (Н.Базылханның «Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Енисей, Талас), «Қазақстан тарихы түркі тілді деректемелерде» атты сериясы бойынша. 2-том, Алматы, «Дайк-пресс», 2005 жыл, 241-бет).


Енді екі сөйлемнен тұратын осы қола айнадағы жазудың не мағына беретінін ойлап көрейік. Бірінші сөйлем: «Жебеу­ші қызыл күрең айдаһар». Осыдан кейін «Әйел күншілдігін азайтса құты қонады» деген екінші сөйлем жазылған. Меніңше, осы екі сөйлемнің арасында бірнеше сөйлем болуы мүмкін. Қола айнаға қашап жазылған жебеуші қызыл күрең айдаһардан кейін әйел күншілдігінің, яғни күншіл әйелдің зияны туралы дидактикалық бағытта сөздер жазылған. Қазақта «Әйел азса, заман азады» деген сөз бар. Бейбіт заманның орнығуы да ақылды әйелдерге байланысты екен. Қола айнадағы әйел туралы жазылған сөздің маңызы өте зор.
«Жебеуші қызыл күрең айдаһар» – бұл белгілі бір идеяға құрылған шығарманың алғашқы немесе ортасындағы сөйлем болуы да ғажап емес. Қола айнаның бетіне белгілі бір затқа жазылған жазудың көшірілуі де мүмкін. Осындай көшіру барысында сөйлемдер қалып қойды ма? Не десек те, бұл жазу Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған сияқты тасқа қашалып жазылған дастандардай әдеби жәдігерлердің үзінділері болуы да ықтимал. Адамзаттың жауы болып есептелетін айдаһар қазақ ертегілерінде көп кездеседі. Қазақ түркілерінің ауыз әдебиетінде батырлардың айдаһармен шайқасуы, айдаһардың жағымсыз, халықтың қаһарына ұшыраған жалмауыз ретінде сипатталуы айдаһардың ауыз әдебиеті үлгілерінің кейіпкері болғанын дәлелдейді.
Енді «Әйел күншілдігін азайтса құты қонады» деген екінші сөйлемге орай ой өрбітейік. Бұл – өсиет сөз. «Әйел – отбасының алтын қазығы» деген қанатты сөз бар. Ендеше, отбасында, қоғамда әйелдің алатын орны ерекше. Демек, әңгіме әйелдердің ерекшелігі жайлы болып отыр. Қола айнадағы «Әйел күншілдігін азайтса құты қонады» деп ақылды, сабырлы, жауласқан елді елдестіретін, елі мен жерін қорғауға күш салатын, ұрпақ өсіріп, елдің қорғаныс қуатын арттыратын әйелдерді айтып отыр.


Шығыс Қазақстан аймағы Қаратоғай ауылының арғы жағында, Еңбек ауылына таяу тұстағы Қозыбай фермасының маңында жатқан бұл сай қуысынан 89-жылдары алғашқы қауым адамдарының қолымен жасалған бірсыпыра тас бұйымдар: шапқыш заттар, сындырғыштар, екі жағы да өңделген өткір жүзді құралдар табылған. Шаруа қожалығының үй-жайы өркешті жоталардың ішіндегі сол сайдың қарсы беткейінде тұр. Қойнауына қаншама сыр бүккен осы тарихи орынды анықтауға, табанында руникалық жазуы бар тас мөрді, Қаратоғай өңірінен табылған басқа да бірнеше заттарды жинап, зерттеуге Қаратоғай ауылында тұрған шежіреші, тарихшы Ақаш Жүнісов үлкен еңбек сіңірген.
«Осы хабарды естіген филология ғылымының докторы, профессор Алтай Аманжолов тас мөрдің табан таңбасын суретке түсіріп, сол кездегі «Білім және еңбек» (11/ 1988) журналында «Ертіс жазу ескерткіштері» деген тақырыпта басылып шықты. Журналда басылғаны: Бауға тағылатын тас мөр табанына ойылған таңбалар руникалық жазу болып шықты. Оқылуы: «сеч, абын». Қазіргі тілімізде: «Таңда, уан!» Демек, өмірден әр нәрсені таңда да, содан мейірім тап» дегенді меңзейді… Бұл тас мөр табанындағы таңбалар мен руникалық жазу Алматының Республика алаңындағы құйма плиталар мен қондырғыларға да көшіріліп басылған екен. Тас мөр 1966 жылғы қалың қар еріп Қалғұты өзені тасыған кезде Қаратоғай ауылы жанындағы өзен көпірінің іргесіндегі қолтықта тасқын су иіріп, қайырып кеткен құмтасты төбешіктен табылған еді» деп жазған көзі тірісінде Қаратоғай өңірінен табылған тас мөрдің тарихы жайында Ақаш Жүнісов өзінің «Шежірелі тау қойнауы» кітабында. Иә, бағзы заманда жасаған бабаларымыздан қалған тағы бір жыршы тас, дұрысы тас мөр тыныштыққа шақырып, «таңда, уан» деп үн қатыпты. Тас мөрдегі жазу арасында еңкейіп тұрған адам басының бейнесі, гүл және орақтың суреті де бар болған.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет