Әртүрлі табиғи субстраттардан ашытқыларды бөліп алу және идентификациялау



бет1/5
Дата17.10.2023
өлшемі268 Kb.
#116878
  1   2   3   4   5
Байланысты:
sciPaper26953


ӘОЖ 62.13.31
Г.С. Шерубаева, П.С. Уалиева, А.С. Жакипбекова, Г.Ж. Абдиева,
Н.Ш. Акимбеков
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті,
Алматы қаласы, Қазақстан
guka_9110@mail.ru


Әртүрлі табиғи субстраттардан ашытқыларды бөліп алу
және идентификациялау


Аңдатпа. Әртүрлі табиғи субстраттардан ашытқы дақылдары бөлініп алынып, олардың белсенді штамдары іріктелінді. Іріктелініп алынған ашытқы штамдары морфо-дақылдық, физиология-биохимиялық қасиеттерін зерттеу және ПТР-анализі мәліметтері нәтижесі бойынша түрге дейін идентификацияланды. Идентификацияланған штамдар мынадай түрлерге жатқызылды: A1 штамы - Yarrowia lipolytica, И1 штамы - Cryptococcus uzbekistanensis, TD1 штамы - Pichia fermentans, TD6 штамы - Candida inconspicua, TD7 штамы - Kluyveromyces marxianus.
Түйін сөздер: ашытқы, жемдік ақуыз, микробты биомасса, субстрат, штамм.

Г.С. Шерубаева, П.С. Уалиева, А.С. Жакипбекова, Г.Ж. Абдиева,


Н.Ш. Акимбеков
Выделение и идентификация дрожжей из различных субстратов


Аннотация. Из различных природных субстратов были выделены культуры дрожжей, из них отобраны активные штаммы. По результатам изучения морфо-культуральных, физиолого-биохимических свойств и данных ПЦР-анализа отобранные штаммы дрожжей были идентифицированы до вида. Идентифицированные штаммы были отнесены таким видом: штамм A1 - Yarrowia lipolytica, штамм И1 - Cryptococcus uzbekistanensis, штамм TD1 - Pichia fermentans, штамм TD6 - Candida inconspicua, штамм TD7- Kluyveromyces marxianus.
Ключевые слова: дрожжи, кормовой белок, микробная биомасса, субстрат, штамм.

G.S. Scherubaeva, P.S. Ualieva, А.S. Jakipbekova, G.J. Abdieva, N.Sch. Akimbekov


Isolation and identification of yeast from various substrates


Abstract. From various natural substrates the yeast cultures were isolated and active strains selected. According to the results of studying the morphological and cultural, physiological and biochemical characteristics and PCR analysis of selected yeast strains were identified to the species level. Strains were classified as following: strain A1 is Yarrowia lipolytica, strain I1 is Cryptococcus uzbekistanensis, strain TD1 is Pichia fermentans, strain TD6 is Candida inconspicua, strain TD7 is Kluyveromyces marxianus.
Keywords: yeast, feed protein, microbial biomass, substrate, strain.

Қазіргі кезде мал шаруашылығының дамуына байланысты оларды толыққанды жемдік ақуызбен қамтамасыз ету маңызды мәселелердің бірі. Ауыл шаруашылығы жануарларын және үй құстарын қоректендіру үшін жемнің жетіспеуіне байланысты белок көзі ретінде микробты биомассаға аса назар аударылуда [1]. Арзан шикізатты пайдаланатын микробты биомасса өндірісін жануарлар азығындағы белоктың жетіспеушілігін жою құралы ретінде қарастырады. Белгілі микроорганизмдер ішінен ашытқылар биомассасы практикалық тұрғыда бағалы болып саналады, өйткені олар тағамдық және микробиологиялық өнеркәсіпте кеңінен қолданылады. Жемдік ашытқыларды өсіру үшін субстрат ретінде көмірсутектер, ағаш өңдейтін өнеркәсіп және өсімдік қалдықтарының әртүрлі гидролизаттары пайдаланылады [2]. Ашытқыларды өндіріс қалдықтарында өсіру мүмкіншілігі белоктық заттарды алу процесін өзекті етеді және қоршаған ортаны қорғау шараларында маңызды рөл атқарады.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет