Есеналиева жанар е с е н а


ІІ-тарау.  ПРОФЕССОР ЕСЕНАЛИЕВА ЖАНАР



Pdf көрінісі
бет14/81
Дата19.09.2023
өлшемі10,61 Mb.
#108775
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   81
ІІ-тарау
ПРОФЕССОР ЕСЕНАЛИЕВА ЖАНАР 
ЖОРАБЕКҚЫЗЫНЫҢ ТАҢДАМАЛЫ ҒЫЛЫМИ 
МАҚАЛАЛАРЫ
___________________________________________
1. ҰЛЫ АБАЙ ЖӘНЕ ШЫҒЫС ТІЛДЕРІ
1.1. «Абай тілі сөздігіндегі» араб, парсы сөздерінің 
берілуі
Ұлы акынның тілін танып - білу саласындағы үлкен 
ғылыми жұмыстың бірі – «Ғылым» баспасынан 1968 жылы 
шыққан «Абай тілі сөздігі». Сөздік М.Әуезовтың басқаруымен 
1957 жылы халық көрген Абайдың екі томдық шығармалар 
жинағы тексті бойынша, түсіндірме сөздік үлгісімен жасалған. 
Сөздікте Абай қолданған 6000-ға жуық жеке дара сөзге 
анықтама беріліп, мағынасы сараланып, түсіндірілген, әр сөзге 
қажетті мысалдар, сөз тіркестері, сөз тұлғалары тізілген. Ұлы 
ақынның шығармаларында қолданыс тапқан сөздердің бәрі 
дерлік Абай заманында да, қазіргі тілімізде де қолданылатын 
сөздер, сонымен бірге бұл сөздікте ақын туындыларында 
кездескенімен, осы күнгі тілімізден шығып қалған сөздер 
тобы да түгелімен қамтылған. Сөздік «Абай шығармалары 
өлеңмен де, қара сөзбен де жазылғандықтан сөздерге берілетін 
сипаттамалар да стиліне орай, олардың қолдану еркшеліктерін 
саралап ашуды нысана тұтқан» [1,19]. 
Енді ұлы ақын туындыларында көптеп кездесетін араб 
және парсы сөздерінің «Абай тілі сөздігіндегі» көрінісі дегенге 
келетін болсақ, бұл ретте белгілі шығыстанушы, арабист 
Ә.Дербісалиевтің «Бір өкініштісі сол Абай біліп, түсініп қол-
данған араб, парсы сөздерін оның шоқтықты шығармаларына 
жазылған түсініктемелерде біз дұрыс көрсете алмай келеміз» [2]. 


Лингвистиканың өзекті мәселелері
54
«Абай тілі сөздігін» бастан-аяқ шолып шыққанымызда не 
бары 341 сөзге араб, парсы сөзі деген белгі барын айта кеткеніміз 
жөн. Бұл, әрине, ақиқаттан алшақ. Себебі көптеген араб және 
парсы сөздері қазақтың төл сөзі деп танылған. Мысалы, 
амал, 
береке, әдет, талап, заман, адал, нұр, сабыр, қызмет, уақыт
т.б 
сөздер шығу тегі араб, парсы сөздері болса да, ол туралы ештеңе 
айтылмаған. Жарайды, бұл сөздер фонетикалық өзгеріске 
ұшырап, қазақ тіліне етене болып кеткен сөздер делік. Ал «мен 
мұндалап» тұрған араб, парсы, сөздерінің өзі де қазақтың 
төл сөзі боп көрініс тапқан. Оларды да атап өткеніміз абзал. 
Мысалы, «Абай тілі сөздігініңде» 
мехнат, шариғат, ғұлама, 
хауып, күпір
сөздеріне де араб сөзі деген белгі қойылмаған. Тіпті 
бір сыңары араб, екіншісі парсы сөздерінен құралған 
әсемпаз, 
әуесқой, бәлки, бейғам, бейкүнә, бейхабар, адамзат, бейшара, 
намазшам, күнәкәр, қамқор, патша, яки, құмарпаз
т.б сөздер де 
аталмыш жинақта қазақтың төл сөзі болып көрсетілуі, әрине, 
шындыққа жанаспайды. 
Сөздікте Абай өз туындыларында дұрыс пайдаланған 
араб, парсы сөздерінен құралған «шаһбаз» лексемасын - парсы 
сөзі, мағынасы «сабаз, ер, патшадай» делінген. Дұрысында, 
бұл тіркестің бірінші «шаһ» - арабтың патша сөзі де, ал екінші 
сыңары «баз» - парсының сұңқар , қыран сөзі. Ұлы ақын қазіргі 
қазақ тілімізде 
сабаз
болып кірігіп кеткен, адамның қасиетін 
білдіретін сөздің тұп нұсқасын пайдаланып отыр. Сондай-ақ
сөздіктің 425- бетінде «ләп» сөзін - араб сөзі деп «ерін» болып 
аударылған. Арабтардың әдеби тілінде ерінді «шафат» дейді, ал 
«ләп» ерін мағынасында парсы тілінде кездеседі.
Кейбір араб, парсы сөздерінің сөздікте дұрыс 
транскрипциясы берілгенімен, аударылуы дұрыс емес. Мәселен, 
680-бетте 
«хадиб»
деген сөз беріліп, аудармасы «пайғамбардың 
айтып кеткен өсиет сөздері» деп көрсетілген. Бұл сөздің дұрыс 
аудармасы « пайғамбардың өмірінен, әдет ғұрпынан әңгіме, 
аңыз» болуы керек еді حديث
[
хадиис
] - /рел. рассказ из жизни 


55
Лингвистиканың өзекті мәселелері
пророка/. Сондай-ақ, сөздікте «
аят»
сөзіне сөздіктің 86 бетінде 
«құранның қағидасы» деп түсініктеме берілген. Бұл да көңілге 
қоныңқырамайды. Аят- құран сүресіндегі жеке шумақтар емес 
пе? ةيا - [айат] - /рел. стих Корана/. 
Сөздіктің 448 бетінде «
мүбада
» деген сөз беріліп, 
аудармасы «егер, бір себеппен» деп көрсетілген. Бұл арабизмнің 
транскрипциясы бұрмаланып жазылуымен қатар, тәржімесі де 
дұрыс емес. Тіпті бұл сөз қазақтың төл сөзі болып танылған. 
Анығына келсек, [мүбада] -
 
ةدبم яғни /бастама, инициатива/ 
[Бұдан былайғы жерде араб сөзінің нақ аудармасын арабша-
орысша сөздіктен алғанымызды ескертеміз]. Бұл сөздің түбірі 
[бад

а] ادب / бастау/ етістігі болып шығуы тиіс еді. 
Сөздікте бұл сияқты дұрыс түсініктеме берілмеген сөздер 
өте көп. Сөзіміз нақты болу үшін тағы мысалдар келтірейік. 
Мәселен, «ғафіл» сөзі сөздікте «өкінушілік, опық жеушілік», ал 
ол арабтың ынтасыз, салғыр - салақтық لفاغ– [ғафил] /
невнимательный, небрежный, беспечный/ деген сөзі. 
Сөздікте «
мазлұм
» сөзі «момын, зұлым емес» боп 
аударылған, ал ол сөз «зәбір көруші, қорлық көруші» مولظم
[мазлум] - /угнетенный/. Сондай-ақ «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет