Құрметті
Лейла Нушревановна!
Сізді 70 жасқа толған мерей тойыңызбен шын жүректен
құттықтаймыз! Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат,
шығармашылық табыс тілейміз!
Өзіңіз басқарып отырған лингвистика теориясы және
коммуникация кафедрасының атынан – ғылым докторы
Есеналиева Жанар Жорабекқызы.
ҚазХҚжӘТУ Хабарлары
№2 (33) 2014.110-113бб.
Әдебиет
1. Таирбекова Л.Т. Французские собственные имена в
азербайжанском языке.Автореферат на соис.кан.фил.наук, Баку-1985,25с.
2. Таирбекова Л.Т. Ассимиляция экзогенной лексики (на материале
русских заимствований французского происхождения в азербайжанском
языке). Автореферат на соис. док. фил. наук, Москва, 1999,42с.
Профессор М.Т. Сабитова және филологияның өзекті
мәселелері
Филология ғылымдарының докторы, Абылай хан
атындағы Халықаралық қатынастар және Әлем тілдері
университетінің профессоры Марияш Тетешевна Сабитова
биыл желтоқсан айының 20-сында 75 жасқа толды.
Білікті маман жүзге тарта ғылыми, ғылыми-көпшілік
еңбектерді жариялады. Олардың ішінде монография, оқулықтар,
типтік бағдарламалар және жинақтап қорытатын зерттеулер
бар. Ғалымның негізгі еңбектері тіл білімінің көп ізденісті,
жан-жақты зерттеуді қажет ететін аса жауапты салаларына –
аударматану, мәдениетаралық коммуникация және салғас-
тырмалы типологияға қатысты.
Лингвистикасындағы маңызды салалардың бірі –
аударматану ғылымы. Бұл мәселенің әлі де қарастыратын, жеке
талданатын проблемалары көп екені айғақ. Сонымен қатар бір
тілден екінші тілге аудару жағдайының Қазақстан
Лингвистиканың өзекті мәселелері
262
Республикасында бүгінгі таңда жүргізіліп жатқан тіл саясатына
тікелей қатысы бар. 2001 жылғы 7 ақпанда Қазақстан
Республикасының Жарлығымен бекітілген «Қазақстан
Республикасында тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» шет тілдерін
оқыту-үйретудің маңыздылығы, терминжасамды жолға қою,
реттеу туралы айтылған болса, бұл аталғандардың барлығы да
аудармаға байланысты болып шығады. «Мәдени мұра»
бағдарламасы бойынша да өзге тілдерден қазақ тіліне аударылған
көркем әдебиеттің қорын жасау айтылады. Демек, бүгінгі таңда
қазақ мәдениетінде де, тіл ғылымында да аударманың
практикалық жұмыстарын өрістетуде, оның қыр-сырын,
теориясын жіті білуге профессор М.Т.Сабитованың
аударматануға арнаған зерттеулерінің үлкен септігі тиері сөзсіз.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында тіл саясатының
батыл, қарқынды, әрі оңтайлы түрде жүзеге асырылып келе
жатқандығына, қазақ тілінің қоғамдық қызметі аяларының
кеңейе түсуіне байланысты қазақ лингвистикасы жаңа ғылыми
парадигмаларды қалыптастыруға және дамытуға, бұрын қолға
алынған ғылыми бағыттарды тың арнада қарастыруға, осы
бағыттарды соны пікірлермен, практикадан алынған
тәжірибелердің қорытындыларымен толықтыруға бет бұрды.
Басқаша айтқанда, соңғы жылдары сөздің семантикасы адам
әлемімен, ғаламның тілдік бейнесімен және адамның когнитивті
қабілетімен тығыз байланыста талданатын болды.
Тілді зерттеудің жаңа бағыттары бір тілден екінші тілге
аударудың бұрын айтылып келгеніндей тек үдеріс емес, сонымен
қатар мәдениетаралық коммуникация, сөйлеу актісі, адамның
коммуникативті мінез-құлқы сияқты мәселелерге тығыз
байланысты екендігін айқын көрсетіп берді. Марияш Тетешевна
Сабитова тіл білімінің жаңа бағыттарының бірі –мәдениетаралық
коммуникацияға да өз үлесін қосуда. Ғалымның көп ізденіп,
атақ, дәреже алған еңбектері – осы аударматану, мәдениетаралық
коммуникация және салғастырмалы типология саласында
жазған ғылыми жұмыстары.
263
Лингвистиканың өзекті мәселелері
М.Т.Сабитованың ізденістеріндегі салғастырмалы-
типологиялық зерттеулеріне, құрылымы әртүрлі тілдердегі
фразеологизмдерді салғастырған жұмыстарына ерекше
тоқталғымыз келеді. Бұл мәселелерге жеке монография мен
бірсыпыра еңбектер жазылған. Ғалымның іргелі еңбектерінің
қатарына енетін «Фразеологизмдерді салғастырмалы талдау
мәселесі», «Қазақ және неміс тілдеріндегі компаративті
фразеологизмдерді
салғастыра
оқыту»,
«ЖОО-да
фразеологизмдерді салғастыра оқытудың негізі» т.б.
зерттеулерінің отандық тіл білімінде алатын орны ерекше.
Профессор М. Т. Сабитованың ғылыми еңбектерінің дені
құрылымы әртүрлі қазақ және неміс тілдерін салғастырмалылы-
типологиялық жағынан зерттеуге арналған. Әсіресе 1992 жылы
шыққан «Неміс және қазақ тілдерінің салыстырмалы
фразеологиясы» атты оқу құралына, 1999 жылы шыққан «Қазақ
және неміс тілдеріндегі фразеологизмдерді салғастырудың
негізі» атты монографияға, 2006 жылы жарық көрген «Неміс,
орыс, қазақ тілдерінің фразеологиясының салыстырмалы
типологиясы» атты дистанциондық оқу құралына ғалымдар оң
баға беріп, салғастырмалы типологияға қосылған елеулі үлес
деп таныды.
Халықтың өмірі, дүниеге көзқарасы фразеологизмдерде
сақталғаны белгілі. Лингвистика ғасырлар бойы тілде сақталып
келген фразеологизмдердің рөлін анықтауға тырысады.
Фразеологизмдер – ұлттық болмысымызды танытатын бай
мұраларымыздың бірі, халқымыздың рухани көрсеткіші.
Фразеология - әлемнің тілдік бейнесінің үзіндісі. Ол дүниені
сипаттап қана қоймайды, оны түсіндіреді, оған бағасын және
көзқарасын білдіреді. Фразеологизмдерде ұлттық мәдениеттің
ерекшелігі көрінеді, әдет-ғұрпы, салт-санасы мен ұлт
мәдениетінен, тұрмыс-тіршілігінен хабардар етеді. Онда
халықтың дүниетанымы, көңіл-күйі көрініс табады.
Фразеологизмдер халықтың рухани құндылықтарын білдіреді,
оның өткенімен, салт-дәстүрімен, ұлттық ерекшелігімен
таныстырып, халыққа тән мінез-құлқын ашады. Олай болатын
Лингвистиканың өзекті мәселелері
264
болса, профессор М.Т.Сабитованың салғастырмалы типоло-
гиялық зерттеулері қазақ және неміс фразеологизмдердің төл
ерекшеліктерін түсінуге жол ашады.
М.Т.Сабитова өзінің салғастырмалылы-типологиялық
зерттеулерінде лингвистикалық салғастырмалы талдаудың
қиындығы мен аздығын көрсете отырып, тілдердің түрлі
топтарына және салғастырудың кез келген деңгейінде қолдануға
болатын кейбір ұстанымдарды анықтап, оларды жіктеп
көрсетеді:
1.Жеке тілдерді зерттеу салыстыра, тұтастай және
кезеңмен жүргізілуі тиіс, жеке тілді зерттеу тіларалық зерттеуден
бұрын басталады;
2.Ұқсастықтар мен айырмашылықтарға салғастырмалы
талдау – салғастыру бірліктері арасындағы обьективті
ұқсастыққа негізделеді;
3.Тілдегі бірліктерді салғастыру және тілдерді зерттеудің
біртұтас теориясы негізінде жүргізілуі тиіс. Біртұтас ұғым –
терминологиялық аппарат көмегі арқылы жүзеге асады;
4.Бір жақты немесе екі жақты салғастыру; оның
нәтижелерінің салғастыру барысы, мазмұны біржақты (А
тілінің ерекшелігін Б тілінің ерекшелігіне қатысты зерттеу
немесе керісінше), немесе екі жақты (А және Б тілдерін қатар
талдау) болуы мүмкін.
5.Салғастырмалы талдау тілдік формадан мазмұнға
(семассиологиялық жол) немесе мазмұнын оның айтылым
тәсіліне қарай (ономасиологиялық жол) бағытталады.
Салғастыра зерттеуде осы екі жол өзара үйлесіп тұрады.
6.Салғастыра зерттеу синхронды-салғастыру немесе
диахронды- салғастыру болуы мүмкін.
7.Салғастырмалы талдаудың көздері: салғастырылушы
тілдің түпнұсқа материалдары.
Лингвистикалық типология зерттеу нысанына қарай жеке
және жалпы типология сабақтастығына құрылғанын ескерсек,
жалпы мен жалқының байланысы қазіргі зерттеулердің өзегіне
айналып отыр. Жеке типология – бір тілдің құрылымдық
265
Лингвистиканың өзекті мәселелері
ерекшеліктерін, жүйелік нормаларын сипаттай отырып, бір
немесе бірнеше халықтар үшін маңыздылығын анықтауға
бағытталса, жалпы типология – барлық тілдерге ортақ болатын
қалыптасу, даму ұстанымдарын сұрыптауға негізделеді. Жеке
типологияның дамуы арқылы, салғастырмалы-типологиялық
зерттеулер негізінде қалыптасқан жалпы типологиялық
мәселелер тілдерге тән толып жатқан ортақ сипаттардың,
универсалды құбылыстардың табиғатын, себеп-салдарын
ашуды мақсат етеді. Соның нәтижесінде лингвистикалық әр
деңгейдің өз даму принциптерін сұрыптауға болатын
ұстанымдар желісі анықталып, жалпы ереже – «тіл атаулының
барлығына ортақ жалпы заң», жалқы ережелер - әрбір тілдің
өзіндік даму ерекшеліктерін сипаттайтын нормалар болып
есептеледі. Екі бағыттың да типологиялық тіл білімі үшін
маңызы зор. Өйткені кез келген тілдің «қоғамдық құбылыс
ретіндегі жалпы адам баласының тілін сипаттайтын жалпы
заңдылықтармен» қатар «нақтылы бір тілдің өзіне тән, оны
басқа тілдерден бөліп қарауға мүмкіндік беретін жеке заңдарын
ажырата білу қажеттігі» орын алады. Сондықтан бүгінгі күні
жеке тілдік фактілерді жалпы тіл табиғаты негізінде талдау
қажеттігі сол байланыстың уәжді жалғасы болып табылады.
Құрылымы әртүрлі тілдерді типологиялық зерттеуде жеке
тілдің типологиясы болсын, жалпы типологияда болсын
жоғарыда көрсетілген ұстанымдардың тигізер пайдасы орасан.
Сондықтан оларды лингвистикалық типологияда
пайдалану салғастырмалы-типологияны дамытуға, лингвис-
тикалық типологияның метатілін байытып, қалыптастыруға
ықпал жасайды. Қазақ тілін басқа тілдермен салыстыра және
салғастыра зерттеуді дамыту – ана тіліміздің аясын кеңейтіп,
мемлекеттік тіл ретіндегі статусы мерейінің үстем болуына әсер
ететіні сөзсіз.
Мәрияш Тетешевна – ғылыми кадрлар даярлау ісінде де
көпке үлгі. Ол кісінің жетекшілігімен 15 ғылым кандидаты
диссертация қорғады. Сол 15 ғылым кандидатының 12-сінің
зерттеу тақырыптары салғастырмалы типологиядан болды.
Лингвистиканың өзекті мәселелері
266
Қазақ тілінің құрылымы өзге тілмен мәселен, қазақ және неміс
тілдерін салғастырылғанда, қазақ тілінің материалдарын көптеп
пайдаланып, қазақ тіліне тән төл ерекшелік тұрғысынан
салғастыруды талап етуінің өзі – профессордың ғылыми
жолындағы белсенді атқарған ісі деп бағалауға болады.
Ғалым қазіргі уақытта да көптеген магистрлік және
докторлық диссертацияларға жетекшілік етумен қатар, өз
ғылыми ізденістерін ұстаздық жұмыспен шебер ұштастырып
келеді. Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және
Әлем тілдері университетінде «Мәдениетаралық коммуникация
теориясы мен практикасы» курсынан, «Тілдердің салғастырмалы
типологиясы» теориялық курсынан дәріс оқиды.
Достарыңызбен бөлісу: |