Есеналиева жанар е с е н



Pdf көрінісі
бет91/97
Дата17.05.2022
өлшемі10,61 Mb.
#34721
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   97
ІІІ – тарау
ҰСТАЗ ДЕГЕН ҰЛАҒАТТЫ АТАУ
_________________________________________
3.1.  ӘРІПТЕСТЕРГЕ  АРНАЛҒАН  АҚ  ТІЛЕК 
ДАРЫНДЫ ҒАЛЫМ, ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ
Филология  ғылымдарының  докторы,  Абылай  хан 
атындағы  Халықаралық  қатынастар  және  Әлем  тілдері 
университетінің  ғылыми  істер  жөгіндегі  проректоры 
Ахметжанова  Зәуреш  Қанашқызы  биыл,  яғни,  2007  жылы 
желтоқсанның 2- сінде 60 жасқа толып отыр.
Білікті  ғалым  жүзден  аса  ғылыми,  ғылыми-көпшілік  
еңбектерді жариялады.Олардың ішінде монография, оқулықтар, 
сөздіктер,типтік  бағдарламалар  және  жинақтап,  қорытатын 
зерттеулер  бар.  Ғалымның  ізденістерінде  сондай-ақ 
салыстырмалы-типологиялық  зерттеулер  мен  түркі  тілдері 
түбірлерінің лексикалық мағынасын айқындауға айрықша мән 
беріледі. Бұл мәселелерге жеке монографиялар мен бірсыпыра 
еңбектер  жазылды.  З.Қ.Ахметжанованың  іргелі  еңбектерінің 
қатарына  енетін  «Түркі  (қазақ,  қырғыз,  өзбек)  және  орыс 
тілдерінің  лексикасын  салғастырмалы  зерттеу»,  «Қазақ  және 
орыс  тілдерін  салғастырмалы-функционалды  зерттеудің 
принциптері»,  «Салғастырмалы  тіл  білімі:  қазақ  және  орыс 
тілдері» т.б. зерттеулерінің отандық тіл біліміндегі алатын орны 
ерекше.
Профессор  З.Қ.Ахметжанованың  ғылыми  еңбектерінің 
дені  қазақ  және  орыс  тілдерін  салғастырмалы-типологиялық 
жағынан зерттеуге арналған. Ғылым жұмыстарының бағыты – 
тіл  теориясы,  типология  және  салыстырмалы  тіл  білімі, 
әлеуметтік  лингвистика,  екі  тілді  лексикография,  шет  тілдері 
дәрісханасында  қазақ  тілі  мен  орыс  тілін  оқыту  әдістемесі, 
аударманың  лингвистикалық  және  лингводидактикалық 
мәселелері.
Зәуреш Қанашқызы – ғылыми кадрлар даярлау ісінде де 


Лингвистиканың өзекті мәселелері
258
көпке  үлгі.  Ол  кісінің  жетекшілігімен  4  ғылым  докторы,  47 
ғылым кандидаты диссертация қорғады. Қазақ тілі құрылымы 
өзге  тілдермен  салғастырғанда,  мәселен,  ағылшын,  француз, 
неміс,  қытай,  араб  т.б.  қазақ  тілінің  материалын  көптеп 
пайдаланып,  қазақ  тіліне  тән  төл  ерекшелік  тұрғысынан 
салғастыруды талап етуінің өзі - профессордың ғылыми еңбек 
жолындағы белсенді атқарған ісі деп бағалауға болады. 
Профессор қазіргі уақытта да көптеген кандидаттық және 
докторлык  диссертацияларға  жетекшілік  етумен  қатар,  өз 
ғылыми  ізденістерін  жоғары  оқу  орындарында  ұстаздық 
жүмыспен шебер ұштастырып келеді. Бірнеше жылдардан бері 
Абылай  хан  атындағы  Халықаралык  катынастар  және  Әлем 
тілдері  университетінде  «Жалпы  тіл  білімі»  теориялық 
курсынан,  «Құрылымы  әртүрлі  тілдердің  салғастырмалы 
типологиясы» курсынан дәріс оқиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет