ал өзеннің жағасының болуы, өмір
жағалауынаың шығу
мүмкін емес.
Біз көрсеткен Дж.Лакоффтың философ М. Джонсонмен
бірлесіп жазған «Біз метафорлармен бірге өмір сүреміз» атты
еңбегінде метафораны тілде көрініс табатын жаңа когнитивтік
ұғымдарды қалыптастырудың құралы ретінде сипаттайды.
А.Ченки «метафора – өнім, метафора - процесс» деп,
мәтіндегі метафора мен концептуалды метафораның ара жігін
ажыратады.
Тілдегі метафоралық құбылыстарды зерттеумен
концептуалды метафора теориясы (conceptual metaphor theory)
айналысады.
Концептуалды метафора ұғымды, түсінікті категори-
зациялап қана қоймайды, сонымен бірге, ол жинақталған білімді
еске сақтауды қамтамасыз етеді.
Когнитивтік лингвистикаға когнитивтік ғылымының
көрнекі өкілдері психологтар - Э.Рош, Д.Слобин, С.Палмер;
философтар – М.Джонсон, ДЖ.Серл, П.Черчланд; жасанды
интелект бойынша мамандар, нейрофизиологтар - П.Черчланд
және А.Дамасио өздерінің іргелі зерттеулерімен үлестерін
қосты.
Тарихи тұрғыда когнититивтік лингвистика Н.Хомскийдің
генеративизиміне альтернатив ретінде пайда болды. Қазіргі
когнитивтік лингвистика да екі теориялық бағытқа жіктеліп
отыр. Бірі ол теорияны қабылдаса, екіншісі Хомскийдің
теориялық ұстанымын мүлде қолдамайды.
Қазіргі таңда когнитивтік лингвистиканың басты
орталығы Калифорния университетінің Беркли және Сан-Диего
бөлімдері, сондай-ақ, Буффалодағы Нью-Йорк университетінің
Когнитивті ғылымдар орталығы. Европада когнитивті
лингвистика әсіресе Голландияда, Германияда ерекше дамуда.
203
Лингвистиканың өзекті мәселелері
Ресейде когнитивтік лингвистика бағыты бойынша А.Н.
Баранов, Е.С.Кубрякова, В.И.Карасик, Н.Н. Болдырев т.б.
ғалымдар аса маңызды зерттеулер жүргізуде және бүгінгі таңда
«когнитивтік лингвистика» лингвистиканың ерекше бағытының
біріне айналды. Қазақ тіл білімінде профессор Б.Қалиевтің
еңбектерін атап өтуге болады [Б.Қалиұлы 2008.- 91 б. Б.Қалиұлы
2012.- 232 б].
Концептуалды анализдің негізгі тәсілдерінің бірі -
концептінің концептуалды белгілерін анықтау арқылы оны
сипаттау. Концептінің құрылымын қалыптастыратын белгілерді
анықтау арқылы оны сипаттау әдістемесі осы не өзге
мәдениеттегі тіл иелерінің білімі мен тәжірибесінің
бейнеленуінің этноспецификасы туралы мәлімет алуға
көмектеседі. Осы әдістемеге байланысты зерттеу мынадай
кезеңдерден тұрады [А.Сыбанбаева. 2002. -162 б]:
1. Атау-сөз концептінің этимологиясы зерттеледі, сөз
мағынасының тарихы қарастырылады, концептінің уәжді
белгілері анықталады.
2. Компонентті анализ әдісі арқылы атау - сөздің сөздіктегі
дефинициясы және синонимиялық қатардағы сөздердің
дефинициясы зерттеледі, нәтижесінде түсіндірмелі белгілері
анықталады.
3. Метафоралық үйлесімділігі зерттеліп, нәтижесінде
концептің бейнелі белгілері анықталады.
4. Зерттеудің барлық кезеңдерінде концептің анықталған
белгілері топтастырылады. Бұл топтар род немесе түр мінезі
негізінде бірігіп концептуализацияның осы не өзге тәсілін
сипаттайтын белгілердің жиынтығынан құралады. Осы не өзге
топтың белгілерінің сандық көрінісі негізінде Әлемнің тілдік
бейнесінде концептіні танудағы белгілі бір когнитивті
белгілерінің маңыздылығы туралы қорытындылар жасалады.
Сенсорика деп аталатын осы сезім мүшелерінің жүйесі
арқылы біз қоршаған ортаның жылы не суық, шулы не тыныш,
жарық не қараңғы, тәтті не ащы екенін біле аламыз.
Алайда қоршаған ортада естуге, көруге, дәмін татуға
Лингвистиканың өзекті мәселелері
204
болмайтын абстракт ұғымдар мен концептілер бар. Адам барлық
ақпаратты өз денесі арқылы қабылдайтындықтан, осы абстракт
ұғымдарды материалды заттарға теңей бастайды. Бұл осы
абстракт ұғымдарды тереңірек тану үшін жасалады. Сөйтіп
ерекше ориентациялық, «денелік» метафоралар пайда болады.
Ориентациялық метафоралар. Жоғары мен төменді қарсы
қою.
Happy is up, sad is down. (Бақыт – жоғары, қайғы – төмен)
Сонымен, Джордж Лакофф келтірілген мысалдар арқылы
мынадай постулаттарды дәлелдей түседі:
• Әрбір метафора түрлі метафоралық тіркестер арқылы
жүйеленеді
• Метафоралар да, метонимиялар да адамның ұзақ жылдар
бойы жинаған тәжірибесі негізінде пайда болады
• Метафоралар, әсіресе онтологиялық (денелік) метафо-
ралар әлемді жақсырақ тануға көмектеседі
• Бұдан бөлек когнитивті лингвистика аясында «концептіні
концепт ететін бірліктердің бірі – метафора» деген тұжырым
жасауға болады.
Метафора мен метонимия Джордж Лакоффтың зерттеуіне
дейін тек әдеби тілді айшықтау құралдары ретінде зерттеліп
келді. Көбінесе авторлық, «әдемі» метафоралар зерттеу
объектісі болды. Джордж Лакофф болса, дәстүрлі, «өлі», тіпті
біз метафора деп қабылдамайтын үйреншікті тіркестерді
зерттеп, метафораның адамның әлемді тану әрекетінің бір
бөлшегі екенін дәлелдеді. Адам когнитивтік процесте алған
білімін метафоралар мен метонимияларға балайды да, осы
білімді жеткізеді. Сол себепті метафора тек троптың түрі ғана
емес, сонымен бірге – әлемді тану құралы, әлемнің тілдік
бейнесін жасау құралы.
Концептуалды метафора – тілдің атауыштық, ұғымдық
және семантикалық аппаратын байыту құралы. Ол тілде
адамның танымдық процесіне байланысты туып, ғылыми
ұғымның атауы ретінде қолданады. Концептуалды метафорадағы
бейнелілік тілдік және поэтикалық метафораға қарағанда
205
Лингвистиканың өзекті мәселелері
бәсеңдеу, алайда оларда міндетті түрде азды-көпті бейнелілік
болуға тиісті дейді, профессор Б.Қ.Қалиев. Әйтпесе ол
концептуалды метафора деп аталмас еді.
Бұл ұстанымның мақсаты – дүниетану кезінде тікелей
танылуы өте қиын немесе күрделі нәрсені метафора арқылы
танылуы оңай, қарапайым және нақтылы нәрсеге теңеу, болмаса
ұқсату. Ол сайып келгенде когнитивтік тіл білімінде анология
бойынша бейнелеу (кескіндеу,кейіптеу) деп аталатын іс-әрекет
(процесс) болып табылады. Алайда бұл іс-әрекеттің мәнін
түсіну- когнитивтік модельдер мен құрылымдардың
қатысуынсыз мүмкін емес.
Қазақстанның ғылымы мен өмірі.
№4 (81)/2019, 228-233бб.
Әдебиет
1 Лакофф Джордж, Джонсон Марк. Метафоры, которыми мы
живем. А.Н. Баранов аудармасы. Мәскеу, 2004
2 Б.Қалиұлы. Қазақ тіл білімінің ғылыми бейнесі. Алматы, 2008.-
91 б.
3 Б.Қалиұлы. Тіл білімінің жаңа бағыттары: концепт, прагматика,
дискурс, мәтін. Алматы, 2012.- 232 б.
4 А.Сыбанбаева. Метафораның тілдік болмысы және концептуалды
метафоралар. Алматы, Қазақ университеті, 2002. -162 б.
Достарыңызбен бөлісу: |