Есеналиева жанар е с е н


 ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ТҮРКІТАНУ



Pdf көрінісі
бет87/97
Дата17.05.2022
өлшемі10,61 Mb.
#34721
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   97
Байланысты:
Лингвистиканың өзекті мәселелері

5. ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ТҮРКІТАНУ
5.1  Үш  санының  когнитивтік  сипаты:  көне  түркі 
руникалық ескерткіштерінен қазіргі дәуірге дейін
Сандар ұғымы өте ерте заманда туған. Бұл ұғым ғасырлар 
бойы кеңейтіліп әрі жалпылана түскен. Қазақ халқы киеге үлкен 
мән  берген.  «Киелі  ұғымдар»  наным-сенім  негізінде  пайда 
болған құбылыс.  
Ұлы ғалым Пифагор: «Әр сан өзіндік ерекшелікке ие» – 
деген  екен.  Сандар  адам  баласының  ертедегі  өмірінде  уақыт 
өлшемі,  көлемдік  өлшемі  жағынан  ерекше  қызмет  атқарған. 
Таныммен байланысты ескілікті наным-сенім түрлерінің тілдік 
көріністері,  әсіресе  сан  атауларымен  келген  тұрақты  сөз 
оралымдарында өте көп кездеседі. Байырғы кездерде халық әр 
алуан  құбылысқа  нәзік  бақылау  жасай  келіп,  олардың  ортақ 
қасиеттері  мен  сипаттарын  санмен  түйіп,  санамалап  айтып 
отырған. Таным деп отырғанымыздың өзі – адамның ішкі ойлау 
жүйесі. «Киелі ұғымдар» наным-сенім негізінде пайда болған 
құбылыс.  Сандар  адам  баласының  ертедегі  өмірінде  уақыт 
өлшемі,  көлемдік  өлшемі  жағынан  ерекше  қызмет  атқарған 
Сонымен  қатар  бұл  құбылыстың  тарихы  да  ертеде  жатқаны 
байқалады. 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 сандарының қадір-қасиетін 


Лингвистиканың өзекті мәселелері
240
біле отырып, әрбір сан жайлы ой толғанысын тудыру, білімге  
құштарлықты оятады. 
Соңғы ширек ғасырда түркі халықтарының сан есімдері 
жөнінде бірталай еңбектер жазылып, диссертациялар қорғалды. 
Мәселен,  академик  В.А.Гордлевскийдің  «Түркі  тіліндегі  елу 
сан есімі» атты арнайы еңбегі бар. Автор түркі халықтарының 
сан  есімдерін  өзіне  дейін  зерттеген  В.В.Радлов,  Н.Я.Марр, 
В.В.Бартольд  сияқты  академиктердің  пікірлерін  зерттеуінің 
негізіне  алады.  Сондай-ақ  Г.Н.Потаниннің  жалпы  фольклор 
туралы,  түркі-моңғол,  славян,  Скандинавия,  Еуропа 
халықтарының шығармалары жайында жазған еңбектерінде де 
сандар туралы мәліметтер көптеп кездеседі. Ғалым өзіне дейінгі 
еңбектерге сүйене отырып, 3, 7, 9 сандарын киелі, қасиетті деп, 
ауыз  әдебиетінде  көбірек  ұшырасатынын  айтады.  Бұл 
құбылыстың  себебін  Г.Н.Потанин  аспандағы  жеті  планетаны 
дәріптеуден іздеу дұрыс емес екенін ескертеді. Мұндай пікірді 
басқа  да  көрнекті  ғалымдардың  еңбектерінен  көруге  болады. 
Бұл еңбектерде жалпы сандардың білдіретін ұғымдары, олардың 
адамның  қоғамдық  санасымен  байланысты  қаралады.  Қазақ 
тілінде  сандарды  әртүрлі  қырынан  зерттеу  үрдісі  байқалады. 
Мәселен,  сандардың  ішінен  киелі  сандарды  бөліп  алып 
қарастыру үрдісі бар, сондай-ақ сан төңірегінде шоғырланған 
ойлардың  мағынасы  мен  тарихы,  сандардың  жалпы 
фольклордағы  немесе  әдебиеттегі  қызметі,  көркемдік 
ерекшелігі, 
сандардың 
этнолингвистикалық 
сипаты, 
лингвомәдени мәнділігі де қаралып келеді. 
Осындай зерттеулердің бастамасы ретінде І.Кеңесбаевтың 
еңбегін  айтуға  болады.    Ғалым  біршама  фразеологизмдерге 
ұйытқы болған сандардың семантикалық қызметін аша отырып, 
олар  көне  замандағы  діни  сенімдермен  байланысты  болып 
шыққан киелі сандар деп қорытынды жасайды. Бұдан кейінгі 
жылдары  да  сандарға  қатысты  әртүрлі  мақсаттағы 
лингвистикалық  зерттеулер  жүргізілді,  мәселен,  Л.Базен, 
Э.Р.Тенишев, В.И.Чернышев, Э.А.Умаров және т.б.
Қазақ  тіл  білімінде  сандар  жоғарыда  көрсеткен  І.


241
Лингвистиканың өзекті мәселелері
Кеңесбаевтың, сонымен бірге Ә.Хасенов, Ә.Қайдар, Н.Уәлиұлы, 
Т.Жанұзақов,  Е.Қойшыбаев,  Н.Оралбаева,  Т.Сайрамбаев,  Ж.
Байзақов, А.Машанов, А.Елешева, Қ.Ғабитханұлы, Г.Шаһарман, 
Қ.Тажиев, Қ.Дүсіпбаеваның еңбектерінде әр түрлі аспектілерде 
қарастырылды. 
Сан  есім  мәселесіне  арнап  1927  жылы  Ленинград 
қаласында  «Сандарға  қатысты  тілдік  мәселелер»  атты  үлкен 
конференция өтті. Бұл конференция ғалымдарды сандарды тек 
грамматикалық  тұрғыда  ғана  емес,  басқа  жақтан  да,  атап 
айтқанда,  дүниетаныммен  байланысты  зерттеу  керектігін 
түсінгенідігін  көрсетті.  Конференция  негізінде  жарық  көрген 
мақалаларда «санға байланысты мәселелер шешуі қиын, өзекті, 
болашақта тынымсыз ізденуді талап ететін, ұрпақтан ұрпаққа 
жалғасатын  зерттеу  жұмысын  қажет  етеді»  деген  қорытынды 
ойлар  жиі  ұшырасады.  Бұған  дейін  Ресейде  сандарды  тілдік 
тұрғыда зерттеп жүрген ғалымдардың «Сандар тобы» құрылған. 
Бұл  топтың  мүшелері:  славян-албан  тілдерінің  маманы  Н.  С. 
Державин, славист М. П. Долобко, урал-алтаист Н. Н. Поппе 
(финтанушы, монголист), түркітанушы А. Н. Самойлович, үнді-
еуропатанушы Л. П. Якубинский, египет сан есімі бойынша П. 
И. Воробьев, В. П. Томашевский, Я.Марр.
Жалпы түркі тілдеріндегі сан есімдер ХVІІ ғасырдан бері 
қаралып келеді: В. В. Бартольд. «Система счисления Орхонских 
надписей  в  современном  диалекте».  ХІХ  ғасырда  жазылған 
еңбектердің  ішінен  Г.  И.  Рамстедтің  еңбектерін  де  айта  кету 
керек.  Рамстедтің  сандар  саусаққа  қатысты  шыққан  деген 
тұжырымын әсіресе бес сан есімінің этимологиясын білекпен 
байланыстыруын  сол  тұста  ғалымдар  жоғары  бағалап,  осы 
бағытта ізденістер жүргізді.  Көне түркі жазба ескерткіштерінде 
де үш санымен келген этникалық және географиялық атаулар 
кездеседі.
Қазақ халқы тілге бай. Әр сөзін талдай білген, әр сөзіне 
мән берген халық. Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның 
өзіндік қасиеті, шариғатқа қатысы, тәрбиелік мәні, саналы орны 
болған. Расында қазақ бір санынан бастап, әр санның қадірі мен 


Лингвистиканың өзекті мәселелері
242
қасиетін  салмақтап,  өзіне  тән  ерекшелігін  саралай  білген, 
орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік ие болатынын 
мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген.
Жалпы түркі халықтарында, соның ішінде қазақ халқында 
үш саны қасиетті болып есептелінеді.  Мысалы:
Анаңды  меккеге  үш  рет  арқалап  апарсаң  барсаң  да, 
қарызыңнан құтыла алмайсың;
Үш сөзін қазақ халқы жиі қолданады.
Ер кезегі үшке дейін. 
Үш қайнаса сорпасы қосылмайды.
Үйірімен үш тоғыз.
Үш ұйықтаса түсіне кірмейді.
Жау үш шапса, жан қалмайды.
Жұт үш оралса, мал қалмайды.
Үш  қат  :  Жоғары  қат  (аспан),  Ортаңғы  қат  (жер  үсті), 
Төменгі қат (жер асты).
Үш жүз: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз.
Үш тәтті: жан, мал, жар.
Үш дана: Абай, Шоқан, Ыбырай.
Үш жұрт: Өз жұрты, Қайын жұрты, Нағашы жұрты.
Үш асыл: көз, тіл, көңіл.
Үш кем: надандық, еріншектік, зұлымдық.
Үш  сауап:  Шөлде  құдық  қазу,  өзенге  көпір  салу,  жол 
бойына ағаш отырғызу.
Үш тағылым: Мейірімнен - сауап, жақсылықтан – марапат, 
жамандықтан –кесапат.
Үш ақиқат: Қымбат –шындық, арзан – өтірік, дауасыз – 
кәрілік.
Үш ғайып: Ажал ғайып, қонақ ғайып, несібе ғайып,
Үш тұл: Қайратсыз ашу тұл, қалусыз ғашық тұл, шәкіртсіз 
ұстаз тұл.
Үш қуат: ақыл, жүрек, тіл.
Үш байлық: денсаулық, ақ жаулық, он саулық.
Үш артық: адалдық, еңбексүйгіштік, өнерпаздық.
Үш кедейлік: кесірлік, менмендік,  ұйқышылдық.


243
Лингвистиканың өзекті мәселелері
Үш билік: Дәулет, білім, патшалық.
Үш бақытсыздық: Жаман ат, жаман әйел, жаман көрші.
Үш  ынтық:Еркін  өмір,  құрметке  бөлену,  пайдалы  іспен 
айналысу.
Үш арсыз: Ұйқы арсыз, күлкі арсыз, тамақ арсыз.
Үш қуаныш: Алғысқа бөлену, көпке керек болу, артыңда 
ізгі іс қалу.
Үш қадірлі: Ырыс, бақ, дәулет.
Үш би: Үйсін Төле би, арғын Қазыбек би, алшын Әйтеке 
би.
Сан  есім  мәселесіне  арнап  1927  жылы  Ленинград 
қаласында  «Сандарға  қатысты  тілдік  мәселелер»  атты  үлкен 
конференция өтті. Бұл конференция ғалымдарды сандарды тек 
грамматикалық  тұрғыда  ғана  емес,  басқа  жақтан  да,  атап 
айтқанда,  дүниетаныммен  байланысты  зерттеу  керектігін 
түсінгенідігін  көрсетті.  Конференция  негізінде  жарық  көрген 
мақалаларда «санға байланысты мәселелер шешуі қиын, өзекті, 
болашақта тынымсыз ізденуді талап ететін, ұрпақтан ұрпаққа 
жалғасатын  зерттеу  жұмысын  қажет  етеді»  деген  қорытынды 
ойлар  жиі  ұшырасады.  Бұған  дейін  Ресейде  сандарды  тілдік 
тұрғыда зерттеп жүрген ғалымдардың «Сандар тобы» құрылған. 
Бұл  топтың  мүшелері:  славян-албан  тілдерінің  маманы  Н.  С. 
Державин, славист М. П. Долобко, урал-алтаист Н. Н. Поппе 
(финтанушы, монголист), түркітанушы А. Н. Самойлович, үнді-
еуропатанушы  Л.  П.  Якубинский,  египет  сан  есімі  бойынша  
П. И. Воробьев, В. П. Томашевский, Я.Марр.
 Орталық Азия университетінің хабаршысы
 2013 / №4 (34).112-114бб.
Әдебиет
1. Е.Е.Түйте,  А.Ғ.Әбдіғали.  Академик  Е.А.Бөкетов  атындағы  
Қарағанды мемлекеттік университеті.
2. Қазақ Энциклопедиясы, 7 том.
3. Тіл білімі терминдерінін түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-
Словарь», 2005. 
4. Орысша-қазақша  түсіндірме  сөздік:  Ғылымтану.  Жалпы 


Лингвистиканың өзекті мәселелері
244
редакциясын  басқарған  э.ғ.д.,  профессор  Е.  Арын-  Павлодар:  ҒӨФ 
«ЭКО», 2006. 
5. Уәлиев Н. Жұмбақ сандар // Жалын. 1988. 105-108 бб. 
6. Киелі  сан  есімдер  әлемі  //  «Шоқан  тағлымы»-8.  Халықаралық 
ғылыми-практикалық  конференцияның  материалдары.  -Көкшетау:  Ш. 
Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, 2003. - 28-33- б. 
7. Қырық қазына. Ә. Доспамбетов. Алматы 1987


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет