82
(қатысушылар жиналысы) құқығы мен міндетін атқарушы орган немесе
уәкілетті тұлға басшыны конкурс нәтижесінде қызметке тағайындайды және
қызметтен босатады.
2. Өзін-өзі басқаратын білім беру мекемесі
басшысының лауазымдық
сипаттамасы бойынша, бекітілген құқықтық актілер тәртібімен басшы конкурс
нәтижесінде қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
3. Мемлекеттік және муниципалдық оқу орындарының (жоғары оқу
орындарынан басқа) басшыларына қойылатын біліктілік талаптарын және осы
мекемелердің басшылары лауазымына конкурс тәртібін Білім және ғылым
министрі белгілейді.
4. Мемлекеттік емес білім беру ұйымдарының басшылары заңнамаға
сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
5. Білім беру ұйымының басшысы:
1)
стратегиялық жоспарды және мекеме қызметінің жылдық
жоспарларын, оқу бағдарламаларын дайындауды басқарады, бекітеді,
оларды
жүзеге асыруда жетекшілік етеді;
2) белгіленген тәртіп бойынша мұғалімдерді, оқу үдерісіне қатысы бар
басқа да тұлғаларды, сондай-ақ қызмет көрсетуші персоналдарды қызметке
алады, қызметтен босатады, олардың лауазымдық
сипаттамаларын бекітеді;
3) осы Заңның 26-бабына сәйкес ақпаратты жариялауға, оқу орнын
демократиялық басқаруға, әріптестікке негізделген қатынастарды қамтамасыз
етуге, мұғалімдер этикасының нормаларына сәйкестігіне,
қабылданған
шешімдердің ашықтығына, қоғам мүшелерін ақпараттандыруға, педагог және
педагог емес қызметкерлердің біліктілігін арттыруға, кез келген зорлық-
зомбылықтың, мәжбүрлеудің және жаман әдеттердің алдын алатын сау, қауіпсіз
ортамен қамтамасыз етуге жауапты;
4) білім беру мекемесінің қызметі мен басқару ресурстарының ахуалына
талдау жүргізеді және білім беру мекемесі
қызметінің нәтижесіне
жауапкершілікті алады;
5) мектеп жарғысында және білім беру мекемесі басшысының
лауазымдық сипаттамасында бекітілген өзге де міндеттерді атқарады;
6) мектеп кеңесімен бірге бекітілген заңнамалық актілерге сәйкес,
мектеп ғимараттарында немесе мектеп аумағында жылжымалы (мобильді)
байланыс стансаларын орнатуға рұқсат беру/бермеу туралы шешім
қабылдайды;
7) мінез-құлық ережесін бұзғаны үшін оқушыға тәрбиелік ықпал ету
мақсатында балалар құқығын қорғау негіздері
туралы заңда көрсетілген
тәртіптік шаралар белгілейді;
8) баланы минималды және орташа бақылау туралы заңда белгіленген
тәртіппен балаға минималды немесе орташа бақылау шараларын тағайындау
туралы өзін-өзі басқару әкімшілігінің директорына жүгінеді.
6. Жоғары оқу орны басшысының тағайындалуы, өкілеттіктері және
жауапкершілігі Білім және ғылым туралы заңмен белгіленеді [148].
Жоғарыда аталған заңда мынандай терминдерге түсінік берілген: