93
факультеті іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізеді, мәдениет
университетінің
мұрасын
сақтайды
және
университеттің
дәстүрін
жалғастырады.
Факультет кеңесі факультеттің өзін-өзі басқарудың жоғары директивті
мекемесі болып табылады және факультеттің
ғылыми-зерттеулерінің
стратегиясы мен жоспарлауына жауап береді. Қазіргі уақытта кеңеске 22 адам
мүше (олардың үшеуі білім алушылар). Мамандандырылған комиссиялар –
апелляциялар жөніндегі комиссия, аттестаттау жөніндегі комиссия, даулар
жөніндегі комиссия және Academic комиссиясы Кеңеске есеп береді. Факультет
декан басшылығына және деканның үш орынбасарынан (зерттеу, оқыту,
стратегиялық жоспарлау және халықаралық байланыстар үшін), бөлім
басшылары мен факультет әкімшілері кіреді.
Факультет құрамында жеті кафедра: жалпы психология, педагогика
ғылымдары,
философия, логика және философия тарихы, клиникалық және
ұйымдастырушылық психология, әлеуметтік жұмыс және әлеуметтану; сондай-
ақ басқа да академиялық салалық бөлімшелер – криминология орталығы,
психофизиология зерттеу зертханасы, психологиялық инновациялар және
ғылыми-зерттеу оқу орталығы және арнайы психология зертханасы бар.
2014 жылдың қазан айындағы жағдай бойынша факультетте 114 қызметкер
бар: оның ішінде 89 ғылыми қызметкер (оның ішінде 15 профессор). Факультеттің
студенттік контингенті – 1441 студент, оның ішінде 1023 – бакалавриат бағдар-
ламалары, 29 – дәрежесі жоқ бағдарламаларда, 320 – негізгі бағдарламаларда және
69 – докторантурада оқиды.
Факультет төрт студенттік бағдарлама (философия, психология, әлеуметтік
жұмыс, әлеуметтік саясат және әлеуметтану), он
бір магистрлік бағдарлама
(педагогикалық ғылымдар, философия, психология, клиникалық психология,
ұйымдастыру психологиясы, сот психологиясы,
әлеуметтік жұмыс, әлеуметтік
саясат, әлеуметтану, әлеуметтану және криминология және арнайы педагогика)
және төрт докторлық бағдарлама (педагогикалық ғылымдар, философия,
психология, әлеуметтану) бойынша мамандар дайындайды.
Шетелдік оң тәжірибені есепке ала отырып, факультетте мектеп
мұғалімдеріне арналған «Мектеп педагогикасы»
атты бір жылдық бағдарлама
қызығушылық тудырып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: