Есенова камчат аугажыевна



Pdf көрінісі
бет37/75
Дата29.10.2023
өлшемі7,45 Mb.
#121142
түріДиссертация
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   75
Байланысты:
6D010300 ДИССЕРТАЦИЯ ЕСЕНОВА К.А.

Мақсатты компонент
ЖОО-да білім беру менеджерін дайындауды 
жетілдіру және маманның басқару қызметін қалыптастыру қажеттіліктерімен 
анықталады. Бұл компонент әмбебап және арнайы құрамдас бөліктерден 
тұрады. 
Әмбебап құрамдауыш дайындық бейініне тәуелді емес және маманның 
жеке кәсіби қасиеттерін қалыптастыруды көздейді. Маманның кәсіби-тұлғалық 
қасиеттерін анықтау кезінде келесі тұжырымдамалық ережелер ескерілді: 

білім беру менеджерінің тұлғасы нақты әлеуметтік-мәдени жағдайларға 
негізделген кәсіби қызмет субъектісі болып табылады; 

білім беру менеджері – «адам-адам» жүйесінде өзара қарым-қатынас
өзара әрекеттесу, байланысу процесінде ерекше рөл ойнайтын, өзінің кәсіби 
қызметін жүзеге асыратын адам; 

білім менеджерінің жеке бір тұтас, бірақ кәсіби қызметте өзін-өзі 
тұйықтамайтын тұлға. Жеке тұлғаның тұтастығын табиғи қабілеттері мен 
әлеуметтену нәтижелерінің бірлігі ретінде елестетуге болады: әлеуметтік, 
адамгершілік, психологиялық, жалпы мәдени, кәсіби; жеке тұлғаның қызметпен 
кәсіби негізделген қасиеттерінің бұзылмауы; 

білім менеджерінің жеке тұлғасы кәсіби қызметте қалыптасады, дамиды, 
өзін-өзі дамытады, өзін-өзі жетілдіреді және осы қызметтің белсенді субъектісі 
ретінде өзін және қызметін өзгертеді. 
Өзіне тән құраушысы мамандықтың өзіндік ерекшеліктерімен негізделген 
және маманның кәсіби дағдылары мен икемдерін жетілдіруді қарастырады.
Мазмұнды-әрекеттік компоненті 
басқару, экономика, педагогика
психология бойынша білім көлемін меңгеруге бағытталған және студенттерге 
басқару қызметі саласында теориялық және практикалық дағдыларды 
меңгеруге мүмкіндік беретін болашақ менеджердің пәндік дайындығының 
мазмұнын құрайтын қосалқы жүйе болып табылады.
Бұл компонент мазмұндық және іс-әрекеттік атты екі өзара байланысты 
элементті қамтиды:
1.
Мазмұндық белгілі бір білімді қалыптастырумен байланысты (елдегі 
басқару кадрларын даярлаудың мәні мен ерекшелігі, ЖОО-да мамандықты 
меңгеру мүмкіндіктері; өзін-өзі басқару негіздері, өзін-өзі тәрбиелеуді 
ұйымдастыру, ЖОО-да өзін өзі жетілдіру, өзін өзі дамыту; болашақ 
менеджердің басқару қызметінің мәні мен ерекшелігі, оның қызмет саласы; 
маманның тұлғасына, оның кәсіби дайындық деңгейіне қойылатын негізгі 
талаптар және т.б.). 
2.
Іс-әрекеттік 
– 
магистранттардың 
белгілі 
бір 
іскерліктерін 
қалыптастырумен байланысты (өзіндік оқу іс-әрекетінің режімін жоспарлау, 
білімді игерудің тиімді тәсілдерін қолдану; басқару іс-әрекетінің тұтастығының 
нақты көрінісі, басқарудың кез келген деңгейінде жұмыс істеуге дайын болу
өзінің басқару іс-әрекетін ұйымдастыра білу, басқару іс-әрекетін құрастыру 
және іске асыру және т.б.). 


107 
3.
Кәсіптік жұмыс үшін қажетті білім тізбесі жоғарғы кәсіптік білім 
берудің мемлекеттік білім беру стандартында белгіленеді.
4.
Болашақ білім менеджерлерінің оқу-танымдық мәселелерді шешу 
барысындағы шығармашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері пәнаралық 
білім мен оны икемді қолдану, дәлелдерді іріктеу, дүниетанымдық тұжырымдар 
құру, әртүрлі пәндік топтардан білімді жинақтаудың өзіндік ерекшелігі мен 
дұрыстығы дамудың жеке көрсеткіштері болып табылады. Бұл дамудың жеке 
көрсеткіштері ретте зияткерлік сапа болып табылады.
5.
Қызметтік модульде туындаған проблемаларды шешу алгоритмін 
әзірлеуге бағытталған оқу тапсырмалары мен міндеттерді нақтылау. 
ЖОО-да 
болашақ 
білім 
беру 
менеджерлерін 
дайындаудың 
ұйымдастырушылық-педагогикалық шарттарын анықтау және оларды іске 
асыру кәсіптік даярлықтың сапасын арттырады.
Білім менеджерлерін оқыту моделінде – оның әрекет логикасын – екі 
кезеңді қамтиды: 1. Дайындық – критерийлерді, нормаларды, мақсатты 
болжауды, қызмет құралдары мен шарттарын таңдау, шешім қабылдау, іс-
қимыл бағдарламасын әзірлеу рәсімдері. 2. Орындаушылық – оның барысында 
іс-қимыл бағдарламасы жүзеге асырылады, өзін-өзі бақылау, өзін өзі бағалау, 
қажет болған жағдайда іс-әрекеттерді түзету туралы шешім қабылдау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет