Есенова камчат аугажыевна


Екінші бөлім бойынша тұжырымдар



Pdf көрінісі
бет41/75
Дата29.10.2023
өлшемі7,45 Mb.
#121142
түріДиссертация
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   75
Байланысты:
6D010300 ДИССЕРТАЦИЯ ЕСЕНОВА К.А.

Екінші бөлім бойынша тұжырымдар 
Екінші бөлімде білім беру менеджерлерін кәсіби дайындау жүйесін 
модельдеу үшін білім беру менеджерлерін дайындау жүйелерін салыстырмалы 
талдау параметрлерінің тұтастығы мен кешенділігі Қазақстан мен Литва 
Республикасының мысалында дәлелденді. Салыстыру параметрлері ретінде 
келесі элементтер қолданылды: білім беру менеджерлерін дайындау жүйесінің 
заңнамалық базасы; білім беру менеджерлерін дайындау жүйесінің құрылымы 
және білім беру бағдарламалары; білім беру менеджерлерін дайындау 
жүйесіндегі білім беру бағдарламаларындағы пәндер мазмұны; білім беру 
менеджерлерін дайындау жүйесіндегі оқыту үдерісі; білім беру менеджерлерін 
дайындау жүйесіндегі басымдықтар мен ұстанымдар; білім беру менеджерлерін 
дайындау жүйесінің моделі; білім беру менеджерлерін дайындау жүйесінің оқу- 
әдістемелік қамтамасыз етілуі. 
Теориялық талдау барысында заманауи білім беру менеджері жағдайға 
байланысты стратегиялық және тактикалық басқару әдістерін қолдана отырып, 
мектеп ұжымының немесе көпфункционалды сипаттағы дамушы ұйымның 
жүйелі даму міндеттерін жоғары дәрежеде дербес шешетін маман ретінде 


115 
қарастыруға мүмкіндік береді Сондай-ақ, қазіргі білім беру менеджеріне 
қойылатын жалпы кәсіби талаптар анықталып талданды, әрі қарай білім беру 
менеджерін дайындаудың қызметтік-үдерістік моделі жасалды. 
Модель мақсаттық, ұйымдастыру-педагогикалық, мазмұндық-әрекеттік
жобалық-әдістемелік және нәтижелік-рефлексивтік компоненттерден тұрады. 
Мақсатты компонент
ЖОО-да білім беру менеджерін дайындауды 
жетілдіру және маманның басқару әрекетін қалыптастыру міндеттерін
ұйымдастырушылық-педагогикалық компонент
әмбебап және арнайы атты екі 
құрамдас бөліктен тұратындықтан, білім беру менеджерлерін дайындаудың 
кәсіптік даярлыққа бағыттылықты, мазмұнды-әрекеттік компоненті педагогика, 
психология, экономика, бойынша білім көлемін меңгеруге бағытталған және 
білім алушыларға басқару әрекеті саласында теориялық және практикалық 
дағдыларды меңгертетін олардың пәндік дайындығының мазмұнын құрайтын 
қосалқы жүйені, жобалау-әдістемелік компонент оқыту үдерісін жобалау 
ерекшеліктерін және білім алушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру кезеңдерін, 
нәтижелік-рефлексивтік компонент болашақ білім беру менеджерлерінің 
құзыреттілігі жиынтығы түріндегі күтілетін нәтижелерді қамтиды.
Құрастырылған модель болашақ білім беру менеджерлерін дайындауда 
белгіленген мақсат пен олардың басқару құзыреттілігін қалыптастыруды 
жүзеге асыратын нәтижені бейнелейді.


116 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет