117
Ю.К.Бабанскийдің пікірінше, ол басқа әдістерге қарағанда, оқыту және тәрбие
саласындағы жаңалықтардың тиімділігін терең тексеруге мүмкіндік береді.
Сонымен, эксперимент ретінде біз аталған білім алушыларға тән
қасиеттерді, байланыстарды, ерекшеліктерді, заңдылықтарды анықтау үшін
арнайы жасалған бірізділікте педагогикалық факторлар мен жағдайларды,
нақты фактілер мен құбылыстарды, процестерді зерттеуге байланысты
танымдық операциялар жүйесін түсінеміз.
Тәжірибелік экспериментке мына ерекшеліктер тән болады:
-
педагогикалық үдеріске зерттеу және болжамның міндетіне сәйкес
маңызды өзгерістерді арнайы енгізілуі;
-
оның
біртұтас
сипатын
бұзбай,
құбылыстардың
арасындағы
байланыстарды көруге мүмкіндік беретін педагогикалық үдерісті ұйымдастыру;
-
терең сапалы талдау және мүмкіндігінше педагогикалық үдеріске
негізілген жаңа компоненттерді және барлық үдеріс нәтижелерін дәлірек
сандық өлшеу арқылы қорытынды жасау.
Біз жүргізген тәжірибелік эксперимент білім менеджерлеріне арналған
білім беру бағдарламасы аясында құрастырлған
Достарыңызбен бөлісу: