Есенова камчат аугажыевна



Pdf көрінісі
бет43/75
Дата29.10.2023
өлшемі7,45 Mb.
#121142
түріДиссертация
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   75
Байланысты:
6D010300 ДИССЕРТАЦИЯ ЕСЕНОВА К.А.

білім беру менеджерлерін 
дайындаудың қызметтік-үдерістік моделін 
тәжірибеге енгізу нәтижелерін 
алуға бағытталған. 
Тәжірибелік-эксперименттік жұмысты жүргізуде мына міндеттерді қояды: 
1. Ұсынылған модуль аясында оқытылатын пәндердің мазмұнын білім 
беру үдерісінінің құрылымына сәйкестендіру. 
2. Зерттеу барысында жасаған эксперименттік жұмыс бағдарламаларын 
модульде қамтылған пәндер жүктемесін оқытуда тәжірибеден өткізу. 
3. Білім алушылардың басқарушылық-ұйымдастырушылық деңгейін
жетілдіру іскерлігінде 
білім беру менеджерлерін дайындаудың қызметтік-
үдерістік моделін 
пайдалану әдістемесін тәжірибе жүзінде енгізу. 
4. Білім алушылардың кәсіби дайындау жүйесінің тиімділігін 
қамтамасыздандыратын оңтайлы әдістемелік әдіс-тәсілдерді, амал-жолдарды 
және оқу құралдары мен оқу-әдістемелік кешендерін айқындау. 
5. Тәжірибелі-эксперимент жұмысы нәтижелерінің өңдеу. 
Біз ұсынған білім бағдарламасының мақсаты мен оқыту нәтижелеріне
индикаторларын қамтамасыз етуде теориялық материалдарды игеріп, 
практикалық тапсырмаларды орындау арқылы білім алушылардың жаңа әдістер 
мен технологияларды пайдалану арқылы басқарушылық қабілетін арттыруды 
көздеді. Бұл әдістемелік жүйенің негізгі элементі болып қарастырылды. 
Біздің зерттеуде қолданылатын нақтылы әдістерге талдау жасадық. 
Білім алушылардың кәсіби шығармашылығын, басқарушылық қабілетін
дайындау жүйесі мен мазмұны және оның нәтижелерінің арасындағы 
байланыстарды мен заңдылықтарды ашу үшін, алдын ала зерттеудің 
нәтижесінде алынған фактілерге теориялық талдау жүргізу қажет болды. 
Мұнда біз теориялық талдаудың кез-келген ғылыми-педагогикалық 
зерттеудегі жетекші рөлін ескеріп отырдық. 
Біз жүргізген салыстырмалы талдау білім алушылар меңгеретін 


118 
іскерліктер мен дағдыларды, сонымен қатар заманауи талаптардың 
қоятын жаңаны табудағы мүмкіндігін кеңінен қолдандық. Оқу 
жоспарлары мен бағдарламаларды талдау негізінде мыналарды 
белгілеу қажет болды: 
-
оқылатын пәндер және тақырыптар бойынша оқу материалының 
мазмұнын; 
-
оқу жоспарларының жылдар бойғы құрылымын, оны құрудың 
негіздерін, құрылымда басты және бағыныңқы элементтерді бөлуді, 
олардың өзара байланысын; 
-
жалпы білім беру пәндерінің жалпы кәсіби және тереңдетілген 
кәсіби даярлаудағы рөлін; 
-
жеке пәндердің оқу материалдары мазмұнының өзіне тән 
айырмашылықтарын, олардың білім алушыларды кәсіби бағыттылыққа 
қалыптастырудағы маңызын. 
Зерттеу әдістерінің бірі эксперименттік сауалнама барысындағы 
сарапшылардың жауаптарына жасалған талдау нәтижелеріне көз жүгіртсек. 
Сараптамалық сауалнама білім беру менеджерлерін дайындаудың проблемалық 
аспектілері бойынша осы бағытты зерттейтін практиктер мен ғалымдарды 
басқарушылардың пікірлерін анықтауды болжады. Сауалнама блоктар 
бойынша 12 негізгі мәселелерді топшылады: 1) елдегі білім беру 
менеджерлерін даярлау ерекшеліктері; 2) дайындық мазмұнын жобалау, 
басымдықтар; 3) қиындықтар мен келешегі (Қосымша Б). 
Сарапшылар ретінде Қазақстан, Литва және Ресей ғалымдары 
қатыстырылды. Төменде сарапшылардың жауаптарына жасалған талдау 
келтірілген. Эксперттік сарапшылар ретінде Қазақстан Республикасынан 6 
сарапшы, Литвадан 5 сарапшы, Ресей Федерациясынан 4 сарапшы қатысты.
Қазақстан бойынша:
елімізде білім беру менеджерлерін мақсатты 
даярлау соңғы 10 жылда жүзеге асырылуда. Дегенмен, алғашқы эксперименттік 
бағдарламалар 1998 жылдан бастап Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында 
магистратура деңгейінде іске асырыла бастады. Білім беру менеджерлерін 
даярлау деңгейіне қойылатын қазіргі заманғы талаптар стандарттармен 
реттелмеген, және де қазақстандағы білім беру менеджерлерінің кәсіптік 
стандарттарының өзі жоқ. Сарапшылардың пікірі бойынша менеджерлер мен 
басқарушылар арасындағы айырмашылық функционалдық міндеттерден 
тұрады: білім беру ұйымдарының менеджерлері, директорлары және 
директордың орынбасарлары; басқарушылар облыс немесе аймақтық 
деңгейдегі білім беру жүйесінің басшылары.
Білім беру менеджерінің функционалдық міндеттері ҚР БҒМ-нің тиісті 
ережелерімен анықталған. Сонымен қатар, олар басқару әрекетіне мектеп, 
колледж, балабақша директорларын қызметке тағайындалғанынан кейін 
үйрететінін және оқуға уақыттың шын мәнінде жетпейтіндігін атап өтеді. 
Басшылардың сақтық қорын дайындау өзінің нәтижесін жеткілікті көрсетпейді. 
Олардың жалпы санынан 4%-дан аспайтыны ғана қызметке тағайындалады. 
Көп жағдайда, тағайындалған менеджерлер нормативтік-құқықтық құжаттарды 


119 
білмеу, ақпаратты қайта өңдей алмауы секілді қиындықтарға тап болады. 
Қазіргі заманғы даярлау жүйесі бағдарлануы тиіс негізгі құзыреттілік ретінде 
тәжірибелік педагогикалық тәжірибенің, шағын педагогикалық ұжымды 
басқару тәжірибесінің (әдістемелік бірлестікті), басшының қызметін реттейтін 
заңдар мен ережелерді тәжірибеде қолдана білу, білім берудегі 
көшбасшылықтың болуы ерекше атап көрсетіледі. 
Білім беру менеджерлерін даярлаудың қазіргі заманғы жүйесін бағалай 
отырып, сарапшылар білім беруді жобалаудың негізгі қағидаттары өзгеріссіз 
қалғанын атап өтті, себебі олар білім беру ұйымдары қызметінің 
мақсаттарының өзгеруіне қарай өзгеріске ұшырайды; жоғары оқу орындарының 
бағдарламалары шеңберінде менеджерлерді даярлау сапасы әлсіз тәжірибелік 
бөлік болғандықтан төмен деңгейде; бағдарламаларды игеруді бағалау 
параметрлері басқа бағалау жүйелері болуы тиіс болса да, квалиметриялық 
сипатқа ие. Мемлекет білім беру менеджерлерін даярлауда негізгі жұмыс 
беруші ретінде әрекет етеді, бірақ ол мақсатты тағайындаумен айналыспайды 
және жоғары оқу орындарында менеджерлерді тек заманауи сипатқа ие болу 
үшін ғана дайындайтынын атап өткен жөн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет