120
ақ жоғарыда аталып өткендермен байланысты менеджерлерді ауыстыру
мәселесін ерекше атап өтуге болады. Және де мектеп директорлары үшін шебер
деңгейінде мақсатқа бағдарланған даярлық болуы қажетті жиі айтылады. Білім
беру менеджерлерінің практикалық қызметіндегі негізгі қиындықтар қоғамның
бір бөлігінің көшбасшылары қызметін қабылдау және бағалаумен байланысты.
Тұрақты және қолданыстағы дәстүрлерге сәйкес кейбір (мұғалімдер, студент-
тердің ата-аналары) білім беру менеджерлеріне барлығы қолынан келетін және
шектелмеген «бастық» ретінде қарайды, ал басқалары (саясаткерлер, білім беру
жүйесі әкімшілері) жоғары ерікке бағынатын орындаушылар болып саналады.
Құқықтық база мен реформалардың жиі өзгеруі менеджерлердің қызметіне
айталықтай оң әсерін тигізбейді. Сонымен қатар Литвада стандарт жоқ.
Басты сипатта функционалдық міндеттер ретінде келесілерді бөліп
қарастырады: 1) студенттердің, қоғамның қажеттіліктеріне және елдік құжаттар
негізіне сәйкес оқу бағдарламаларын
әзірлеуді ұйымдастыру; 2) эмпирикалық
зерттеулердің деректеріне негізделген ұйымды дамыту және оны жүзеге
асырудың стратегиялық жоспарын әзірлеуді, жаңа идеялар мен ықтимал
әлеуметтік зардаптарды бағалауды ұйымдастыру; 3) ұйым мүшелері үшін
мансапты дамыту
және оқыту жоспарларын әзірлеу, бұл үшін жағдай жасау.
Дайындық құрылымында бағыт-бағдар ретінде келесі құзыреттер топтары
бөлінеді:
Ұйымның саясаты мен стратегиясын басқару; Оқу мазмұнын
басқару; Адамдарды басқару; Ресурстарды басқару
. Жоғары оқу орны
ортасында осы құзыреттілікті қалыптастыруды қамтамасыз ететін жетекші
технологиялар ретінде жобалық технологиялар, "case study", аралас
технологиялар және электронды оқыту және т.б. танылады.
ББМ дайындау
мазмұнын жобалаудың негізгі принциптері, қазіргі контексті, білім беру
саясатын, тәжірибе қажеттілігін, сонымен қатар басқа елдердің тәжірибесін ала
білуді есепке алу. Дайындық сапасы университеттік білім беру мен кәсіптік
даярлықты интеграциялаумен
қамтамасыз етілуі тиіс, бірақ іс жүзінде қазіргі
кезде әлсіз интеграция қалыптасқан. Ең дұрысы, жұмыс берушілер
бағдарламаларды жобалауға қатысуы тиіс. Жұмыс берушілер – өзін-өзі басқару
әкімшіліктері, мектеп басшыларының ең жақын резерві үшін әртүрлі курстарды
оқыту-ұйымдастыру бастамасын өзіне алады. Алайда, бұл жеткіліксіз болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: