Есенова камчат аугажыевна


Қазақстан мен Литва Республикаларындағы білім беру



Pdf көрінісі
бет32/75
Дата29.10.2023
өлшемі7,45 Mb.
#121142
түріДиссертация
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   75
Байланысты:
6D010300 ДИССЕРТАЦИЯ ЕСЕНОВА К.А.

2.2 Қазақстан мен Литва Республикаларындағы білім беру 
менеджерлерін дайындау жүйесін салыстырмалы талдау
Бәріміз білетіндей, білім беру қызметін жоспарлау мен ұйымдастыру оқу 
жоспарлары негізінде жүзеге асырылады. Оқу жоспарлары типтік (ТОЖ), жеке 
(ЖОЖ) және жұмысқа арналған (ЖОЖ) деп бөлінеді.
ТОЖ мамандықтар жіктеушісі мен мемлекеттік жалпыға міндетті білім 
беру стандарттары негізінде жоғары білім берудің нақты мамандықтары 
бойынша әзірленген оқу құжаты және оны білім беру саласындағы уәкілетті 
орган бекітеді. Ол міндетті құрамдас пәндер мен практиканың барлық түрлері, 
қорытынды аттестациялау тәртіптері циклі бойынша ең аз кредиттеу көлемі 
мен тізімін көрсете отырып білім беру бағдарламасының көлемі мен 
құрылымын реттейді.
Негізгі оқу жоспары (НОЖ) – жоғарғы мамандықтар жіктеушісі және 
Қазақстан Республикасының жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім 
беру негізінде әзірленген міндетті құрамдас пәндер мен практиканың барлық 
түрлері, қорытынды аттестациялау тәртіптері циклі бойынша ең төменгі несие 
көлемі мен тізімін көрсете отырып пәндердің циклдері бойынша білім беру 
бағдарламасының көлемі мен құрылымын реттейтін, университеттің ғылыми 
кеңесі бекітетін оқу құжаты. НОЖ ұсынылған әдебиеттердің мазмұнын, 
көлемін, ұсынылған әдебиеттерін анықтайды және оны университеттің ғылыми 
кеңесі мақұлдайды. 
Жұмыс оқу жоспары (ЖОЖ) студенттердің жеке оқу жоспарлары мен 
мамандықтардың негізгі немесе типтік жоспары негізінде университеттің өзі 
әзірлеген оқу құжаты. Бакалавриаттың әрбір мамандықтарының оқу жоспары 
үш міндетті пәндер блогынан тұрады: міндетті мемлекеттік, әлеуметтік-
коммуникативтік және кәсіби. Әрбір блокта міндетті құрамдас пәндер тізімі 
немесе кредиттер санының көрсетілген қосымша нұсқаулар бар бар. Әр пәнді 
бір семестр ішінде оқу қажет, бірақ оқу жоспары пәндерді оқып-үйрену 
қағидасына негізделеді және әр пәнді оқып-үйренуге қажетті алғышарттар 
қатаң есепке алынады. 
Магистратура және докторантура білім беру деңгейлеріне арналған оқу 
жоспары модульдік негізде құралады және үш блок модульден тұрады.
Магистратурада міндетті мемлекеттік модульдер, міндетті кәсіптік модульдер 
және жеке білім беру траекториясының модульдері бар. Докторантурада 
міндетті мемлекеттік модуль, кәсіби мамандандырудың таңдаулы модульдері, 
жеке оқу траекториясының модульдері бар. Бір модульді құрайтын пәндер бір 
бір уақытта бір оқу семестрі ішінде, сонымен қатар жүйелі түрде бір оқу 
жылында ішінде оқытылуы мүмкін. 
Оқу жоспарының құрылымы мен ерекшеліктерін ескере отырып, біз 
келесідей салыстыру параметрлерін ұсынамыз: 

бір апта ішінде бакалавриатта оқытудың барлық түрлері; 

ортақ еңбек сыйымдылығы; 

оқу жылының ұзақтығы; 


87 

оқу жоспарының міндетті құрылымдық элементтері; 

мемлекеттік қорытынды аттестауға, әрбір ғылыми-зерттеу жұмыстары 
кезеңіне, әрбір тәжірибе түріне бөлу; 

пәндер циклі (модуль); 

ЖОО бекіткен нұсқалы және негізгі бөлімі;

міндетті пәндер; 

семестрде пәндер бойынша студенттің өзіндік жұмысының көлемі; 

таңдау пәндерінің саны; 

бақылау пәндерінің формалары; 

оқу семестріндегі емтихан сессиясында емтихандар саны және олардың 
күрделілігі; 

оқу және өндірістік тәжірибе түрлері; 

түлектерді мемлекеттік аттестаудың күрделілігі.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің негізі (ҚазҰУ) 1934 
жылы 5 қаңтарда қаланған. 2001 жылы университет ұлттық университет ерекше 
мәртебесін алып, қазіргі атауына ауысты. Негізгі мәртебе басқа қазақстандық 
жоғарғы оқу орындарымен салыстырғанда әкімшілік және академиялық 
еркіндіктің жоғарғы деңгейін қамтамасыз етеді. 
Университет миссиясы – ұлттық және халықаралық еңбек нарығында 
бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие мамандардың кадрлық әлеуетін 
қалыптастырудан, ел және әлем азаматтарын қалыптастыруда сапалы жаңа 
нәтижеге қол жеткізуден және білімді беру және көбейту арқылы қоғамның 
тұрақты дамуынан тұрады. Университет құрамына 16 факультет, 67 кафедра, 9 
ғылыми-зерттеу институттары мен 25 орталық және технопарк кіреді. Ғылыми 
қызметкерлер саны 400 ғылым докторы, 800-ден астам ғылым кандидаты мен 
200-ге жуық докторлық дәреже иегерлерін қосқанда 2500-нан астам адамды 
құрайды. 
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бизнес-қауымдастықпен тығыз байланыс 
орнатқан және университеттің жұмыс берушілер кеңесінің құрамына 
«Қазатомпром», Ұлттық ғарыш агенттігі, «ҚазМұнайГаз», «Еуразиялық банк» 
сияқты ірі ұлттық компаниялардың өкілдері кіреді. Мониторинг деректерінің 
мәліметінше, университет түлектерінің жұмыспен қамтылуы 95%-дан 
асады.Сондай-ақ университет БҰҰ, НАТО, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, 
Британдық Кеңес, Франсез альянсы, Конфуций институты, ЮСАИД секілді 
халықаралық ұйымдармен, 418 шетелдік университеттермен серіктестік 
орнатқан. Бірлескен ғылыми-зерттеу жобалары халықаралық ғылыми 
орталықтармен және зертханалармен бірлесе жүзеге асырылады. Әл-Фараби 
атындағы ҚазҰУ Халықаралық университеттер қауымдастығының (UIA), 
Еуразиялық университеттер қауымдастығының (EAU), Еуропалық инженерлік 
білім қоғамдастығының (SEFI), Техникалық тәжірибе алмасу жөніндегі 
халықаралық қауымдастығының (IAESTE), Инженерлік білім беру қоғамы 
халықаралық федерациясының (IFEES) мүшесі болып табылады. 
ҚазҰУ Қазақстан мен Орталық Азиядағы Университеттер Хартиясына 
(2003, Болонья) қосылған алғашқы университет атанды және мұнда жоғары 


88 
білім берудің үш циклік формасы қабылданды. Университет 2005 жылдан 
бастап алғашқы PhD бағдарламаларын жүзеге асырды. 2009 жылдан бастап Әл-
Фараби атындағы ҚазҰУ Франция, Ресей және Испания университеттерімен 
қос диплом бағдарламасын іске асырып келеді. 2010/11 оқу жылынан бастап 
университет магистранттары Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының желілік 
университеті (ШЫҰ желілік университеті) және Тәуелсіз Мемлекеттер 
Достастығының желілік университеті (ТМД желілік университеті) ұсынатын 
қос диплом бағдарламасы бойынша білім ала алады. 
Университетті басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына және 
Университет жарғысына сәйкес командалық және алқалық біртұтастық 
қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады. Басқарма құрылымына Ғылыми кеңес 
(институционалды шешім мен стратегиялық жоспарлау үшін жауапкершілік 
алатын консультативті кеңес органы), ректорат және университеттің әкімшілік 
бөлімі жатады. Қамқоршылар кеңесі мен ақсақалдар кеңесі университеттің 
стратегиялық жоспарлауына қатысатын кеңес органы болып саналады.
Университеттің бірінші басшысы жыл сайын алқалық органдарға және 
көпшілікке университеттің стратегиялық даму жоспары туралы есеп береді.
ҚазҰУ оқытушылар құрамы, кафедралар мен факультеттердің қызметін 
бағалауды индикативті жоспарлау және рейтингтік жүйесіне негізделген 
нәтижеге бағдарланған басқару жүйесі енгізілді. Индикативті жоспарлауға төрт 
қызметтің индикаторлық көрсеткіштерін қамтиды: оқу-әдістемелік жұмыс; 
университеттің ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметін дамыту; 
университеттің халықаралық ғылыми және білім беру кеңістігіне енуі; тәрбие 
жұмысы және әлеуметтік даму. 
Университетте барлық оқытушылар мен білім алушылардың күнделікті 
оқу үдерісіне мониторинг жасау құралы ретінде 
univer
корпоративті интернет-
жүйесі енгізілген.
Қазіргі уақытта университет бакалавр, магистр және философия докторы 
деңгейінде 180-нен астам мамандықты ұсынады. Бағдарламалар қазақ, орыс 
және ағылшын тілдерінде іске асырылады. Білім алушылар контингентінің 
жалпы саны 20000 астам адамды құрайды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ негізгі міндеті білім алушыларың 
қабілеттерін кредит түрінде оқу процесі мен білім көлемі есебін регламенттеу 
аясында білім беру траекториясының таңдалуы негізінде өзін-өзі ұйымдастыру 
және өзін-өзі білім алу қабілетін дамытудан тұратын кредиттік технологиясы 
бойынша мамандарды даярлайды. Оқу орны кредиттерді беру мен 
жинақтаудың еуропалық жүйесінен (ECTS) ерекшеленетін қазақстандық 
кредиттік жүйе қолданылады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрлігінің «Кредиттік оқыту технологиясы негізінде білім беру процесін 
ұйымдастыру туралы» қаулысына сәйкес (2011 жыл) бір қазақстандық кредит 
бакалавриат бағдарламалары бойынша 45 оқу сағатына, магистратураның 
бейінді бағдарламалары бойынша 60 оқу сағатына, магистратураның ғылыми-
педагогикалық бағдарламалары бойынша 75 оқу сағатына, PhD бағдарламалары 
бойынша 105 оқу сағатына сәйкес келеді.


89 
Оқу жылы білімді аралық бақылау, білімді қорытынды бақылау (емтихан 
сессиясы), қорытынды аттестаттау (бітіру курсы үшін), практика және демалыс 
секілді академиялық кезеңдерден (семестрлерден) тұрады. Теориялық оқу 
семестрінің ұзақтығы жазғы семестрді қоспағанда 8-ден 15 аптаға дейінгі 
уақытты құрайды.
Университетте оқудың барлық кезеңінде білім алушы қажетті кредиттер 
санын меңгеруі тиіс. Бакалавриатта оларды төрт оқу жылы ішінде игеру қажет 
болса, магистратурада бір оқу жылынан екі оқу жылына дейін, докторантурада 
үш оқу жылы ішінде жүзеге асырылады. 
Әрбір оқу жылының ұзақтығы мен мерзімі академиялық күнтізбеде 
көрсетіледі. Мұндай күнтізбе оқу жылы басталғанға дейін үш айдан кешіктірмей 
шығарылады және білім алушылар мен оқытушыларға осы мәлімет жеткізіледі.
Студенттердің элективті пәндерді таңдауына ерекше көңіл бөлінеді. 
Элективті пәндер – белгіленген кредиттер шеңберінде таңдау бойынша 
компонентке кіретін және білім беру ұйымдары енгізетін, білім алушының жеке 
дайындығын көрсететін, әлеуметтік-экономикалық даму ерекшелігін және 
нақты өңірдің қажеттілігін ескеретін, жоғары оқу орнының ғылыми мектептері 
құрастырған оқу пәндері. 
Факультет ұсынатын элективті пәндердің (модульдердің) мазмұны 
туралы білім алушылардың кеңінен хабардар болуын қамтамасыз ету үшін оқу 
жоспарының әрбір блогы бойынша элективті пәндердің (модульдердің) каталогі 
шығарылады. Каталогті кафедрада білім бағдарламаларының үйлестіршілері 
мен алдын ала бекітліген топ әзірлейді, академиялық мәселелер жөніндегі 
департамент пен жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру институтының 
деңгейі бойынша құрылады және білім алушылардың назарына ұсынылады. 
Кредиттік оқыту технологиясы шарты бойынша білім алушылардың білім 
беру бағдарламасын толық меңгеруі үшін өзіндік жұмыстың үлкен көлемі 
орындалады. Ол екі бөлікке бөлінеді. Бірінші бөлімде білім алушы өзіндік 
жұмысты оқытушының басшылығымен орындайды (СОӨЖ, МОӨЖ, ДОӨЖ). 
Ал екінші бөлімде білім алушы жұмысты толық өзі орындайды. Білім алушы 
тапсырмаларды жеке орындау оған қиындық тудырмаса СОӨЖ/МОӨЖ/ДОӨЖ 
кестесіне сәйкес аудиторияда отыруы міндетті емес. Оқытушының СОӨЖ, 
МОӨЖ, ДОӨЖ кестесінде көрсетілген барлық уақыт ішінде аудиторияға келуі 
міндетті. СОӨЖ/МОӨЖ/ДОӨЖ ауыстыруға жол берілмейді. 
Оқытушының басшылығымен орындалатын өзіндік жұмыс факультет 
деканы бекіткен жеке кесте бойынша оқытушымен байланыс жасай отырып 
орындалады білім алушылардың аудиториядан тыс жұмыс түрі болып сана-
лады. Жұмыстың бұл түріне оқу бағдарламасының анағұрлым күрделі сұрақ-
тары, үй тапсырмаларын мен курстық жобаларды (жұмыстарды) орындау 
бойынша кеңес беру, семестрлік жұмыстарды, есептерді және өзіндік жұмыс-
тың басқа да тапсырмаларын бақылау кіреді. Өзіндік жұмыстың барлық түрлері 
нақты тапсырмаларды, бағалау критерийлерін және тапсырмаларды тапсыру 
кестесін көрсете отырып міндетті түрде силлабустар мен ПОӘК суреттеледі. 


90 
Білім алушылардың оқу жетістіктерін тексеру үшін білім алушылардың 
білімін бақылаудың мынадай түрлері қарастырылған: 1) ағымдағы бақылау 1; 2) 
Medterm ; 3) ағымдағы бақылау 2, 4)қорытынды бақылау.
Ағымдағы бақылау – бұл академиялық кезең ішінде білім алушылардың 
білімін оқытушы өткізетін аудиториядағы және аудиториядан тыс сабақтардың 
оқу бағдарламасына сәйкестігін жүйелі түрде тексеру. Аралық бақылау – бір 
оқу пәнінің ірі бөлімін (модулін) аяқтағаннан кейін білім алушылардың оқу 
жетістіктерін бақылау. Ол академиялық күнтізбеге сәйкес жүзеге асырылады, 
оған ағымдағы бақылау нәтижелерін енгізіледі және Univer тізімдемесі аралық 
бақылау қорытындысы қойылады. Аралық бақылау саны оқу жұмыс 
жоспарымен анықталады және пән силлабусында көрсетіледі. 
Жарты семестрлік емтиханы (Midterm Examination) – семестрдің 8-ші 
аптасында өткізілетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау. Midterm 
Examination бойынша үлгерімнің ең жоғары көрсеткіші 100 балды құрайды. 
Midterm Examination нәтижелері Univer жүйесінде жеке емтихан тізімдемесіне 
енгізіледі және пән бойынша қорытынды бағалауда ескеріледі. Пән 
ерекшелігіне байланысты ағымдық, аралық бақылау және жарты семестрлік 
емтихандарын өткізу нысанын оқытушы белгілейді. Ағымдық, аралық 
бақылаулар және жарты семестрлік емтихан коллоквиум, тестілік сұрау, 
жазбаша бақылау жұмыстары, білім алушылардың диспуттарға, дөңгелек 
үстелдерге, іскерлік ойындарға қатысуын бағалау, ситуациялық есептерді шешу 
және т.б. түрінде өткізілуі мүмкін. 
Ағымдық және аралық бақылауды өткізу нысандары туралы толық 
ақпарат пән бойынша силлабусқа енгізіледі және семестрдің алғашқы екі 
аптасында білім алушыларға жеткізіледі.
Пән бойынша аралық бақылаулар бойынша үлгерімнің ең жоғарғы 
көрсеткіші нәтижесі ағымдағы бақылаулар нәтижелерін қоса алғанда, әрбір 
аралық бақылаулар үшін максимум 100 балды құрайды. Аралық 
бақылаулардың нәтижелерін оқытушы Univer жүйесіндегі аралық бақылау 
тізімдемесіне аттестациядан кейінгі аптадан кешіктірмей енгізіледі.
Университет мамандықтар бойынша мемлекеттік емтиханның жұмыс 
бағдарламаларын, магистратурада және докторантурада кешенді емтихандар 
бағдарламаларын, осы емтиханға енгізілген пәндердің оқу бағдарламалары 
негізінде оларды өткізу технологиясын әзірлеп бекітеді. Дипломдық жұмысты 
(магистрлік диссертацияны) қорғау, МАК-тың ашық отырысында жүргізіледі. 
Докторлық диссертация диссертациялық кеңес отырысында қорғалады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да білім алушылардың практикасының 
негізгі және міндетті түрлеріне оқу, педагогикалық, өндірістік, диплом алды 
және зерттеу жатады. Практиканың барлық түрлері практикадан өтудің негізгі 
талаптарын қамтитын практика бағдарламаларына сәйкес жүргізіледі. 
Бағдарламаны шығарушы кафедра мамандық бейінін, кәсіпорынның сипатын, 
ұйымның практикадан өту орнын ескере отырып әзірлейді және факультеттің 
Ғылыми кеңесімен бекітіледі. Барлық кезеңдерде практиканы ұйымдастыру 
бітірушінің дайындық деңгейіне қойылатын талаптарға сәйкес білім 


91 
алушылардың кәсіби дағдыларды меңгеруінің үздіксіздігін және бірізділігін 
қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс. 
Білім алушылардың оқу практикасы университет бөлімшелерінде немесе 
кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда жүргізілуі мүмкін. Білім 
алушылардың өндірістік, педагогикалық, диплом алды практикасы, әдетте, 
практика базасын ұсыну туралы қолда бар шарттарға сәйкес практика базасы 
болып табылатын кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда жүргізіледі.
Практикадан өту мерзімін университет өзінің оқу-өндірістік базасының 
және практика базасы ұйымдарының мүмкіндіктерін және білім алушылардың 
дайындық деңгейін ескере отырып оқу жоспарына және академиялық 
күнтізбеге сәйкес белгілейді.
Педагогикалық практика – студенттердің жоғарғы оқу орнында оқу 
процесінде алған теориялық білімдерін нығайтуға, педагогикалық дағдыларды 
алуға және білім беру жүйесі мекемесінде болашақ педагогикалық мамандық 
бейіні бойынша кәсіби және ұйымдастырушылық жұмыстың озық тәжірибесін 
игеруге бағытталған кәсіби практиканың түрі.
Өндірістік практика – студенттің маманның міндеттерін практикалық, 
нақты орындау жолымен базалық және бейіндеуші пәндер циклі бойынша 
теориялық білімді бекітуге, практикалық дағдыларды алуға және болашақ 
мамандық бейіні бойынша кәсіби және ұйымдастырушылық жұмыстың озық 
тәжірибесін меңгеруге бағытталған кәсіби практика түрі. Өндірістік практика 
барысында студенттің нақты өндірістік жағдайлардағы барлық бағыттар 
бойынша кәсіби қызметке тікелей дайындау жүргізіледі.
Зерттеу практикасы – магистратурада және докторантурада білім 
алушылардың отандық және шетелдік ғылымның жаңа теориялық, әдіснамалық 
және технологиялық жетістіктерімен, ғылыми-зерттеулердің қазіргі заманғы 
әдістерімен, тәжірибелік деректерді өңдеу және интерпретациялаумен танысу, 
сондай-ақ оларды диссертациялық зерттеуде қолданудың практикалық 
дағдыларын бекіту мақсатында өткізілетін кәсіби практиканың бір түрі [149]. 
Университетте педагогикалық кадрларды даярлау философия және 
саясаттану факультетінің педагогика және білім менеджменті кафедрасымен 
бірге жүзеге асырылады. «Педагогика» кафедрасы (педагогикалық маман-
дықтар бакалавриатында және ғылыми-педагогикалық магистратурада 3 кредит 
көлемінде), «Білім берудегі менеджмент» және т.б. пәндерді ұсынады. Сондай-
ақ кафедра «Педагогика және психология», «Әлеуметтік педагогика және өзін-
өзі тану» атты екі бакалавриат мамандығы бойынша мамандар дайындайды.
5В010300 – «Педагогика және психология» бакалавр мамандығы 
бойынша оқу мерзімі 4 жыл. Кредит саны – 131. «5В010300 – Педагогика және 
психология» мамандығы бойынша негізгі жұмыс берушілер:

мектептер, гимназиялар және лицейлер, арнайы орта оқу орындары, 
колледждер мен ЖОО, мектепке дейінгі мекемелер; арнайы (түзету) білім беру 
ұйымдары, балалар үйлері, интернат үйлері; білім беру орталықтары және бала-
ларды даму орталықтары; қосымша білім беру мекемелері; халыққа әлеуметтік-
психологиялық көмек көрсету және қолдау орталықтары мен қызметтері, 


92 
әлеуметтік мекемелер (қарттар үйлері, паллиативтік мекемелер және т. б.) 
саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет