Есенова камчат аугажыевна


Білім беру менеджерлерін дайындаудың қызметтік-үдерістік



Pdf көрінісі
бет35/75
Дата29.10.2023
өлшемі7,45 Mb.
#121142
түріДиссертация
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   75
Байланысты:
6D010300 ДИССЕРТАЦИЯ ЕСЕНОВА К.А.

2.3 Білім беру менеджерлерін дайындаудың қызметтік-үдерістік 
моделі
Білім беру менеджері білім беру ұйымының бүкіл командасы үшін үлгілі 
субъект ретінде әрекет етеді. Сондықтан қазіргі заманғы басқару 
технологиясын меңгеру бағытында оның құзыреттілігін арттыру кәсіби 
жетістіктің маңызды факторы болып саналады.
Біздің түсінігімізде, білім менеджері – бұл кәсіби басқарушылық-
педагогикалық қызметті шығармашылықпен бірлесе жүзеге асыра алатын, 
үздіксіз дамып, жеке тұлға ретінде өзін-өзі көрсете алатын кәсіби маман. Ол 
жоғары шеберлік деңгейіндегі адамдарды ұйымдастырушы болып табылады.
Білім беру менеджері арнайы дайындықты, базалық кәсіби білімді талап етеді. 


101 
Білім беру менеджері педагогика, психология, әртүрлі әдістемелер саласындағы 
білімдермен қоса білім беру жүйесін тұтас басқару қызметін меңгеруі тиіс. 
Менеджмент басқарумен айналысатын адамдармен, менеджерлермен 
тығыз байланысты. Олар шешетін проблемалар мен міндеттердің ерекшелігі 
басқару еңбегінің ақыл-ой, шығармашылық сипатын алдын ала анықтайды. 
Менеджер еңбегінің мәні – ұйымның жағдайын өзгерту үшін қажетті шешім 
қабылдайтын ақпарат. Сондықтан еңбек құралдары, ең алдымен, ақпаратпен 
жұмыс істеу болып табылады, ал олардың қызметінің нәтижесі қойылған 
мақсаттарға жету бойынша бағаланады. Өзінің күрделі және жауапты 
функцияларын орындау үшін менеджерлердің арнайы білімі болуы және 
оларды ұйымды басқару бойынша күнделікті жұмыста пайдалану қабілеті 
болуы тиіс. 
Шетелдік зерттеулерде менеджерлерді даярлау бизнестің әртүрлі 
салалары үшін функционалдық басшылар ретінде жұмысқа дайындық ретінде 
қарастырылады. Авторлардың көпшілігі менеджменттің басты элементі деп 
басқару қызметінің кәсіби сипаты деп санайды, сондықтан білім менеджерлерін 
даярлау мақсатты сипатқа ие. Менеджерлер бизнес мектептерінде, университет 
факультеттерінде, оқу орталықтарында білім алады. Шетелдік ғылымда 
менеджерлерді даярлау мазмұны, оларды оқыту нысандары мен әдістері 
кеңінен көрсетіледі. Посткеңестік салада және отандық ғалымдардың назары 
негізінен басшылардың дайындық мазмұнына емес, мектеп басшыларының 
кәсіби қызметі, олардың жеке қасиеттеріне аударылады. 
Болашақ білім беру менеджерлерінің басқарушылық дайындығын 
жетілдіру жолдарын іздеу модельдеу әдісін қолдану қажеттігін көрсетті. 
Модельдеу ғылымның көптеген салаларында, соның ішінде педагогика мен 
басқаруда кең таралған. Бұған педагогикадағы модельдеу мәселелеріне 
арналған көптеген еңбектер дәлел бола алады. (Бабанский Ю.К., Беляева А.П., 
Беспалько В.П. және т.б.).
Білім беру менеджерлерін дайындау және оқыту процесінде, басшы 
кадрларды іріктеу, орналастыру және бағалау үшін, сондай-ақ менеджерлердің 
өзін-өзі жетілдіруде бағдар ретінде теориялық модель қажет. 
Модель (лат. modulus-шара, үлгі) – белгілі бір жағдайларда олардың 
«орынбасары» немесе «өкілі» ретінде пайдаланылатын қандай да бір объектінің 
немесе объектілер жүйесінің бейнесі, сипаттамасы, схемасы, сызбасы, кестесі, 
жоспары, картасы және т.б.) немесе нобайы (үлгісі) [151]. 
Модель – зерттелетін объектінің құрылымын, маңызды қасиеттерін, өзара 
байланысын 
және 
қарым-қатынасын 
бейнелейтін 
және 
қарапайым, 
кішірейтілген түрінде көрсететін нақты объектінің көшірмесі [152].
А.Н. Кочергин модельдің көру бұрышына түрлі бейнеде ұсына алатын 
«қайта бұруды» ұсынады [153].
Г.А. Атанов пен И.Н. Пустынникова білім алушының моделі деп «білім 
алушыны оқыту процесін ұйымдастыру үшін пайдаланылатын білімді» 
түсінеді. Оқу процесінде білім алушының мінез-құлқын талдау негізінде 
қалыптасатын білім алушының динамикалық мінез-құлықтық үлгісін және 


102 
«оның соңғы жағдайына қойылатын талаптар» негізінде құрылатын және оқыту 
мақсатын анықтайтын нормативтік модельдерін бөліп көрсетеді [154].
Кәсіби міндеттерді шешуге дайындалған білім беру мекемесінің түлегін 
жобалау кезінде маман моделін үздіксіз кәсіптік білім беру жағдайында 
жасайды [155]. 
Біз М.В. Ядровскаяның үлгілеу тек ғылымды тану әдісі ғана емес, 
сонымен қатар зерттеу объектісін сәйкесінше сипаттайтын және жаңа білім 
алуға мүмкіндік беретін модельдерді шығармашылық ізденісте тұратын өнер 
екенін түсінетін педагог қолындағы зерттеудің қуатты құралы болуы мүмкін 
деген пікірімен келісеміз. Педагогикалық теория мен практикада қолданылатын 
модель иллюстративті, логикалық, талдамалы және синтездік, қайта 
жаңғыртатын, түсіндіретін, алдын ала болжайтын, өлшейтін, когнитивті, 
интерпретаторлық, 
трансляциялық, 
критериалды, 
аппроксимиялаушы, 
практикалық, коммуникативтік, технологиялық, басқару, оқыту, жаттығу, оны 
құру мақсаттарымен айқындалатын нақты функцияларға бағытталуы тиіс [156].
А.М. Новиков «Ғылыми-зерттеудің әдіснамасы» кітабында ғылыми 
зерттеулердегі модельдер түрлерінің айырмашылығын және жалпы сипаттаудан 
жеке сипаттауға көшу кезіндегі маңыздылығы, сипаттама мәтініндегі кейбір 
компоненттердің өткізілуін көрсетеді. «Алдымен модель қалай анықталатынын 
айтамыз: Модель – кең мағынада кез келген нысан, процесс немесе құбылыс, 
(осы модельдің түпнұсқасы) кез келген сурет, баламасы (ойлы немесе шартты: 
сурет, сипаттама, сызба, кесте, жоспар, карта және т.б.). Модель ретінде нақты 
заттың, құрылғының, процестің, құбылыстың (және, сайып келгенде, кез келген 
жүйенің) жасанды жасалған бейнесін атауға болады. Осы екі анықтама бір-
біріне қайшы келмейді. Осылайша, модельдің жалпы анықтамасы: үлгі – бұл 
кейбір жүйенің бейнесі» [157]. 
Қазіргі заманғы менеджер нарықтық экономиканың заңдылықтары мен 
принциптерін, ұйым теориясын және шаруашылық жүргізудің ұйымдық 
құрылымдарын модельдеу әдістерін, адамдардың ынталандыру мақсатты мінез-
құлқын нысандары мен әдістерін, мотивациялық басқарудың қазіргі 
парадигмаларын, нарықтық құрылымдарды жобалауға жүйелік тәсілді, ұлттық 
экономиканың әртүрлі салаларында және оның қызмет салаларында 
қолданыстағы заңнама мен менеджментті құқықтық реттеу негіздерін білуі 
тиіс. 
Білім беру менеджерлері орындайтын негізгі функциялардың қатарына 
мыналар жатады: қызметтік-коммуникациялық, өкімдік, үйлестіру, бақылау-
бағалау және т.б. Білім менеджерлеріне нақты сұрақтар бойынша шешімдер 
қабылдауда белгілі бір өкілеттіктер берілген (оқу және оқудан тыс қызметі, 
білім беру мекемесінде сапаны бағалау жүйесін қалыптастыру, ұзақ мерзімді 
және орта мерзімді даму бағдарламаларын, білім беру мекемесінде оқу 
жоспарларын әзірлеу және т.б.) және педагогикалық ұжымдардың жұмыс 
нәтижелері үшін толықтай жауапкершілікті өзіне алады [158].
Менеджердің кәсіби табысқа жетуі басқада субъективті факторларға 
байланысты өзін-өзі жіті бақылау, әлеуметтік және кәсіби қатынастар жүйесіне 


103 
нәтижелі қосу үшін психологиялық, әлеуметтік білім беру және өмірбаяндық 
мүмкіндіктер пайдалану. Менеджердің кәсіби маңызды қасиеттерінің қатарын 
олардың интегралдық сипаттамасы білім, білік, дағды және қызметті орындау 
тәсілдері ретінде бәсекеге қабілеттілік пен құзыреттілік ерекше орын алады 
[159]. 
Болашақ білім беру менеджердің басқару қызметінің мәні үнемі өзін-өзі 
жетілдіру негізінде басқару қызметін тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін 
кәсіби білім, икемділік және дағды, жеке қасиеттер жиынтығынан тұрады.
Нормативтік 
құжаттарды 
(заңдарды, 
мемлекеттік 
білім 
беру 
стандарттарын және т.б.), теориялық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді 
талдау негізінде біз ЖОО-да болашақ білім беру менеджерлерінің басқару 
қызметін қалыптастырудың келесі принциптерін анықтадық: 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет