Есенова камчат аугажыевна



Pdf көрінісі
бет36/75
Дата29.10.2023
өлшемі7,45 Mb.
#121142
түріДиссертация
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   75
Байланысты:
6D010300 ДИССЕРТАЦИЯ ЕСЕНОВА К.А.

жүйелілік
білім беруді басқарудың мемлекетаралық, жалпы 
мемлекеттік, өңірлік секілді барлық деңгейлерінде, сондай-ақ білім беру 
мекемелерінің деңгейінде маңызды принцип болып табылады; 

интегративтілік
құрылымды, өзара байланысты, өзара тәуелділікті, 
иерархиялықты көздейді;

әлеуметтік детерминация
елдегі, өңірдегі, қаладағы әлеуметтік 
жағдайдың өзгеру ыңғайлығына байланысты, ол білім беру саласы 
компоненттерінің құрамын, құрылымын немесе функцияларын өзгертуге әкеп 
соғады;

сабақтастық
білім беру жүйесінің тұтастығына, оның басты 
функциясы қоғам мүшелерінің өмір бойы білім алу қажеттіліктерін 
қанағаттандыру тұрғысынан байланысуын қарастырады; 

сәйкестік 
ұйым менеджменті бойынша жоғары кәсіптік білім берудің 
мемлекеттік білім беру стандартына білім алушыға қойылатын талаптарды 
және біліктілік сипаттамасының негізгі ережелерін кіріктіруді көздейді; 

құзыреттілік
білім беру менеджерлерін оқу орнын басқару субъектісі 
ретінде жан-жақты хабардар болуын және өзінің функционалдық міндеттерін 
іске асыру кезінде білімнің әртүрлі аспектілерін (құқықтық, экономикалық, 
психологиялық, педагогикалық, басқарушылық) есепке алуды меңзейді;

ғылымилық
ақпаратты жинау және өңдеудің математикалық 
статистика, соционика және эргономика құралдарын модельдеу секілді қазіргі 
заманғы әдістерін қолдану негізінде стратегиялық және тактикалық басқару 
міндеттерін болжау және модельдеу ерекшеліктерін білуге негізденді; 

ақпараттың жеткілікті болуы
басқару циклінің барлық кезеңдерінде 
оның шешуші рөлімен анықталады. Макро немесе микро педагогикалық 
жүйелерді басқаруда жедел талдау, болжау, жоспарлау, шешім қабылдау, 
олардың орындалуын ұйымдастыру, нәтижелердің сапасын бағалау және 
орындаушылардың іс-әрекеттерін түзету орын алады;

ұтқырлық,
ең алдымен, белгіленген уақыт шегінде педагогикалық 
кеңестердің шешімдерін, бұйрықтарды, жылдық және ағымдағы жоспарларды 
уақтылы орындауды, сондай-ақ орындауды қамтамасыз етуге бағытталған іс-
әрекеттердің нақтылығын болжайды. Бұл ретте, қандай жолмен, қандай да бір 


104 
жұмысты ұйымдастыру және орындау нәтижелері үшін кім жауапты 
болатынын, қай жерде және қашан орындау керектігін, кері байланыс 
нысандары қандай болуы тиіс екенін белгілеу керек; 

келешек
болашақ маман қызметінің әртүрлі салаларымен, нақты оқу 
орындарымен танысуда талап етеді; 
Біз жүйенің келесідей құндылық, талдамалы, ұйымдастырушылық және 
сараптамалық функцияларын белгіледік:
Құндылық функциясы
білім беру менеджерлерін кәсіби даярлауда 
басымдықтарды (болашақ менеджердің қоғамдағы құндылық бағдарлары, іс-
қимылға дайындық, білімге құндылық қарым-қатынас және т.б.) анықтау 
арқылы жүзеге асырылады. 
Талдамалы функциясын
жүзеге асыру осындай мамандарды дайындайтын
білім мекемелерінде білім беру саласының қажеттілігі туралы ақпарат алуды, 
жүйені қалыптастыруда ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді мамандарды 
даярлаудың барлық нысандары мен бағыттары үшін сабақтасатын білім беру 
бағдарламаларын жаңғыртуды қамтамасыз етеді. 
Ұйымдастыру функциясы
білім беру мекемелерінде білім менеджерін 
кәсіби даярлау механизмін, жүйенің нормативтік-құқықтық және ғылыми-
әдістемелік құрамдас бөліктері негізінде анықтайды. 
Сараптамалық функция
қойылған мақсатқа жетуді сараптауға және 
бағалауға, ЖОО-да даярлаудың әр кезеңінде маманның кәсіби құзыреттілігін 
қалыптастыруға жауап береді.
Кәсіби дайындықты жүйелі ұстаным тұрғысынан зерттеу оның құрамын, 
құрылымын, мазмұнын анықтауға мүмкіндік береді. Тұтас динамикалық жүйе 
ретінде білім менеджерлерін даярлау жүйесінің құрамына мынадай 
компоненттер кіреді: мақсаты, оқыту, білім алушылар, дайындық мазмұны, 
шарттары (оқу үдерісі, нысандары, әдістері мен құралдары, білім беру ортасы) 
және нәтижесі.
Жүйе педагогикалық болып табылатындықтан, өзінің қызмет ету 
мақсаты, пәні және субъектісі ретінде оның дамып келе жатқан сипаты бар, ал 
қызмет істеу тәсілі болашақ білім менеджерлері мен оқытушылардың оқыту 
процесінде бірлескен қызметі болып табылады. Тұтас жүйенің жүйе құраушы 
компоненті – барлық басқа компоненттер арасындағы реттелген өзара іс-
қимылды негіздейтін және функционалдық жүйені қалыптастырудың барлық 
кезеңдеріне орталық ұйымдастырушы ықпал ететін, білім беру менеджерлерін 
кәсіби қызметке даярлау жүйесі болып табылатын нәтиже. Білім менеджерлерін 
даярлаудың тұтас жүйесінің нәтижесі ретінде біз демек мамандыққа қажетті 
кәсіби білім, икемділіктер мен дағдылар, кәсіби ойлау және есте сақтау, кәсіп 
үшін қажетті жеке қасиеттер жүйесі секілді өзін-өзі кәсіби айқындауды анықтай 
аламыз.
Айтылған ережелер негізінде біз білім беру менеджерлерін дайындаудың 
қызметтік-үдерістік моделін жасадық (4 сурет). 


Сурет – 4 Білім беру менеджерін дайындаудың құрылымдық-үдерістік моделі 


Ұсынылған 
модел 
компоненттерінің 
әрқайсысын 
егжей-тегжейлі 
қарастырайық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет