Есенова камчат аугажыевна



Pdf көрінісі
бет38/75
Дата29.10.2023
өлшемі7,45 Mb.
#121142
түріДиссертация
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   75
Байланысты:
6D010300 ДИССЕРТАЦИЯ ЕСЕНОВА К.А.

Жобалау-әдістемелік компонент
оқу үдерісін жобалау ерекшеліктерін 
және білім алушылардың оқу қызметін ұйымдастыру кезеңдерін анықтайды. 
Кәсіби дайындық процесінде интерактивті идея компьютерлік 
технологиялар мен оқытудың инновациялық әдістерін белсенді қолдану арқылы 
жүзеге асырылады. Бұл ретте білім алушылардың өз бетінше білім алу іс-
әрекетіне уәждерін, оның нәтижелерін сыни бағалай білуін қалыптастыру.
Мотивациялық құрамдас бөлігі
білім алушылардың кәсіптік қызметке оң 
қатынасымен анықталады, ол: 

білім менеджері мамандығының бәсекеге қабілетті қызметкерді 
дайындауда, білім алушылардың білімге деген құндылықтық қарым-қатынасын 
ынталандыруда, политехникалық іскерлікке, білім-аспаптарға қажеттілікті 
дамытуда, 
әлеуметтік 
қорғалуды, 
кәсіби 
ұтқырлықты, 
жан-жақты 
құзыреттілікті, шығармашылық өзін-өзі дамыту дағдысының қалыптасуын 
қамтамасыз етеді; 

болашақ кәсіби қызметке қызығушылық және білім саласындағы 
жұмысқа оң көзқарас; 

өз бетінше сыни ойлай білуді, теориялық кәсіби мақсатта білімді 
пайдалануды, 
жалпылық, 
рефлексия, 
коммуникативтік 
серіктестікке 
қабілеттілікті қалыптастыруды қамтамасыз етуден тұратын құзыреттілік пен 
кәсіпқойлықты арттыруға деген ынтамен ұмтылыс. 
Білім менеджерінің оқу қызметін ұйымдастыру кезеңдері оқу әрекетінің 
мазмұндық жағын және білім алушылардың функцияларын көрсетеді және 
қызмет субъектісі болып табылатын білім алушыға өзін-өзі басқару процесін 
ашады. Мазмұндық компонент кәсіби қызметтің мазмұны кіріктірілген 
маманның моделін, нормалар жүйесін, өлшемшарттарды, құндылықтарды да 


108 
қамтиды. Іс жүргізу жағы оқу процесіне қатысушылардың өзара іс-қимыл 
жүйесімен және мақсатқа қол жеткізу үшін білім алушылар дәйекті түрде 
жүзеге асыратын функциялармен ұсынылған. Өзін-өзі басқарудың дамуы 
шешім қабылдауға шоғырлана отырып және барлық қалған функцияларға 
ықпал ете отырып, рефлексивті процестер арқылы көрінеді. Бұл ретте өзін-өзі 
басқаруды дамыту ретіндегі оқу іс-әрекетінің кезеңдері мынадай элементтерден 
тұрады: жеке маңызды критерийлер мен қызмет нормаларын таңдау; өзін өзі 
талдау және өзін-өзі бағалау; іс-әрекет жағдайын мақсатты болжау және талдау; 
шешім қабылдау; іс-әрекет бағдарламасын әзірлеу және іске асыру; өзін-өзі 
бақылау және өзін-өзі бағалау; іс-әрекетті түзету. 
Нәтижелі-рефлексивті компонент
болашақ білім беру менеджерлерінің 
құзыреттілігі форматында күтілетін нәтижелерді анықтайды. Әлеуметтік-
экономикалық дамудың инновациялық моделіне көшу міндеттерін шешуге 
бағытталған білім берудің жаңа моделінде қазіргі заманғы кәсіби маманның, 
атап айтқанда, білім беру саласының менеджерінің базалық 
құзыреті 
ұсынылуы тиіс. 

ақпараттық (ақпаратты іздеу өңдеу, талдау, түрлендіру,осы мәселелерді 
шешу үшін қолдану және т.б.); 

коммуникативтік (интерактивті технологияларды меңгеру, басқа 
адамдармен тиімді ынтымақтастық орнату, топтық, тұлғааралық және 
тұлғааралық коммуникацияның әртүрлі түрлерін жүзеге асыру және т.б.); 

өзін-өзі ұйымдастыру (мақсат қоя білу, шешім қабылдау, өз қызметін 
жоспарлау, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау, тұлғалық ресурстарды және 
т.б. толық пайдалану.); 

өздігінен білім алу (кәсіби және жеке тиімділікті, табыстылықты және 
бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ете отырып, өмір бойы өзіндік білім 
траекториясын құрастыруға және жүзеге асыруға дайын болу).
Білім менеджменті жөніндегі қазіргі теориялық жұмыстарда және 
қосымша кәсіптік білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру және оны жүргізу 
тәжірибесінде білім менеджерінің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет