Есенова камчат аугажыевна



Pdf көрінісі
бет39/75
Дата29.10.2023
өлшемі7,45 Mb.
#121142
түріДиссертация
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   75
Байланысты:
6D010300 ДИССЕРТАЦИЯ ЕСЕНОВА К.А.

біліміне, икеміне және практикалық 
дағдыларына
келесілер жатады: 

ұлттық және жаһандық деңгейде білім беру ұйымы қызметінің 
құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа да жағдайларын білу; 

білім беру ұйымының қаржыландыру және экономика негіздерін білу, 
бухгалтерлік есеп және қаржыны басқару туралы жалпы түсініктің болуы; 

білім беру өнімдері мен қызметтерінің өндірісі мен маркетингіне 
қатысты тұжырымдамалар мен процестерді білу; 

ұйымдастыру коммуникациялары, ұйымдастырушылық дағдыларды 
талдау, корпоративтік мәдениет, персоналды басқару мәселелерін білу; 


109 
Сурет 5 – Білім менеджері қызметіндегі мәселелердің негізгі түрлері 
Бұл құзыреттерді белгілеудің шынайылығы мен негізділігі, атап айтқанда, 
олардың бірқатар зерттеулерде анықталатын білім берудегі қазіргі заманғы 
менеджердің құзыреттеріне қойылатын талаптармен сәйкестігімен расталады. 


110 

қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды, оның ішінде білім беру 
ұйымдарының құрылымы мен процестеріне және білім менеджерлерінің 
қызметіне олардың әсерін білу және меңгеру; 

білім интеграциясының жаһандануы және халықаралық процестері 
секілді білім менеджментінің жаңа үдерістері мен тәсілдерін ескере білу, 
электрондық білім беру ортасын құру жағдайындағы білім менеджментінің 
ерекшеліктері, білім беру инновациялары мен білімдерді басқару, білім берудің 
әлеуметтік жауапкершілігі және т. б. 

білім беру ұйымының миссиясына, салалық және ғылыми ерекшелігіне, 
тыңдаушылар контингентінің ерекшеліктеріне, мақсатты аудиторияға қарай 
дербес анықтайтын ерекше басқарушылық білімдер мен дағдылар. 
Жүйенің тиімділігін бағалаудың әртүрлі модельдері бар. 
Нәтиже моделі – ЖОО-да мамандарды кәсіби даярлау процесінде 
алынған барлық жетістіктерді бағалау.
Мақсат 
моделі 
– 
соңғы 
нәтиженің 
белгіленген 
мақсатпен 
салыстырмалылығы.
Мақсаттардың жүйелілік үлгісі мамандарды дайындау процесіндегі 
қоршаған ортаның оң және теріс әсерін бағалауды қамтиды. 
Құндық 
модель 
стандарттарды 
сақтау 
тұрғысынан 
дайындық 
нәтижелеріне баға береді.
Тұлғалық модель білім алушылардың кәсіби білімі мен іскерлігінің, 
дағдыларының, қарым-қатынасының, құндылық бағдарларының, қоғамның 
әлеуметтік тапсырысына сәйкес кәсіби мәдениетінің қалыптасуына баға береді. 
Болашақ білім менеджерлерін даярлауда белгіленген мақсат пен 
нәтиженің сәйкес келуі, басқару қызметін қалыптастырудың теориялық моделін 
жүзеге асырады. Егер маманның кәсіби даярлығын жетілдіру процесінде 
түпкілікті мақсатқа қол жеткізілмесе, онда жүйенің жеке элементтерін 
рефлексиялау не түзету қажет. Бұл педагог жүзеге асыратын сыртқы түзету 
болуы мүмкін. Нақты оқытудың қорытынды нәтижесі бойынша оқытушы білім 
беру мазмұнына немесе түрлері мен әдістеріне белгілі бір түзетулер енгізе 
алады. Егер студент белгілі бір кәсіби салада жұмыс істеу үшін білімнің немесе 
біліктіліктің жеткіліксіз екенін өзі түсінсе, онда ол өзін-өзі түзетеді. Ол білімін 
өз бетімен қосымша әдебиеттерді оқу, курстарға қатысу, білім беру 
саласындағы практикалық жұмыс тәжірибесін зерттеу және т.б. секілді өз 
бетімен білім алу арқылы жетілдіреді. 
Білім менеджерлерін кәсіби даярлау жүйесі функциялардың барлық 
жүйесі мен оның әрбір компоненті де болатынын болжайтын көп 
функциялықпен ерекшеленеді. 
Осылайша, кәсіби білім менеджері басқарудың жоғары деңгейіне ие болу 
үшін білім беру қызметі үдерісінде міндеттерді анық белгілеп, тиімді және 
табысты шешу керек.
Ұсынылған қызметтік-үдерістік модель компоненттерінің мазмұндық 
сипаты болашақ білім беру менеджері мамандарын кәсіби дайындығын 


111 
жетілдіруге бағытталып, білім беру бағдарламасының оқыту нәтижелерін 
меңгеруде әдістемелік жүйесін құруда негізгі рөл атқарады.
Кесте – 5 Білім менеджерінің кәсіби дайындығының қызметтік-үдерістік 
модель компоненттерінің мазмұндық сипаты 
Өлшемдері 
Деңгейлері
төмен деңгей 
орта деңгей 
жоғары деңгей 




Мазмұндық-іс-
әрекеттік компоненті 
-білім 
беру 
ұйымының 
мақсат-
міндеттерін болжауы; 
-мектепішілік 
басқарудың мәні мен 
ерекшелігін түсінуі;
-білім беру ұйымын 
қаржыландырудың 
экономикалық 
басқару 
туралы 
жалпы түсінігі. 
-мектептегі әкімшілік 
жұмыстың 
мақсат-
міндеттерін
жоспарлау 
бағыты 
төмен; 
-білім 
беруді 
ұйымдастырудағы 
персоналды 
басқару 
және кадр саясаты 
туралы түсінігі төмен; 
-білім берудегі қаржы 
және 
экономика 
талаптарын орындауы
төмен деңгейде. 
-білім 
беруді 
ұйымдастырудағы 
персоналды 
басқару 
және маман саясаты 
туралы түсінігі ішінара 
қалыптасқан; 
-білім беру ұйымының 
әкімшілік 
жұмысын 
басқару, 
-білім берудегі қаржы 
және 
экономика 
талаптарын орындау 
деңгейі орташа. 
-білім беру саясатын талдау, 
көшбасшылық, 
өзін-өзі 
жобалау, өзін-өзі жетілдіру 
дағдыларын жоғары деңгейде 
жүзеге асыра алады;
-мектеп мәдениетін модельдеу, 
қоғамдағы 
өзгерісмелі 
жағдайда туындаған идеяларды 
білім беру үдерісіне енгізу;
-жаңашыл 
жобалар 
туралы 
ақпаратты жинау, өңдеу және 
талдау бағытында материалдық 
ресурстарды тиімді қолдану;
Ұйымдастырушылық-
педагогикалық 
компонент
-басқарудың 
ұйымдастырушылық 
педагогикалық 
шарттарын 
түсіне 
білуі;
-корпоративтік 
мәдениет, 
персоналды басқару 
мәселелерін білуі; 
-білім беру ұйымы 
басқару 
іс-әрекетін 
ұйымдастыра білуі. 
-білім беру ұйымдары 
оқу-тәрбие 
іс-
әрекетінің үздіксіз 
жұмыс 
атқаруын 
қамтамасыз 
ете 
алмайды;
-ұжымның 
ұйымдастырушылық 
педагогикалық 
шарттарын 
талдай 
алмайды;
-персоналды 
басқару 
мәселелеріне қатысты 
нақты 
шешім 
қабылдай алмайды;
-білім беру ұйымының 
ұйымдастырушылық 
шарттарын 
ішінара 
түсінеді; 
-білім 
беру 
менеджерлерінің 
ұйымдастырушылық 
қабілеті 
мен 
кәсіби 
дағдыларын 
орташа 
деңгейде сипаттайды;
-білім беру ұйымдарын 
басқару 
іс-әрекетін 
ұйымдастыру 
деңгейі 
орташа; 
-білім 
беру 
ұйымының 
ұйымдастырушылық 
шарттарын жоғары деңгейде 
жүзеге асырады; 
- білім беру үдерісінде жоба 
енгізу, даму бағдарламаларын 
ұйымдастыру, жоспарлау, іске 
асыру, бақылау іс-әрекетін 
жоғары 
деңгейде 
жүзеге 
асырады;
-стейкхолдерлерімен 
тиімді 
өзара іс-әрекеттерді құру, 
инновациялық және жобалық 
менеджмент, 
білім 
беру 
менеджерін дайындауда жүйелі 
жүзеге асырады; 
Жобалық-
әдістемелік 
компонент білім беру 
үдерісін 
жобалау 
тетіктерін және білім 
алушылардың 
оқу 
қызметін 
ұйымдастыру 
кезеңдерін 
анықтай 
алуы; 
-білім 
менеджері 
мамандығының. 
бәсекеге 
қабілетті 
кәсіби ұтқырлық пен 
кәсіби құзыреттілікті 
қамтамасыз ете алуы 
-басқару аппаратының 
тиімді 
құрылымын 
жасай алмайды;
-басқару мақсаттарын 
оның құралдары мен 
әдістерін 
салыстыра 
алмайды;
-білім 
менеджері
қызметін жобалауда 
кәсіби ұтқырлық пен 
кәсіби құзыреттілікті, 
қамтамасыз 
ете 
алмайды; 
-білім 
беру үдерісін 
жобалау 
әрекетін 
ішінара 
жүзеге 
асырады;
-бәсекеге 
қабілетті 
қызметкердің 
құндылықтық 
қарым-
қатынасын 
ішінара 
ынталандырады;
-білім 
беру 
менеджерінің 
кәсіби 
ұтқырлық пен кәсіби 
құзыреттілікті дамыту 
дағдыларының 
қалыптасуын 
ішінара
қамтамасыз ете алады; 
-білім 
менеджері 
мамандығының 
кәсіби 
қызметке қатынасын бәсекеге 
қабілеті 
мен 
ұтқырлық 
дағдыларын жоғары деңгейде 
қамтамасыз ете алады;
-ЖОО жаңа инновациялық 
білім беру бағдарламаларын 
жобалау 
және білім 
беру 
үдерісіне енгізудің тиімді 
көрсеткіштеріне сараптамалық 
талдау жасайды; 


112 
5 кестенің жалғасы




Нәтижелік-
рефлексивтік 
компонент 
ұлттық 
және 
жаһандық 
деңгейде білім беру 
ұйымы 
қызметінің 
құқықтық, 
экономикалық, 
әлеуметтік, 
мәдени 
жағдайларын білуі; 
-білім 
интеграциясының 
жаһандануы 
және 
халықаралық 
процестері 
білім 
менеджментінің жаңа 
үрдістері 
мен 
тәсілдерін 
сәйкестендіре білуі; 
-өзін-өзі 
ұйымдастыруда 
кері 
байланыс 
орната 
алмайды, өз қызметін 
жоспарлауда нәтижелі 
шешім 
қабылдай 
алмайды; 
-білім 
менеджерінің 
көшбасшылық 
қабілеттерін 
талдай 
алмайды; 
-мектептің 
стратегиялық 
жоспарын 
құруда
олқылықтарды 
жою 
үшін 
практикалық 
стратегияларды 
қолдана алмайды. 
-ұлттық және жаһандық 
деңгейде білім беру 
ұйымы 
қызметінің 
құқықтық, 
экономикалық, 
әлеуметтік, 
мәдени 
және 
басқа 
да 
жағдайларын 
ішінара 
жүзеге асыра алады;
-өзін-өзі 
ұйымдастыруда 
кері 
байланыс 
орнату 
деңгейі орташа; 
-көшбасшылық 
дағдыларды, 
кикілжіңдерді 
шешу 
және 
ынталандыру 
дағдыларын 
жобалау 
командасына 
немесе 
міндеттерді 
үйлестіру 
деңгейі орташа. 
-өзін-өзі ұйымдастыруда кері 
байланыс орната алады, өз 
қызметін жоспарлауда нәтижелі 
шешім қабылдайды; 
-басқару стратегиясына талдау 
жасау, 
күшті 
және 
әлсіз 
жақтарын, 
команда 
мүшелерінің іскерлік қасиеттері 
мен көшбасшылық қабілеттерін 
талдайды және туындайтын 
мәселелердің оңтайлы шешімін 
қабылдайды;
-әлемдік ақпараттық ресурстар 
деректерін 
талдайды,
зерттеудің жаңа салаларын, 
кәсіби іс-әрекет аймағындағы 
жаңа 
мәселелерді 
сәйкестендіреді, 
ғылыми 
зерттеулердің мақсаттары мен 
міндеттерін тұжырымдайды. 
Сонымен, қызметтік-үдерістік модель компоненттерінің мазмұндық 
сипаты төрт компоненттен тұратынын белгіледік: мазмұндық-іс-әрекеттік,
ұйымдастырушылық-педагогикалық, 
жобалық-әдістемелік, 
нәтижелік-
рефлексивтік. Модель компоненттерінің мазмұндық сипатының төрт 
компоненттен тұратынын белгілеп, біз әр түрлі көрсеткіштерді сипаттайтын 
деңгейлерді (төмен, орташа, жоғары) анықтадық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет