Есенова камчат аугажыевна



Pdf көрінісі
бет40/75
Дата29.10.2023
өлшемі7,45 Mb.
#121142
түріДиссертация
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   75
Байланысты:
6D010300 ДИССЕРТАЦИЯ ЕСЕНОВА К.А.

Төмен деңгей:
білім менеджерлерінің қызметті жобалау, үйлестіру, 
ынталандыру, бақылау және ұйымдастыру қабілетін білім беру ұйымдарын 
басқару жұмыстарын жобалау бағытында кәсіби білім деңгейін тереңдетуге 
қажетті ғылыми зерттеу мәселелерін үйлестіре алмайды, кәсіби іс-әрекетіне 
қажетті теориялық білімін тәжірибелік іс-әрекетте жүйелі және тиімді 
пайдалана алмайды, кәсіби құзыреттілігіне қойылған талаптар мен 
сұраныстарды орындаудағы талпынысы төмен, өз бетінше басқару қызметіндегі 
тәжірибесі жинақталмаған. 
Білім менеджерінің кәсіби білім мен біліктілік, іскерлік пен дағдыларын 
қалыптастырудың 
төмен деңгейімен
өлшенетін кәсіби іскерліктер қатары: 
- кәсіби білім деңгейін тереңдету мақсатында білім беру ұйымын 
басқаруға қажетті ғылыми ізденіс жүргізуге талпынысы төмен; 
-қызметкерлердің 
қажеттіліктерін 
қанағаттандыруға 
бағытталған 
мақсаттар мен міндеттер шешімін 
жобалай
білмейді;
- қызметкерлер арасындағы функциялары мен жауапкершілікті бөле алмайды, өз 
қызметін тиімді 
ұйымдастыра
алмайды. 
- кадрлар іскерлігі, жеке қасиеттері мен ұйымның барлық бөлімдері 
қызметкерлері арасындағы атқарылған жұмыс нәтижелерін 
үйлестіре 
алмайды; 


113 
- персоналдың шығармашылық әлеуетін 
ынталандыру
және өзін-өзі дамыту 
үшін жағдай жасай алмайды; 
- бақылау өлшемдерін әзірлей алмайды,
бақылау 
әдістерін қолдану тәжірибесі 
аз, туындаған мәселелер шешімін түзете алмайды; 
- мектепті басқаруда талдамалы есеп материалдарын талдай алмайды; 
- корпоративтік бизнес-білім беру ұйымдарын құру тәжірибесі жеткіліксіз; 
-өзін-өзі ұйымдастыру және инновациялық қызметке дайындығы төмен. 
Орта деңгей:
болашақ кәсіби іс-әрекетіне қажетті теориялық білімін 
тәжірибелік іс-әрекетте жүйелі және тиімді пайдалануын жетік білуге, 
шығармашылық топтарда кәсіби құзыреттілігіне қойылған талаптар мен 
сұраныстарды орындаудағы талпынысы орташа, өз бетінше педагогикалық 
ұжымдарда жеке тұлға мен ұжым арасындағы серіктестік қарым-қатынас пен 
диалогты дамытуда корпоративтік мәдениеті орташа қалыптасқан.
Осы орайда білім менеджерлерінің кәсіби білім мен біліктілік, іскерлік пен 
дағдыларын қалыптастырудың 
орта деңгейімен
байланысты белгіленген кәсіби 
іскерліктер: 
- кәсіби білім деңгейін тереңдету мақсатында білім беру ұйымын 
басқаруға қажетті ғылыми ізденіс жүргізуге талпынысы орташа; 
-қызметкерлердің 
қажеттіліктерін 
қанағаттандыруға 
бағытталған 
мақсаттар мен міндеттер шешімін 
жобалау 
деңгейі орташа;
- қызметкерлер арасындағы функциялары мен жауапкершілікті бөле алмайды, өз 
қызметін тиімді 
ұйымдастыру 
қабілеті орташа; 
- кадрлар іскерлігі, жеке қасиеттері мен ұйымның барлық бөлімдері 
қызметкерлері арасындағы атқарылған жұмыс нәтижелерін 
үйлестіре 
қабілеті
орташа; 
- персоналдың шығармашылық әлеуетін 
ынталандыру
және өзін-өзі дамыту 
үшін жағдай жасай алмайды; 
- бақылау өлшемдерін әзірлей алмайды,
бақылау 
әдістерін қолдану тәжірибесі 
орташа, туындаған мәселелер шешімін ішінара түзетеді; 
- мектепті басқаруда талдамалы есеп материалдарын ішінара талдайды; 
- корпоративтік бизнес-білім беру ұйымдарын құру тәжірибесі орташа; 
-өзін-өзі ұйымдастыру және инновациялық қызметке дайындығы орташа. 
Жоғары деңгей:
болашақ кәсіби іс-әрекетіне қажетті теориялық білімін 
тәжірибелік іс-әрекетте жүйелі және тиімді пайдалануын жетік білуге, 
шығармашылық топтарда кәсіби құзыреттілігіне қойылған талаптар мен 
сұраныстарды орындаудағы талпынысы жоғары, өз бетінше педагогикалық 
ұжымдарда жеке тұлға мен ұжым арасындағы серіктестік қарым-қатынас пен 
диалогты дамытуда корпоративтік мәдениеті жоғары деңгейде қалыптасқан.
Білім беру менеджерлерінің кәсіби білім беру үдерісінде қалыптастырылған 
жоғары деңгейіне
сәйкес келетін іскерліктер: 
- кәсіби білім деңгейін тереңдету мақсатында білім беру ұйымын 
басқаруға қажетті ғылыми ізденіс жүргізуге талпынысы жоғары; 
-қызметкерлердің 
қажеттіліктерін 
қанағаттандыруға 
бағытталған 
мақсаттар мен міндеттер шешімін 
жобалау 
қабілеті жоғары;


114 
- қызметкерлер арасындағы функциялары мен жауапкершілікті бөле алмайды, өз 
қызметін тиімді 
ұйымдастыру 
қабілеті жоғары; 
- кадрлар іскерлігі, жеке қасиеттері мен ұйымның барлық бөлімдері 
қызметкерлері арасындағы атқарылған жұмыс нәтижелерін 
үйлестіру 
қабілеті
жоғары; 
- персоналдың шығармашылық әлеуетін 
ынталандыру
және өзін-өзі дамыту 
үшін жоғары деңгейде жағдай жасай алады; 
- бақылау өлшемдерін әзірлей алады,
бақылау 
әдістерін қолдану тәжірибесі 
жоғары, туындаған мәселелердің нақты шешімін шығара алады; 
- мектепті басқаруда талдамалы есеп материалдарын жоғары деңгейде 
талдау жүргізеді; 
- корпоративтік бизнес-білім беру ұйымдарын құру тәжірибесі жоғары; 
-өзін-өзі ұйымдастыру және инновациялық қызметке дайындығы жоғары. 
Біз ұсынған қызметтік-үдерістік модель компоненттерінің мазмұндық 
сипаты болашақ білім беру менеджерлерін кәсіби даярлау жүйесін жан-жақты 
жетілдіруге бағытталып, зерттеу идеясын оңтайландыру мәселесі бойынша осы 
қарастырылған проблеманың шешімін табуда білім беру бағдарламасын 
ұсынуда әмбебап мақсатын көздеуге, жобалаудың дидактикалық негіздерін 
қамтамасыз етуге, білім менеджері қызметін жобалу, ұйымдастыру, үйлестіру, 
ынталандыру, бақылау мәселелер шешімін табуға бағыт-бағдар береді. 
Модельде ұсынылған деңгейлерді қалыптастыру үшін теориялық және 
практикалық дайындық жүйесі бәсекеге қабілетті, кәсіби шығармашылығы мен 
кәсіби шеберлігі қалыптасқан маман дайындауды қамтамасыз етеді. Ал ол біз 
ұсынған білім беру бағдарламасы арқылы арнайы қамтамасыз етілетін оқу-
әдістемелік кешендер мазмұны, оқу-әдістемелік нұсқаулары, элективті курс 
бағдарламалары, қосымша материалдар даярлау негізінде жүзеге асырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет