115
қарастыруға мүмкіндік
береді Сондай-ақ, қазіргі білім беру менеджеріне
қойылатын жалпы кәсіби талаптар анықталып талданды,
әрі қарай білім беру
менеджерін дайындаудың қызметтік-үдерістік моделі жасалды.
Модель мақсаттық, ұйымдастыру-педагогикалық,
мазмұндық-әрекеттік,
жобалық-әдістемелік және нәтижелік-рефлексивтік компоненттерден тұрады.
Мақсатты компонент
ЖОО-да білім беру менеджерін дайындауды
жетілдіру және маманның басқару әрекетін
қалыптастыру міндеттерін,
ұйымдастырушылық-педагогикалық компонент
әмбебап және арнайы атты екі
құрамдас бөліктен тұратындықтан, білім беру менеджерлерін дайындаудың
кәсіптік даярлыққа бағыттылықты, мазмұнды-әрекеттік компоненті педагогика,
психология,
экономика, бойынша білім көлемін меңгеруге бағытталған және
білім алушыларға басқару әрекеті саласында теориялық және практикалық
дағдыларды меңгертетін олардың пәндік дайындығының
мазмұнын құрайтын
қосалқы жүйені, жобалау-әдістемелік компонент оқыту үдерісін жобалау
ерекшеліктерін және білім алушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру кезеңдерін,
нәтижелік-рефлексивтік компонент болашақ білім беру менеджерлерінің
құзыреттілігі жиынтығы түріндегі күтілетін нәтижелерді қамтиды.
Құрастырылған модель болашақ білім беру
менеджерлерін дайындауда
белгіленген мақсат пен олардың басқару құзыреттілігін қалыптастыруды
жүзеге асыратын нәтижені бейнелейді.