Ресейде:
Білім беру басшыларының даярлау КСРО-да, атап айтқанда,
А.И. Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университетті 1979
жылдан бастап халықтық білім беруді ұйымдастырушылардың факультеті
болып (ХББҰФ), онда «Білім беруді басқару» кәсіби қайта даярлау
бағдарламасы және «Ұйым менеджменті» мамандығы бойынша екінші жоғары
білім беру бағдарламасы, «Білім беру менеджменті» мамандануы жүзеге
асырылды. Әлеуметтік-экономикалық құрылымның өзгеруі, нарықтық
басқаруға көшу "білім беруді басқару" дайындығынан "білім берудегі
менеджментке"көшуді анықтады. Бұл 2000 жылдардың басында болды. Білім
беру менеджерлерін даярлау деңгейіне қойылатын заманауи талаптар келесідей
құжаттармен анықталады:
121
А.
2009 ж. 14 тамыздағы №593-і
бұйрығымен бекітілген
Ресей
федерациясының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму
министрлігінің
Басшылардың,
мамандар
мен
қызметшілердің
бірыңғай
біліктілік
анықтамалығы:
–
кәсіби құзыреттілік;
–
коммуникативтік құзыреттілік;
–
ақпараттық құзыреттілік;
–
құқықтық құзыреттілік.
Б. "Білім беру ұйымының басшысы" кәсіби стандартының талаптарына сәй-
кес келесі жалпыланған еңбек функцияларын орындауға дайындықты қамтиды:
–
ұйымды және оның дамуын басқару
–
ұйымдағы жобаларды (үдерістерді) басқару
–
ұйымдағы технологияларды басқару
–
ұйымдағы жұмыстарды басқару
Дегенмен, ұйымдарды басқарудың шынайы тәжірибесітұрғысынан, бұл
талаптар жедел жетекшілікті жүзеге асыру білігіне көбірек байланысты, ол
ресурстар мен қаржылық-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болмаған
жағдайда қойылған мақсатқа жетуге бағытталған.
Сарапшылар менеджер мен басқарушы ұғымдарының арасында
айтарлықтай айырмашылық көрмейді, бұл сөздер синоним болып келеді, бірақ
жалпы семантика бойынша "басқару" ұғымының "менеджмент" ұғымына
қарағанда аясы кең. Себебі білім беру тәжірибелік тұрғыда нарық субъектісі
болып табылмайды, кез келген жағдайда жалпы, немесе менеджмент
ұстанымдарының тек бөліктері ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
Даярлау жүйесі басқарушы-менеджерге, ал тәжірибе - нормативті
жетекшіге бағдарланған, ол директивтің ең жоғары бөлігінен түсетін
тапсырысты тиімді орындайды. Соған байланысты, даярлау жүйесінде жоғары
оқу орны мен жұмыс берушілердің өзара байланыс үдерісін ретке келтіру,
іргелі теориялық даярлық пен тәжірибелік шындығымен үйлестіруге және т.б.
мүмкіндік беретін білім үдерісін құру мәселелері өзекті.
Білім менеджерлерінің қызметіндегі қиындықтар деп көрсететіндері:
белгісіз нормативті-құқықтық база (заңдар емес, заң ішіндегі актілер шынайы
күшінде сол немесе басқа ұсыныс аймағында қабылдау); материалдық ынталан-
дыру үшін қорлардың жоқтығы; есеп берудің көптігі; жоғырадан келетін іс-шар-
алардың көптігі, мектептің шынайы тәжірибе жұмысына жиі қосымша болатын-
дықтан артық болып табылады; мамандар жетіспеушілігінде шаруашылық
қызметтердің көбін орындай алатын білім берудің басқарушыларына жүктеу.
Сонымен қатар, Ресейде "Білімді ұйымдастыру басшысы" кәсіби
стандарты жасалған, дегенмен әлі күшіне енбеді және келесідей жалпыланған
еңбек функцияларын орындауға даярлықтардан тұрады: Ұйымды және оның
дамуын басқару; Білімдегі жобаларды (үдерістерді) басқару; Білімдегі
технологияларды басқару; Білім берудегі қызметтерді басқару.
Білім менеджерінің функционалды міндеттеріне, кәсіби стандартта
анықталғандай, 52 еңбек қызметтерінен тұратын 4 еңбек функциялары кіреді.
122
Жоспарлау функциясы – билік ету, бұйрықтар, ұсыныстар, оқу-тәрбие үдерісін
жоспарлау, стратегиялық жоспарлау, кадрлық жоспарлау, шығыстарды
жоспарлау және т.с.с. Ұйымдастыру функциясы–қабылданған шешімді
(жоспарды) атқарушыға дейін жеткізу, сол шешімді орындау мүмкіндігін
материалдық-техникалық
қамтамасыз
ету,
қабылданған
шешімді
бағынушылардың қажеттіліктерімен және мақсаттарымен сәйкестендіру,
өкілеттілікітерді бөлу. Мотивациялау функциясы – мотивация және
ынталандыру жүйесін жасау. Бақылау функциясы – оқу-тәрбие үдерісінің
барысы және нәтижелері жайлы ақпаратты алу мен қайта өңдеу үдерісі және
соның негізінде сәйкес басқарушылық шешімдерді қабылдау (бақылау, зерттеу,
талдау, диагностика орындаушылар қызметінің тиімділігін бағалау).
Әдістемелік құрал даярлау жүйесі бағдарлануы қажет болатын негізгі
құзыреттіктер: Стратегиялық жоспарлау, жүйелік ойлау; Soft skills (лидерлік
және басшылық қасиеттер, команда жұмысын ұйымдастыру дағдылары және
т.б.); Шешім қабылдай алу білігі (қысым, белгісіздік және т.б. жағдайларда да);
Бейімділік, икемдік, өзгерістерді басқару; Нәтижеге бағдарлану.
Білім менеджерлерін даярлау мазмұнын жобалаудың жаңа ұстаным-
дарына кіреді: Әлеуметтік серіктестікті талап ретінде ендіру (білім
бағдарламасын жоспарлау мен жүзеге асыру үдерісіне жұмыс берушілерді
тарту
қажеттігі);
Оқыту
үдерісінде
қолданылатын
педагогикалық
технологияларды қайта қарау (интер белсенді формалар жағына қарай ауысуды
жалғастыру); Soft skills дамуына басымдық беру; Жобалық тәсіл; Дәріс
сабақтарының пайызын азайту; Цифрландыру.
Өкінішке орай, даярлау сапасын бағалауда сарапшылардың пікірі әрқалай
болды. Сонымен, стратегиялық және инновациялық блок тәжірибеде
айтарлықтай сұранысқа ие емес, себебі ӘҚ басшылары оперативті міндеттер
шешімін "жұтып жібереді", бұл өз кезегінде, білім ұйымдарындағы, әсіресе
орта білім беруде, басқару аппараты аз санды және есеп берушілікке жүк-
телгендігімен қиын. Жұмыс берушілер даярлау сапасын емес, басшылардың
ағымдық міндеттерді шешу қабілетін бағалайды. Дегенмен, білімдік-ғылыми
және өндірістік қызметтердің әлсіз интеграциясы теорияның тәжірибеден
алшақтауына алып келетінін сарапшылар бір ауыздан құптайды. Жұмыс
берушілердің Қазақстандағы секілді мазмұнды жобалауға қатысуы: жұмыс
берушілер білім бағдарламаларын рецензиялайды, студенттерді тәжірибеге
қабылдайды, қорытынды аттестацияға қатысады. Бірақ, мазмұнды жобалауға
шынайы қатысу әлсіз және де әдетте ол формалды сипатқа ие болып келеді
[160].
Біз жүргізген Қазақстанда және Литва мемлекетіндегі білім беру
менеджерін дайындайтын жоғары оқу орындарына салыстырмалы талдау
нәтижелерін жинақтап, жүзеге асырылып келетін білім беру бағдарламаларын
топтастыруға талпыныс жасадық. Нәтижесінде Қазақстандағы «Білім берудегі
менеджмент» білім беру бағдарламаларының бағыттарын төмендегі сурет
арқылы сипаттадық.
Литва мемлекетіндегі бірнеше жоғары оқу орындары Менеджмент және
экономика, Витаутас Магнус, Шауляй, Вильнюс, Миколас Рёмерис, Клайпед
университеттерінде түрлі атаулармен «Білім берудегі менеджмент» білім беру
123
бағдарламалары іске асырылып келетіні 6-суретте нәтижелі берілді. Білім
берудегі көшбасшылық Білім беруді басқару және көшбасшылық, Саясат және
білім беру мен ғылымды басқару. Білім беруді басқару, Білім беру саласындағы
саясат және басқару
а
ә
а – Қазақстандағы білім беру менеджерлерін дайындаудағы білім беру бағдарламалары;
ә – Литвадағы білім беру менеджерлерін дайындаудағы білім беру бағдарламалары
Сурет 6 – Қазақстан мен Литва мемлекеттеріндегі білім беру бағдарламалары
6-суреттерде берілгендей, «Білім берудегі менеджмент» білім беру
бағдарламалары үш бағытта дайындалатыны анықталды. Мәселен, «Білім»
бағыты бойынша 7М0101 – Педагогикалық ғылымдар мен білім саласындағы
ғылыми-педагогикалық бағытта Қазақстандағы 6 жоғары оқу орындарында
«Білім берудегі менеджмент» атты білім беру бағдарламасы жүзеге асырылып
келетіні көрініс алып отыр. Салыстырмалы талдау барысында Қазақстан, Литва
мемлекеттерінде «Білім берудегі менеджмент» білім бағдарламаларының
дайындау бағыты, мақсаты, құрылымы, мазмұнына, кредит көлемі арасындағы
айырмашылықтар мен ерекшеліктері бар екені анықталды.
Мәселен, Литва мемлекетіндегі білім беру бағдарламаларының ерекше
сипаты білім беру көшбасшылыққа басымдық беруінде. Көшбасшылық барлық
білім саласындағы бағдарламаларының мазмұндық құрылымы мемлекетінің
білім беру бағдарламаларының ерекше мазмұны.
Зерттеу жұмысында Қазақстандағы жоғары білім беруді басқарудың
ортақ жүйесінде тіркеуден және сараптамадан өткізілген «Білім беру
менеджмент» білім беру бағдарламалары туралы ЖОО және білім беру бағыты
туралы ақпарат алтыншы кестеде көрсетілген.
124
Кесте 6 – Қазақстандағы «Білім беру менедженті» білім беру бағдарламалары
Университет
Білім саласы
Дайындық
бағыты
Білім беру
бағдарлама
сының тобы
Білім беру
бағдарламасы
1
2
3
4
5
Қазтұтынуодағы
Қарағанды
экономикалық
университет
6B03 әлеуметтік
ғылымдаржурнал
истика және
ақпарат білім
6B031
Әлеуметтік
ғылымдар
B041
Психология
6B03102
Психология және
білім берудегі
менеджмент
әл-Фараби
атындағы Қазақ
Ұлттық
университеті
7M01
Педагогикалық
ғылымдар
7M011
Педагогика
және
психология
M001
Педагогика
және
психология
7M01105
Педагогика. Білім
берудегі
менеджмент
Х.Досмұхамедов
атындағы Атырау
университеті
7M01
Педагогикалық
ғылымдар
7M013
Пәндік
маманданд
ырылмаған
педагогтар
ды даярлау
M003 Пәнсіз
мамандандыры
лған
педагогтерді
даярлау
7M01301 Білім
берудегі
менеджмен
М.Әуезов
атындағы
Оңтүстік
Қазақстан
университеті
7M01
Педагогикалық
ғылымдар
7M011
Педагогика
және
психология
M001
Педагогика
және
психология
7M01113 Білім
берудегі
менеджмент
Абай атындағы
Қазақ ұлттық
педагогикалық
университеті
7M01
Педагогикалық
ғылымдар
M011
Педагогика
және
психология
M001
Педагогика
және
психология
7M01101
Педагогика және
психология (Білім
берудегі
менеджмент
Ш.Есенов
атындағы Каспий
технологиялар
және инжиниринг
университеті
7M01
Педагогикалық
ғылымдар
7M011
Педагогика
және
психология
M001
Педагогика
және
психология
7M01102 Білім
берудегі
менеджмент
«Тұран-Астана»
университеті
7M01
Педагогикалық
ғылымдар
7M011
Педагогика
және
психология
M001
Педагогика
және
психология
7M01104 Білім
берудегі
менеджмент HN
Астана
халықаралық
университеті
8D04 Бизнес,
басқару және
құқық
8D041
Бизнес және
басқару
D072
Менеджмент
және басқару
8D04103 Білім
берудегі
менеджмент
Абай атындағы
Қазақ ұлттық
педагогикалық
университеті
8D01
Педагогикалық
ғылымдар
8D011
Педагогика
және
психология
D001
Педагогика
және
психология
8D01101
Педагогика және
психология (Білім
берудегі
менеджмент)
С.Сейфуллин
атындағы Қазақ
агротехни калық
8D01
Педагогикалық
ғылымдар
8D014
Жалпы
дамудың
D008 Кәсіптік
оқыту
педагогтерін
8D01401
Техникалық және
кәсіптік білім
125
6-кестенің жалғасы
1
2
3
4
5
университеті
пәндік
мамандан
дырылған
педагогтар
ды даярлау
даярлау
берудегі
менеджмент
Қазақстанда білім беру менеджерлерін дайындау мәселесі 6-кестеде
көрсетілгендей бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлерінде
жүзеге асырылады. Кестеге талдау жасайтын болсақ, төмендегі диаграмма
көрсеткендей басқару саласында қазіргі таңда білім саласында білім беру
менеджерлерін дайындау мәселесі басымдық танытып отырғандығын көруге
болады. Мәліметтер білім беруді орталық басқару жүйесінен алынған.
Сурет 7 – Қазақстанда білім беру менеджерлерін дайындау бағыттары
Нақты деректерге сүйенсек, жалпы арнайы білім беру менеджерін
дайындайтын жоғары оқу белгіленбегені байқалады. Екі мемлекетте де білім
беру бағдарламаларының бағыттары 7 суретте магистратура мен докторантура
сатыларында жоспарланып, ғылыми-педагогикалық, кәсіби және білім
саласында енгізілген, олардың пайыздық көрсеткіштері 1,7% дан 43,1% пайызға
дейін барады (7-сурет). Бұл салыстырмалы талдау, бізге жалпы екі мемлекетте
білім менеджерін дайындау мәселесі үстірт, жүйелі ұйымдастырылмағанын
анықтауға мүмкіндік береді.
Сонымен, екі мемлекеттің жоғары оқу орындарында білім менеджерін
дайындау мәселесі әлі де тиянақты зерттеулер жүргізуді талап ететіні айғақ.
126
Біздің зерттеу жұмысымыздың нысанына сәйкес жүргізген салыстырмалы
талдау нәтижелері болашақ маман дайындау жүйесін құруда білім беру
менеджерлерінің қызметінде басқаруды жобалау, ұйымдастыру, үйлестіру,
ынталандыру, бақылау тәжірибесін жинақтауға бағыт-бағдар беретін жаңа
бағыттағы білім беру бағдармаларын ұсынуды қажет етеді.
Оқушылардың үлгерім деңгейін арттыру үшін білім беру саласындағы
саясаткерлер білім беру саласындағы ең құнды ресурстарды – мұғалімдер мен
мектеп басшыларын тиімді дайындауға және үздіксіз кәсіби дамытуға назар
аударуы керек. Литваны қоса алғанда, бірқатар елдерде қысқа мерзімді және
ұзақ мерзімді оқу курстарымен қатар өндірістен қол үзбей білім беру мен
көшбасшылықты басқару бойынша дипломнан кейінгі курстар да ұсынылады.
Әр түрлі себептермен мектеп көшбасшыларын академиялық даярлаудың ұзақ
дәстүрлерімен мақтана алмайтын басқа елдер өздерінің көшбасшылық білім
беру жүйелерін дамытуда.
Біз
өз
зерттеуімізде
Қазақстандағы
мектеп
директорларының
басқарушылық құзыреттерін дамытудың басым бағыттарын айқындаудан.
Құжаттар мен оқыту модельдерін талдау білім беру және өзара оқыту
тұрғысынан ең перспективалы сала - бұл адамдарды басқарумен байланысты
құзыреттер тобы, ал оқытудың ең қолайлы түрі - магистратура екенін көрсетті.
Бірнеше таңдау сауалнамасы мектеп қызметінің үш саласында мектеп
қоғамдастығын (оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар) басқару мүмкіндіктері
туралы мектеп директорларының пікірін анықтау үшін қолданылды:
оқушылардың үлгерімін арттырудағы көшбасшылық; шешім қабылдау, мектеп
саясатын әзірлеу және мектепті жақсарту процестеріне мұғалімдердің
қатысуындағы
көшбасшылық;
ата-аналармен
қарым-қатынастағы
көшбасшылық және ата-аналардың қатысуы. Сауалнама сонымен қатар мектеп
директорларының міндеттерінің маңыздылығы және олардың білім мен
дағдыларға қажеттіліктері туралы сұрақтарды қамтыды. Нәтижелер
респонденттер мектеп қауымдастықтарын басқару мүмкіндіктері мен мектеп
өмірінің әртүрлі аспектілерін жақсарту туралы тым оптимистік көзқарасты
көрсетеді. Егер олар өздерінің мектептерін жақсартуға жеткілікті мүмкіндіктері
бар деп санаса, бұл мектепті жетілдірудің керемет қозғаушы күші. Алайда,
мектеп директорлары негізінен көшбасшылық пен мотивация саласындағы
дағдылар мен білімдердің жетіспейтіндігін айтады. Мектеп директорлары өз
жауапкершілігінің маңызды бағыттарын анықтаған кезде, әдетте, оқыту
процесіне назар аударады: оқыту сапасын бағалау, оқу бағдарламасы мен
оқытуды басқару, сонымен қатар жалпы мектептің сапасын бағалау. Оларға
қаржылық менеджмент, адами ресурстарды басқару және сыртқы ортамен
қарым-қатынас онша маңызды емес болып көрінеді. Сауалнама нәтижелері
кейбір жаңа идеялар береді және құзыреттерді дамыту үшін басым салаларды
айқындау мектеп директорларын даярлау моделін одан әрі жетілдіруге ықпал
етуі мүмкін.
Сауалнама мектеп басшыларының кәсіби дамуындағы қажеттіліктерді
анықтауға көмектесе алатын дағдыларға диагностика жүргізу өтінішіне жанама
127
жауап ретінде жүргізілді. Қазақстанның әр өңірінен келген 104 мектеп
директоры пікір таңдаумен сауалнама толтырды. (Қосымша А).
Респонденттердің білім деңгейі келесідей болды: 2% – магистр дәрежесі,
35% – маманның жоғары білім туралы дипломы, 49% – бакалавр дәрежесі, 14%
– басқа. Сауалнаманың мақсаты мектеп қызметінің үш саласында мектеп
қоғамдастығы мүшелерін (оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар) басқару
мүмкіндіктері туралы мектеп директорларының пікірін анықтау болды:
– оқушылардың үлгерімін арттырудағы көшбасшылық;
– шешім қабылдауға, мектеп саясатын әзірлеуге және мектеп білімін
жақсартуға мұғалімдердің қатысуындағы көшбасшылық;
– ата-аналармен қарым-қатынастағы көшбасшылық және ата-аналарды
тарту.
Сонымен қатар сауалнама мектеп директорларын міндеттерінің
маңыздылығы және білім мен дағдылардың қажеттілігі туралы мәселелерді
қамтыды.
Достарыңызбен бөлісу: |