Есенова камчат аугажыевна



Pdf көрінісі
бет48/75
Дата29.10.2023
өлшемі7,45 Mb.
#121142
түріДиссертация
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   75
Байланысты:
6D010300 ДИССЕРТАЦИЯ ЕСЕНОВА К.А.

Бағалау әдістері.
Оқу бағдарламасын басқаруды жазбаша түрде 
модельдеу; Талқылауға қатысу; Эссе (1500 сөз). Оқу бағдарламасын талдау 
презентациясы; Курстың оқу жоспары. Оқулыққа шолу. 
Курстың үлгілік мазмұны 
Оқу бағдарламасын модельдеу. Оқу бағдарламасын дамытудың жаһандық 
және жергілікті контексті. Оқу жоспарларын жоспарлау, ұйымдастыру, бағалау 
және талдау ретінде басқару. 
Оқу 
жоспарының 
тұжырымдамасы 
мен 
типологиясы. 
Білім 
мазмұнындағы өзгерістер: septem artes liberalis-тен заманауи модульдік оқу 
бағдарламасына дейін. Оқу парадигмасынан оқыту парадигмасына дейін.
Оқу жоспарының әдіснамасы және басқарудың идеялық-саяси 
аспектілері, ғылымды қажетсінетін және шығармашылық қоғамда білім беру 
мазмұнын қалыптастыру және әкімшілендіру. Білім беру контентінің саясаты 
негізінде және теориялық парадигмалардың өзгеруі контексінде білім беру 
мазмұнын стратегиялық жоспарлау.
Оқу бағдарламасын модельдеу (мақсаттары, міндеттері, білімі, қабілеті, 
құзыреттілігі, құндылық қондырғылары, әдістері, жетістіктерді бағалау). 
Оқу бағдарламаларын құрудың және оларды басқарудың дәстүрлі және 
қазіргі заманғы орталықтандырылған және орталықсыздандырылған үлгілері. 
Жалпы және жеке бағдарламалар: жоспарлау және ұйымдастыру. Нақты 
нәтижелерге бағытталған оқу бағдарламасы. 
Жасырын оқу жоспары. Оқу бағдарламасының сыни тұжырымдамасы. 
Оқу жоспары және мәдени түрде жеткізу (Бурдье, Бернштейн, Фуко). Жалпы 


138 
оқу бағдарламасы және емтихан бағдарламалары. Оқу дағдылары мен 
оқушыларды оқыту. 
Оқу-әдістемелік құралдар мен оқыту әдістемелерінің кешендері 
бағытталады: 1) ақпаратты іздеу; 2) тұлғаның дамуы; 3) әлеуметтік дағдыларды 
оқыту; 4) мінез-құлық үлгілерін меңгеру. Оқулықтар, мұғалім кітаптары және 
әдістемелік құралдар: қағида мен сын. Заманауи білім беру әдістерінің 
теориясы және оларды ұйымдастыру тәсілдері: диалог әдісі, нарративті 
интерпретациялау және құру әдістері, метафорикалық ойлауды дамыту әдісі, 
эссе, концепт-карталау, зияткерлік және лингвистикалық ойындар, мәселелерді 
шешудің әдістері мен жобалары, визуалды оқыту әдістері. Мазмұнды өзгертуге 
және басқаруға әсер ету. Оқытушы білім беру мазмұнының сарапшысы ретінде: 
өткен және қазіргі уақытта. 
Мектеп ұйымдары реформаларға, өзгерістерге және жаңаруға ұмтылудан, 
қызмет нәтижесіндегі олқылықтардан, білім саласындағы жетістіктерден 
туындайтын процестерді жетілдіруге қатысады.
Біз ұсынған білім беру бағдарламасының модульдік құрылымы білім беру 
менеджерінің 
басқарушылық-ұйымдастырушылық 
аспектідегі 
деңгейін 
қалыптастыруға, болашақ кәсіби дайындығын жетілдіруге, тәжірибе жүзінде 
мектептің ұйымдастыру жұмысын реттеуге бағыт-бағдар береді.
Сонымен бар ұйымды және дайындық мазмұнын, сондай-ақ Литвадағы 
білім менеджерлерін даярлау жүйесін мұқият талдау, оларды салыстыру, және 
ерекше жағдайларды анықтау негізінде біз әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық 
универсиетінде жүргізілген тәжірибелік-педагогикалық жұмыс нәтижесінде 
магистратура деңгейінде кәсіби стандартты негізге ала отырып 7М01105-
Педагогика. Білім берудегі менеджмент білім беру бағдарламасын 
құрастырылып 
іс-жүзінде 
жүргізілуде. 
Қазіргі 
таңда 
білім 
беру 
бағдарламасында 15 магистрант білім алуда.
Білім беру бағдарламасында білім алушы магистранттардың теориялық 
білімдерін анықтау барысында 2020ж. қабылданған 13 магистрантқа 
тәжірибелік эксперимент жүргізілді.
Анықтау 
эксперименті 
барысында 
білім 
менеджерінің 
кәсіби 
дайындығының қызметтік-үдерістік модель компоненттерінің негізінде әл-
Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 7М01105 – «Педагогика. Білім 
беру менеджменті» және 7М01101 – «Педагогика және психология» 
мамандығы білім 
алушыларының 
кәсіби 
дайындығын 
білім беру 
бағдарламасында білім алушыларға теориялық білімдерінің нәтижесін 
өткізілген пәндер бойынша анықтау мақсатында магистранттармен әңгіме 
сұхбат жүргізілді. Әңгімелесу барысында келесі сұрақтар қойылды:
1.
Сіздер таңдаған білім беру бағдарламасы сізге қаншалықты ұнады? 
2.
Еліміздегі білім беруді басқару жүйесінің тиімділігін арттырудың 
жолдары туралы өз ойларыңызды айтсаңыздар. 
3.
Білім беруді басқарудың технологияларын меңгере алдыңыздар ма?. 
4.
Коучинг ұғымының мәнін қалай түсінесіз? 


139 
5.
Болашақ басшы ретінде кадр саясатына сіздің көзқарасыңыз? 
6.
Кадрлық жоспарлау мен саясат туралы пікіріңіз.
7.
Қызметкерлерді ынталандыру жолдарын меңгере алдыңыз ба? 
8.
Кәсіби құзіреттілік туралы пікіріңіз. 
9.
Білім беру менеджерлерінің бойындағы кәсіби қабілеттер. 
10.
Орта білім сапасын арттырудағы жолдарын меңгере алдыңыздар ма? 
11.
Екі жылда алған теориялық білімдер сіздің мектеп басшысы болып 
қызмет етуіңізге жеткілікті ме? 
Педагогика. Білім берудегі менеджмент білім беру бағдарламасымен 
білім 
алушы 
магистранттарымен 
теориялық 
білімдеріне 
деген 
қанағаттанушылықтарын анықтау барысында сұхбат жүргізілді. Сұхбат 
барысында магистранттар өз ойларымен бөлісті, алған теориялық білімдері 
туралы ой бөлісті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет