140
Сурет 11 Анықтау экспериментінің нәтижесі
Білім алушылармен жүргізген анықтау экспериментінің нәтижесі бойынша
білім берудегі менеджерлерді дайындаудың қайшылықтары айқындалды:
- білім менеджерінің көшбасшылық қабілеттерін талдай алмауы;
- білім беруді ұйымдастырудағы персоналды басқару және кадр саясаты
туралы түсінігі төмен екендігі;
-білім беру ұйымдары оқу-тәрбие іс-әрекетінің үздіксіз
жұмыс атқаруын
қамтамасыз ете алу қабілеттерінің жеткіліксіздігі;
-ұжымның ұйымдастырушылық педагогикалық шарттарын өз дәрежесінде
талдай алмауы;
-персоналды басқару мәселелеріне қатысты нақты шешім қабылдай
алмауы;
- мектептің стратегиялық жоспарын құруда олқылықтарды жою үшін
практикалық стратегияларды қолдана алмауы.
Осы мәселелердің шешімін табу мақсатында біз зерттеу жұмысымыздың
қалыптастыру экспериментін 7М01105 – «Педагогика. Білім беру менеджменті»
бағдарламасының мазмұнында көрсетілген «Білім
беруді ұйымдастырудағы
персоналды басқару және кадр саясаты», «Білім берудегі басқару әдістері және
коучинг бойынша практикум», «Орта білім беру сапасын арттырудағы зерттеу
қызметі», «Білім берудегі Прожект-менеджмент» пәндері негізінде жүргіздік.
Яғни, «Білім беруді ұйымдастырудағы персоналды басқару және кадр саясаты»,
пәні бойынша білім беру ұйымдарында кадр саясатының заманауи әдістері мен
құралдарын жалпылау және түсіндіру, персоналды технологияларды пайдалану
қабілетін қалыптастыру мақсатында сабақтар ұйымдастырылды. «Білім
берудегі басқару әдістері және коучинг бойынша практикум» пәні бойынша
ғылыми зерттеушілік және оқу-зерттеушілік жұмысты басқаруға дайындау,
зерттеу
жобасын құруға бағыттау, педагогикалық-психологиялық жобалаудың
теориясы мен технологиясын меңгерту арқылы кәсіби құзіреттілігін
қалыптастыру
мақсатында вебинар, тренингтер өткізілді. «Орта білім беру
141
сапасын арттырудағы зерттеу қызметі» пәні бойынша білім беру үрдісінің
тиімділігін және білім сапасын арттыру үшін мектепте Action Research өткізу
қабілетін қалыптастыру мақсатында теориялық саминарлар жүргізілді.
Эксперимент жұмысының үшінші,
бақылау кезеңінде
жасалған жұмыстың
тиімділігін анықтау үшін 7М01105 – «Педагогика. Білім беру менеджменті»
және 7М01101 – «Педагогика және психология»
мамандығы білім
алушылардың сабақтарына қатысып, сұрақ-жауап, әңгімелесулер өткіздік.
Тексерулер қорытындысы бойынша білім алушылардың басқарушылық
қабілеттерінің анағұрлым қалыптасқаны; білім беру парадигмалары, оқытудағы
жобалау әдістері, білім берудегі
коучингтің оқу әрекеті, зерттеу әрекетін
жоспарлау туралы білімдерінің әлде қайда дамығандығын байқатты. Сондай-ақ,
персоналды басқару тұжырымдамасының қазіргі заманғы тәсілдерін,
қызметкерлердің кәсіби жарамдылығын диагностикалау әдістерін меңгергендігі
анықталды.
Достарыңызбен бөлісу: