Есенова камчат аугажыевна


Кесте – 8 Бақылау эксперименті  N



Pdf көрінісі
бет50/75
Дата29.10.2023
өлшемі7,45 Mb.
#121142
түріДиссертация
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   75
Байланысты:
6D010300 ДИССЕРТАЦИЯ ЕСЕНОВА К.А.

Кесте – 8
Бақылау эксперименті 

 
 
 
 
 
Өлшемдері 
Эксперменттік топ 
7М01105 – «Педагогика. 
Білім беру менеджменті»
 
Бақылау тобы 
7М01101 – «Педагогика және 
психология»
 
Білім алуш
ылар
сан
ы
 13
 

ж/д 

о/д

т/д 
 
Білім алуш
ылар
сан
ы 
 14

ж/д 

о/д

т/д 
 
 
 
 
 
 
1 Мазмұндық-іс-
әрекеттік
13 

23% 

69% 

8% 
14 

14% 

57% 

29 % 
2 Ұйымдастырушылық-
педагогикалық
13 

23% 

69% 

8% 
14 

29% 

57% 

14 % 
3 Жобалық-әдістемелік
13 

15% 
10 
77% 

8% 
14 

21% 

50 % 

29% 
4 Нәтижелік-
рефлексивтік
13 

31% 

61% 

8% 
14 

29% 

57% 

14% 
5 Жалпы 
13 
23% 
69% 
8% 
14 
24 

55% 
21% 
Орта білім беру сапасын анықтау мен мемлекеттік стандарттар, 
бағдарламалар мен тұжырымдамалардың мазмұнын біліп, оларға талдау жасай 
алатындығын көрсетті. Бақылау экспериментінің көрсеткішін көрсетер болсақ. 


142 
Сурет 12 Бақылау экспериментінің нәтижесі 
Егер тәжірибелік экспериментке дейін эксперименттік топтардың жоғары 
білім деңгейін тек 19% көрсетсе, тәжірибелік эксперименттен кейін аталмыш 
деңгей көрсеткіші 23%-ға дейін көтерілді. Орта білім деңгейіндегі 50% дан
69%-ға дейін жоғарлады. Ал төменгі білім деңгейі 31% -дан 8-%ға дейін
төмендеді. Бақылау топтарында айтарлықтай өзгерістер байқалмады.
Білім беру 7М01105 – «Педагогика. Білім беру менеджменті»
бағдарламасының мазмұнында көрсетілген «Білім беруді ұйымдастырудағы 
персоналды басқару және кадр саясаты», «Білім берудегі басқару әдістері және 
коучинг бойынша практикум», «Орта білім беру сапасын арттырудағы зерттеу 
қызметі» пәндері негізінде жүргіздік. Яғни, «Білім беруді ұйымдастырудағы 
персоналды басқару және кадр саясаты» пәні бойынша білім беру ұйымдарында 
кадр саясатының заманауи әдістері мен құралдарын жалпылау және түсіндіру, 
персоналды технологияларды пайдалану қабілетін қалыптастыру, «Білім 
берудегі басқару әдістері және коучинг бойынша практикум» пәні бойынша 
ғылыми зерттеушілік және оқу-зерттеушілік жұмысты басқаруға дайындау, 
зерттеу жобасын құруға бағыттау, педагогикалық-психологиялық жобалаудың 
теориясы мен технологиясын меңгерту арқылы кәсіби құзіреттілігін 
қалыптастыру, «Орта білім беру сапасын арттырудағы зерттеу қызметі» пәні 
бойынша білім беру үрдісінің тиімділігін және білім сапасын арттыру үшін 
мектепте Action Research өткізу қабілетін қалыптастыру мақсатында 
құрастырылған сауаланама нәтижесінде білім алушылардың басқарушылық 
қабілеттерінің анағұрлым қалыптасқаны; білім беру парадигмалары, оқытудағы 
жобалау әдістері, білім берудегі коучингтің оқу әрекеті, зерттеу әрекетін 
жоспарлау туралы білімдерінің әлде қайда дамығандығын байқатты. Сондай-ақ, 
персоналды басқару тұжырымдамасының қазіргі заманғы тәсілдерін, 
қызметкерлердің кәсіби жарамдылығын диагностикалау әдістерін меңгергендігі 
анықталды. Орта білім беру сапасын анықтау мен мемлекеттік стандарттар, 


143 
бағдарламалар мен тұжырымдамалардың мазмұнын біліп, оларға талдау жасай 
алатындығын көрсетті.
Білім беру менеджерлерін дайындау жүйесінде ұсынылған білім беру 
бағдарламалары, оның мазмұнына жүргізілген сарапшылар тобының жұмыс 
нәтижелері, білім алушы магистранттардың жағдаяттық тапсырмалар жүйесін 
меңгеру мазмұнын тәжірибелік-педагогикалық жұмыс барысында сынақтан 
өткізілді. Оның нәтижесінде тәжірибелік эксперимент қорытындыларын былайша 
тұжырым жасауға болады: 
- білім менеджерінің басқарушылық-ұйымдастырушылық құзыреттілігін 
қалыптастыру үшін біз ұсынған «Білім беру менеджменті» білім беру 
бағдарламасының мақсат-міндеттеріне сәйкес модульдік құрылым негізінде 
сауалнама сұрақтарына жауап алынып, нәтижелері өңделді; 
- білім беру ұйымдарын басқарушы мамандарының академиялық 
дәрежелері мен басқарушылық құзыреттілігінің заманауи қоғам талаптары мен 
нарық сұраныстарына сәйкестігін тексеру мақсатында алынған сауалнама 
сұрақтары ұсынылып, оның нәтижелері өңдеуден өтті; 
-білім беру менеджменті бағдарламаларының әр мемлекетте орын алуы, 
арнайы сарапшылыр тобының жұмыс нәтижелері арқылы салыстырмалы 
талдау жүргізіліп, Қазақстан Республикасы мен Литва мемлекетінде аталған 
маман дайындау бағыттары анықталып, озық тәжірибелері басшылыққа 
алынды; 
- Білім беру бағдарламасының мазмұнын білім алушылар меңгеретін оқыту 
нәтижелері мен күтілетін білім жетістіктерінің сапалық көрсеткіштерін 
жетілдіру мақсатында тәжірибеде енгізілген жаңа пәндерді оқыту барысында
пән оқытушыларымен силлабус және жағдаяттық тапсырмалар жүйесі 
жасақталды. 
Тәжірибелік эксперимент нәтижелері көрсеткендей, білім менеджелерінің 
басқарушылық-ұйымдастырушылық құзыреттілігін қалыптасуын қамтамасыз етуде 
тәжірибе жүзінде сауалнамаға жүргізіліп, осы бағыттағы тапсырмаларды 
орындауы, зерттеу нәтижелеріне талдау, математикалық өңдеу жұмыстарына 
қорытындылар жасалды. Нәтижесінде, алынған өңдеу материалдары ұсынылған 
құрылымдық-үдерістік модель мақсатына сәйкес білім менеджерінің басқару
қызметті жобалау, үйлестіру, ынталдандыру, бақылау арқылы нәтижелі қызмет 
атқаруына, 
ұйымдастырушылық-басқарушылық 
құзыреттілігінің 
жүйелі 
қалыптасуына ықпал ететінін көрсетті. 
Нәтижесінде, біз жүргізген педагогикалық-тәжірибелік эксперимент 
қорытындылары алға қойылған ғылыми болжамның дұрыстығы расталып, 
дәлелденді. Келесі бөлімде жоғары оқу орындарындағы білім беру үдерісінде 
білім беру менеджерлерін дайындаудың жетілдірілген жүйесінің табысты 
қызмет жасауын қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық-педагогикалық 
шарттар ұсынылады.


144 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет